Жуылмайды мұң-қайғы,
Жүректе де сезімдерің тынбайды.
Кешір мені түскен үшін ортаға,
Ол жігітің,
Көз жасыңа тұрмайды.
Тұрмайды ғой,
Сипауға да шашыңнан,
Сағынышың өше қоймас,
Жасыңнан.
Жылай көрме,
Келе жатса - өзгемен,
Танымай-ақ өте берсін қасыңнан.
Сабақ беріп,
Кіріп, шықты тағдырға,
Шықса, кетсін!
Бір тамшы да тамдырма!
Басты көтер!
Ұмыт оны мәңгіге,
Естен шығар,
Естелік те қалдырма!
Емдеп, жазар жүректерді,
Бұл - уақыт,
Жазылғанша жаным-ау сен шыда, күт.
Іздемегін махаббатты тағы да,
Ешкімді де сүймегенің бір бақыт.
http://ok.ru/group52555542823107/topic/64018565030083
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Нет комментариев