04.22ж ҚазҰМА қоғамдық ұйымының кеңесшілер жиналысы өтті.
Байгазиева А.Ш. жиналыс төрайымы,
Тагаева А.А. хатшысы ретінде сайланды.
Жақында өткізген БІРІНШІ ҚАЗАҚША ОНЛАЙН ВОКАЛ-БИ ФЕСТИВАЛІНІҢ және "ШЫҒЫС ДАСТАРҚАНЫ " байқайының қортынды есеп-шоты берілді.
Үстіміздегі жылдың мамыр, маусым айларында өтетін іс-шаралар мен кештер талқыланды.
Тойғамбаев С.К. 07.05.22.ж. өтетін жеңіс күніне арналған кештің мән-жайын хабарлады.
Алимова Г.М. және Нұрсапарова Б.Қ.
04.06.22ж. Ғани Мұратбаевтің туғанына 120-жыл, дайындықтық кешінің жоспарын жариялады.
Байгазиева А.Ш. Балалар күніне арналған "Бақытты балалық шақ" биылғы
IV- онлайн Фестивальінің дайындығы мен жоспарын ескертті.
Алимова Г.М., кештерімізбен іс-шараларымыздың көптігін ескере отырып, жаз айында өтетін
«Еуропа дәмдес, қазақ дастарханы» байқауын жоспардан алып тастауымызды өтінді.
Алтын уақыттарын бөліп жиналысқа қатысқан және қайбір себептермен қатыса алмайтынын хабарлаған ҚазҰМА қоғамдық ұйымының президент орынбасарларымен кеңесшілеріне өз тарапымнан алғыс айтып, сәтті қадамдар тілеймін!💐🌞
Мәскеу қаласындағы ҚазҰМА қоғамдық ұйымының президенті Байғазиева А.Ш.
Присоединяйтесь к ОК, чтобы посмотреть больше фото, видео и найти новых друзей.
Нет комментариев