Бектауыл Баубек батыр.
Баубек батырдың Кенесары қозғалысына қатысқаны туралы І .Есенберлин «Қаһар», Е.Бекмаханов «Казахстан в 20-40 годы 20 века» кітаптарында қысқаша мәлімет беріп кеткен. Кейін батыр өмірінің әр кезеңін Көлденең Есіл азаматтары Мұхамедрахым Мейірманов, Ахметхан Байжанов, Баянбай Құсайынов зерттеп, жұртқа таныс етті. Онда осы күнге дейін ауызша айтылып жеткен деректер басым. Дегенмен, аз да болса, құжаттар да табылып жатыр. ҚР Орталық мемлекеттік мұрағаттағы 3 іске тап болдым. Баубек батырдың сотталып, жер аудару себебі де ашыла басталғандай...
1862 жылдың 16 мамырында Баубек Бекмырзин Атбасар уезінің аға сұлтанына өтініш жолдаған екен. Тарақты – Ноғай болысының атқарушысы Төрежан Уәлиханов одан әртүрлі мал алып, қайтармай кетсе керек. «Бұл іс қазақ халқының дәстүрі бойынша шешілсін» -деп билер сотына жіберіледі. Қалай аяқталғаны белгісіз. Бірақ аға сұлтанға шағымдану аяқсыз қалмаса керек.
1865 жылдың 25 қазанында Т.Уәлиханов Тоқтарбай Қопабаевтың ауызша арызын Атбасар округіне жазбаша түрде жеткізген. Арызданушы Баубектің 6 сиыр ұрлап алғанын, өзін 2 күн қамауда ұстағанын айтыпты. Істің мән – жәйын заседатель, сотник Аққошқар Кішкентаев тексереді. Ол Баубекке қойылып отырған күнәлардың шындыққа жатпайтынын мәлімдеген. Бұл жауапқа сүйене отырып, округ басқармасы 1866 ж. 25 қаңтарындаТ.Қопабаевқа жалған жала жібермеуін ескертіп, Т.Уәлихановтан босқа жазба тудырмауын талап етеді.
Бұл тартысқа байланысы бар ма, жоқ па - осы арада,1866 ж. 9 қаңтар күні Тарақты – Ноғай болысының 25 биі мен ауыл старшиналары Т.Уәлиханов үстінен Сібір қырғыздарының әскери губернаторы Пановқа шағым жолдаған. Олар; Нарым Метекпаев, Саттыбай Құдайсүгіров, Құнанбай Жаубасаров, Рысалы Құтпанов, Тоқпай Найманов, Құрыспай Малгелдин, Құл Сасықов, Маты Бәсеңов, Биібай Молдабаев, Әлмен Есіркеев, Биібай Мырзабаев, Құлыбек Елтаев, Тілеуғабыл Шуақпаев, Кейкі Әбжанов, Көбеген Қорғанбаев, Жерші Үкібаев, Қожамберді Жиеналин, Мойын Бұрымбаев, Жәңгір Жанкөтов, Қазбасар Беркелдин, Таубай Шаншаров, Есенгелді Тоқашев, Махамбет Иженов, Нұрым Жарасов, Төлен Тайқыманов. Онда болыс атқарушысының жұмыстағы олқылықтары мен жұрттан артық ақша, мал жинағанв айтылады. Тексеріс губернатордың ерекше тапсырма бойынша шенеуігі Вараксинге тиесілі. Т.Уәлиханов уақытша қызметінен шеттетіледі, 1859 ж. болыс ашылғаннан бері істеген жұмысына қайтып оралмайды.Бұған Баубектің арызы түрткі болған сияқты. Болысты басқару тек ақсүйектердің құзыры болудан да қалады...
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Нет комментариев