Дүние, өтерінде сынаптайсың-ай,
Таулардан жылжып аққан бұлақтайсың.
Ой, қарағай,
Шауып өткен марал-ай,
Кәрілік келді жағалай.
Басынан талай ердің аттай теуіп-ай,
Сұм жалған, қайда барып тұрақтайсың.
Ой, қарағай,
Шауып өткен марал-ай,
Кәрілік келді жағалай.
Дүние, қудым сені жалықпай-ақ-ау,
Судағы ұстатпайсың балықтай-ақ.
Ой, қарағай,
Шауып өткен марал-ай,
Кәрілік келді жағалай.
Біреуге мал мен бақыт қатар беріп-ау, Біреуді қойдың, құдай, жарытпай-ақ.
Ой, қарағай,
Шауып өткен марал-ай,
Кәрілік келді жағалай.
Орындаушы: Ерлан Рысқали