Тарақты шежірелерінің сипаттауы бойынша, Нұржан қыздың ұзатылып барған адамы жаугершілікте қайтыс болады да, ол үйіне қайтып келіп отырғанда көптен бала көтермей кеткен анасы, яғни Қарақожаның бәйбішесі босанып, Тарақтыны туады… Қарақожа қартайып, дүниеден өткен соң оның шаңырағына ие болар сүт кенжесі Тарақты үлкен ағасы – Арғынның қолында тәрбиеленеді. Қария сөздерінде Тарақтының есейе келе бүкіл Орта жүзге «Ноқта ағасы» атануының қисыны да осында, яғни оның әрі кенже, әрі бәйбіше баласы болуынан деп түсіндіріледі.
Бұл топшылаудың тарихи шындыққа сай келетініне дәлелдер баршылық. Ауызекі айтылып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан шежіренің бізге жеткен сілемі әлі бұғанасы қатпаған жас Тарақтының ағасының қамқорлығында, апасының тәрбиесімен ержеткенін баяндайды. Амал не, осы ақиқатты бұрмалаушылар нақты жағдайды білмейтінін, көбіне «дейді екенге» әуестенетінін байқатады. Біреулер Тарақтыны «Арғынның баласы» десе, Қазақ совет энциклопедиясында «қыздан туған жиен» деп шатастырады. Мұны айтушылардың ел тарихынан хабары шамалы ма дейміз. Әйтпесе, қазақ жиенін қанша жақсы көрсе де ел басқартқан емес. Бір тайпаның билік тізгінін жиенге ұстату деген әдет-ғұрыпта атымен жоқ. Бұған қосарымыз: жол-жоралғыда топ бастау, билер пәтуәға келе алмаған үлкен дау-дамайда кесімді шешім айту, тек «Ноқта ағасының» құзырлы да мәртебелі борышы саналған. Міне, осы тиянақты уәжге тоқтамау ағайынды көре алмайтындардың құр сандырағы демеске амал жоқ.
Сонымен ел жадындағы ежелгі тарихқа жүгінсек, Қарақожаның шаңырағы кенжесі Тарақтыда қалады. Ол жолы үлкен мұрагер. Осы себептен Тарақты бүкіл Арғынның (бұл Орта жүздің жиынтық аты) «Ноқта ағасы» болып саналады. Билік айту да, сыбаға алу да соның жолы. Басқа Орта жүз оған әрқашан да құрметпен қарайды. Осы қағиданың Сарыарқа төрінде бұлжымай сақталып келе жатқанына қазақтың тарихы куә, елдің ата дәстүріне адалдығы куә десек, артық айтқандық емес.
Орта жүзге жататын басқа тайпа ұлыстарымен Тарақтының терезесі тең екенін, оның Арғынның бір бұтағы еместігін тарихи жәдігерлер де растайды. Қазақтың классик жазушысы Ілияс Есенберлиннің әлемге аян тарихи трилогиясы «Көшпенділерде» Тарақты ұлдарының басқа бауырларымен қатар І456 жылы дербес Қазақ мемлекетінің іргетасын қаласқаны туралы нақты фактілер келтіріледі.
Қоныс, жер жағдайына байланысты қазақты үш жүзге бөлу жайлы Жәнібек ханның заманында сөз болғаны мәлім. Ел тағдырына қатысты осы маңызды мәселені түбегейлі шешуге Тарақтылар да белсене қатысқан. Бұған байланысты Сарыарқадағы Нұраның Қаратұзы деген жерде болған алқалы жиынға: «Уақ пен Тарақтыдан – Жаубасар, Атымтай батырлар және Борық би келді» дейді жазушы Есенберлин кітабында. Сонда Орта жүзге жер ыңғайына, әдет-ғұрпы, салтына қарай Арғын, Қыпшақ, Найман, Қоңырат, Керей, Уақ, Тарақты кіреді. Осында Үш жүзге бөліну түбегейлі іске аспағанымен басқа бір маңызды мәселе шешімін тапқан. Халықтың батагөй ақсақалы Асанқайғы бабамыз ел құрамындағы негізгі руларға таңба үлестірген. Сол таңбалар Қаратұздың күңгірт нұрасына балға мен тескіш арқылы қашалған. Басты қырық рудың бірі болып Тарақты тарақ таңбасын алады.
Тарақтының шоқтығы биік тайпа болғанына тағы бір деректі әлгі кітаптан табамыз. Жөнібек ханның жарлығымен қазақ хандығы жау қолындағы Түркістан уәлаяатын қайтарып алуға шабуылға шығатын болады. Бұдан әрі І.Есенберлин былай деп жазды: «Өзінің ежелгі салты бойынша Арғын, Қыпшақ, Тарақты жасақтары Жәнібек ханның Ордасының қасында күзетте қалды». Бұл Тарақтының, Жәнібек ханның ең сенімді тіректерінің бірі болғанын айғақтаса керек.
Қарақожа бабамыз туралы да кейбір тарихи мәліметтерді де айтуды орынды деп санаймыз. Оның батырлығы мен мемлекеттік қайраткерлігі жайлы жазба әдебиеттерде бірқатар нақты деректер сақталған. Мұны білу кімге болса да қажетті.
Ескі ауыз әдебиетін зерттеуші білгіріміз Шоқан Уәлиханов: «Арғындар өздерін Қарақожадан таратады» дей келіп, мынадай тұжырым жасапты: «…Не известно где находится могила Токтамыша?… Каракоджа был посланником от Токтамыша к Темирлану. Кург
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Комментарии 1