Орталық психологы Гизатуллина А. Г. оқушылардың ішкі жан дүниесін ашуға және өзін еркін сезіне алуға үйретету мақсатында «Мен ғажайыппын» атты психологиялық тренинг өткізді.
Сонымен қатар, ЖРВИ, тұмау және пневмококкты жұқпаның алдын алуға арналған «Ескерту. Қорғау. Егу!» Ұлттық бағдарламасы (1 қазаннан 1 қараша аралығы) аясында, БҚОСӨСҚО мамандары №25 жалпы орта білім беретін мектебінің даярлық тобының оқушыларына ЖРВИ, тұмаудың алдын алу бойынша балалардың танымдық қабілетін жандандыру, өзін-өзі қорғау мінез-құлқын қалыптастыру және денсаулықты нығайту мақсатында сурет байқауын ұйымдастырды. Балалар ақ қағазға түрлі-түсті қарындаштарымен тақырыпқа сай суреттерін салды. Байқау жеңімпаздарға естелік сыйлықтар табыстау арқылы қорытындыланды.
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Нет комментариев