Баяғыда әкесі тірі сақал қоймаған, бас ұстамаған қазақ едік.
Қазақ салты бойынша сақал-мұрт қоюдың жөн-жосығын білесіз бе?
Қазақ халқы сақал-мұрт қоюды жігіттік əсемдік пен ақсақалдық салауаттылықтың, өмірге деген шүкіршіліктің, қанағатшылықтың белгісі деп қараған
Алайда, сақал-мұртты қалай болса солай қоя бермеген, қайта, сақал-мұрт қоюдың өзіндік жөн-жосығы болған. Мысалы, ер азаматтар мұртты балиғатқа толғаннан балалы-шағалы болып, тұңғыш қыз ұзатып, келін түсіргенге дейін қойса, келін түсіріп, қыз ұзатып, немерелі болған соң, ресми сақал қоя ды. Ал, келін түсіріп, қыз ұзата алмағандар 50-ден асқан соң сақал қояды.
Əдетте, мұрт қойған жігіттер мұртын аузына түсірмей, əдемілеп шалғысын қайырып жүреді. Ал, сақал қойғандар, сақалды өздерінің бет пішіндеріне жарасатындай етіп қойып, əдемілеп жасап, жуып-тарап, таза ұстайды. Ешқашан кір-қожалақ, қауғадай қып өсіріп жібермейді. Қайта, сақалын ауық-ауық тарап, жасап, жарасымдылығын сақтайды. Тіпті, ел-жұрт 60-қа келгенше сақал-мұрт қоймай, бет-аузын жылмықтай қылып жүрген еркектерді "қартайғанын білмеген ақымақ" деп сылтың етеді.
Қазақ халқы сақалды ерекше қадірлейді. Жасы кіші адамдар сақалды кісілерді көргенде, оларға міндетті түрде сəлем беріп, құрмет көрсетеді. "Ақсақал" деп алдарында əдеп сақтап, кішілік, кісілік танытады. Ешқашан оғаш қылық, оқыс мінез көрсетпейді. "Сыйға – сый, сыраға – бал" дегендей, сақал қойған кісілер де сақалының салауатын сақтап, "ақсақал" деген ардақты атқа дақ түсірмеуге тырысады, Яғни, өздерін ауыл ақсақалы болдым, отбасы мен ауыл-аймақтың ұйтқысымын деп есептеп, ел алдындағы ақсақалдық парыздарын өтеп, асқақ адамгершілікпен, жомарттықпен үлгі-өнеге көрсетуге тырысады.
Қысқасы, сақалды "осы қасиетті сақалдың қадіріне жетемін, атына дақ түсірмеймін, ел-жұртыма үлгі-тағылым көрсетіп, халқымды береке-бірлікке шақырамын, пенделік былық-шылыққа бой ұрмаймын" деген кісілік қадір-қасиеті жоғары адамдар ғана қояды. Болмаса, сақалдың қадір-қасиеті қашады деп ұғынады. Сондықтан да, үлкен адамдар əбестік қылық көрсетсе, оларды "аузына ата сақалы шыққанша онысы несі" деп сөгеді. Ал, жаман іс-қимыл көрсетсе, "анау аузыңдағы сақал ма, не?! Сақалды басыңмен ұялсаң болмай ма?!" деп қатаң жазғырады.
Сақал-мұрт қою ер адамдардың жауапкершілік жəне борыштылық сезімдерін күшейтіп, адамдарды ізгілікке, тектілікке, тазалыққа баулып, асқақ адамгершілікке дағдыландырады. Ер-азаматтардың ел-жұрт арасындағы беделін көтеріп, қадір-қасиетін арттырады.
Кәзіргі заманда мұрты жоқ сақалдылар көбейіп кетті.Бұрынғы әкесі бар әкелеріміз бас ұстауға қорқатын еді..енді ше ?қатында,қызда,балада басты ойыншық қылып видеоға түсіріп кәдірін кетіріп жатыр.Ата-бабадан қалған салт-дәстірімізді сақтайық болашақ өмір иелері!
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Комментарии 11