_*«Жүректің кейде шабыты оянатын кезі болады.*_
_*Кейде құлазып, шаршайтын да кезі болады.*_
*Сол себепті жүрек шабыттанған кезде көп амал жасап, құлазыған кезде тыныштық беріңдер».*
*Абдулла ибн Мәсғуд (радиаллаһу анһу) Идаратул уақт📚*Құрметті жақсы жандар!
Ережеп айының келуімен сіздерді құттықтаймын!
Алла елшісі (С.а.у): «Бес түн бар, онда дұғалар кері қайтарылмайды. Олар – Ережеп айының алғашқы түні, Шағбан айының жартысындағы түн, Жұма түні, Ораза және Құрбан айт түндері», – деген екен !
Ережеп айы басталғанда Алла елшісі: «Уа, Алла! Ережеп және Шағбан айларында бізге береке бер, бізді Рамазан айына жеткізе гөр!» – деп дұға еткен .
Ғалымдар: «Ережеп – желге, Шағбан – бұлтқа, Рамазан жаңбырға ұқсайды. Ережеп айында дән егілмесе, Шағбан айында суарылмаса, Рамазан айында одан қандай егін күтуге болады», – деген екен.
Алла тағала елге амандық жұртқа тыныштық берсін !✊🏻🌹🤲🏻🤲🏻🤲🏻
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Нет комментариев