Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері - арайлы азаттығымыздың кепілі, Елбасының Жарлығымен 4 маусым күні 1992 жылы мемлекеттік маңызы бар айтулы даталар қатарына қосылды. Бұл күн – ақталған үміт күні болып, біздің егемен Қазақстан тарихының төрінен орын алды.
Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Елтаңба, Ту, Гимн - Қазақ елінің барша болмысын, бүгіні мен ертеңін бойына сіңіріп, жүрегімізді мақтанышқа толтырады.
Осының бәрі – Қазақстанның жаңа тарихының қастерлі беттері. Отанның өзі нақ осы Тудан, Елтаңба және Гимннен бастау алады.
Халқымыз бір шаңырақ астында бақытты өмір сүріп, үміт артар жас ұрпақтың арманы биікке самғай берсін! Халқымыз аман, ел-жұртымыз тыныш, бейбіт аспан астында өмір сүре берсін!
Ж. Жандырова,
Жітіқара ауданының Құрметті азаматы,
Педагогикалық еңбек ардагері
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Нет комментариев