Ауылдастар. Жаңа жыл құтты болсын! 24.01.2021 жылы ауылда "Тәуелсіздіктің 30 жылдығына" арналған челленджді жалғастырып, ауылдастарымыз атқа мініп, туымызды желбіретеді. Ұйымдастырушылар "Туған жерім Балуан" чатында ақылдасып, шешім қабылдады. Сол чатта қаржылай да көмек қолдау көрсетілуде, ДРОН алып, әдемі видеоға түсіріп, монтаж жасауды мақсат қылып отыр. Ұйымдастырушылар, ауылдастарымыздың азаматтарының басын қосып, аруақтарға құран бағыштап, атқа мініп — ауылды аралап, туымызды желбірету арқылы — жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімді оятып, туған жерімізді, ауылымызды құрметтеуге баулу мақсатында тамаша шара ұйымдастырмақшы. Сіздерге алғыс білдіреміз.
Ауылдан адам көшкенмен,
Адамнан ауыл көшпейді!
Алға Балуан ауылының атын асқақтарар ауылдастарымыз, жастарымыз! Арландарымыз!
Осы постың астына ой пікірлеріңізді білдіре кетіңіздер!
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Комментарии 1