Семей полигоны-КСРО ядролық сынақ полигондарының бірі ,аса маңызды стратегиялық обьектісі болды.КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18милл.га жер бөлініп,Семей ядролық полигоны ашылды.Бастапқысында адамдарға жануарлармен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды.Сосын оларды жер астына жасай бастады.Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды.Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті.Назарларыңызға Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күніне орай «Доғалаң зардабы» тақырыбында фотокөрмені ұсынамыз. Көрменің мақсаты: Полигонның тарихы мен қасіреті және ядролық сынаққа қарсы 1989 жылы құрылған «Невада – Семей» қозғалысының қызметі туралы, 40 жыл бойы Семей ядролық полигонындағы сыналған ядролық және термоядролық жарылыстардың адамдарға, қоршаған ортаға әсері туралы ақпарат беру.
#Мәңгіжазылмасжара
#Семейполигоны30жыл
#НевадаСемей