Былтыр емес оның арғы жылы жасы жүзге келген Генри көке Киссинджер қайтыс болды.
Киссенджерің кім тағы дейтін шығарсыздар. Бүгінгі Трамптың аяқ алысы мен жүрек қағысын, әрбір айтқан сөздерін кірпік қақпай жіті бақылап отырған кісілер, оның іс әрекетін түсіне алмай таң тамаша болып жатқанын желіден көріп отырмын.
Сол себепті осы Киссинджер көкенің әлемдік саясатта қалдырған мол мұрасының бір сыпырасын тілге тиек етейін. Сонда біраз сұрақтардың жауабы табылап қалар.
Сонымен жүз жасаған америкалық дипломат Генри Киссенджерді біреулер геосаясаттың генийі десе екінші топ әлемдегі әділетсіздіктің күшейуіне жол ашқан қылмыскер деп қарайды. Ол 1970 жылдары ақштың сыртқы саясаттағы басты идеологы саналды. Президенттердің кеңесшісі, мемлекеттік хатшы қызметтерін ұзақ жыл атқарды. Сарапшылар ақштың қытаймен және совет одағымен қарым қатынасының түзелуі Киссенджердің арқасы деп санайды. Саясаткер зейнетке шыққаннан кейін қытай мен ресейге құрметті қонақ ретінде жиі барып тұрды. Киссинджер америка билігін екі империямен сыйластықты арттыруы үшін Тайваньның тәуелсіздігін мойындамауға, еврейлерге қатысты қылмысқа көз жұмуға көндірді. Ол Вьетнамдағы соғысты уақытша тоқтатқаны үшін Нобель сыйлығын алды. Израильмен арап елдерінің арасын жақындатқаны үшін сый құрметке ие болды.
Киссинджер сыртқы саясат идеялды принцптерге моральға емес, есепке құрылу керек деген пікірді алға тартты.
Үлкен мемлекеттердің агрессиясынан әлсіз мемлекеттер жапа шексе, құрбан болған әлсіз мемлекетті құтқаруды емес, агрессор мемлекетпен тіл табысуға ұмтылу керек деп санады. Алпауыт мемлекеттер бірігіп кедей мемлекеттердің мәселесін шешу қажет деген принцпке сүйенді.
Генри Киссенджер бүгінгі бізді қоршаған әлемнің келбетінің қалыптасуына тікелей әсер еткен адам.
Әрі қарай кеттік.
Әлемдік саясатта Макиавелли принцпіне ұқсайтын реал политик яғни шынайы саясат бағыты қайтадан жанданып жатыр.
Бұл бағытпен жүретін саясаткерлер шешім шығарғанда моральдық принцпке емес, ценизммен компромиске сүйенеді. Олар әлемдегі жалпы тыныштықты бұзбау үшін бір неше мың тіпті бірнеше миллион адамның құқығының бұзылуына көнуге дайын. Нақты саяси мақсатқа жету үшін диктаторларменде тіл табысып жұмыс істеу қажет деп санайды.
Сарапшылар 20 ғасырда Гитлер сияқты тирандардың күшейіп соғыстың басталуына осы реал политик принцпін алға тартқан дипломаттар кінәлі деп есептейді.
Құрбанды құтқаруға емес, тиранмен тіл табысуға ұмтылатын реал политик ұстанымы зұлымдықты тоқтатуға емес, керісінше оны күшеутуге алып келетін қате саясатпа әлде ақырын жүріп анық басатын үлкен ойыншылардың тұрақтылықты қамтамассыз ететін мықты стратегиясы ма?
Киссинджер қайтыс болмай тұрып Украина туралы да өз пікірін айтып кеткен екен.
Бүй депті: соғысты тоқтату керек бүгінгі қалыптасқан шекарамен және ресейдің мүддесін ескеру керек. Референдум жасап халық қай елге қосылғысы келеді өзі шешуі кк депті . Қасқа көкеміз.)
Ақпарат Парасат Майданы бағдарламасынан алынды.
Әділдік жерде де жоқ, көкте де жоқ деген осы шығар.
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Нет комментариев