Жақын арада бұл құпияның сыры да ашылар.
Мағрипа Жылқыбаева:
Есік қорғанынан табылған Алтын адам жазуларын 30 жыл зерттеп, құпиясын физика-математикалық әдіспен ашқан әлемдегі тұңғыш физик Мағрипа Жылқыбаева. Алтын адамның күміс зереншесіндегі 26 таңбасын оптика ілімі арқылы зерттеумен айналысқан ғалым еліміздегі және шет елдердегі 1000-нан астам жартас жазуларының, көне каллиграфиялық суреттердің шифрын ашып, артына мол мұра қалдырған.
Жуырда Алматыдағы Ұлттық кітапханада Мағрипа Шөжеғұлқызының ғылыми мұрасына арналған халықаралық конференция өтті. Шара аясында Мағрипа Жылқыбаеваның «Алтын адамның аманаты. Есік қорғанының жаһандық құпиясы», «Алтын адамның мұрасы. Сақ қорғандарының құпия тілі - 300 мың жылдық өмірнаме» және «Құпия күштер құдіреті» деп аталатын үш томдық еңбегінің тұсаукесері өтті.
Жиынды Жапонияның қоғам қайраткері Имайо Юджи ашып, Мағрипа Жылқыбаеваның ғылыми мұрасының Жапония үшін маңызы ерекше екенін атап айтты. «Жапонияда ежелгі дәуірде Шйотоку Тайши деген мемлекет қайраткері болған. Мағрипа Шөжеғұлқызының еңбектерінде Алтын адамның жапон өркениетіне қатысы туралы мәні терең, құнды деректер көп» дей келе, ғалымның мұрасы Күншығыс еліне кеңінен насихатталатынын айтты.
Физик ғалымның еңбектерін зерттеуші қаламгер Болат Шарахымбай: «Мағрипа Жылқыбаева &ndash кванттық физика ғылымы арқылы әлемде тұңғыш рет Есік қорғанынан табылған Алтын адам мұрасы бойынша протодәуірдегі алғашқы адамзат тілінің расшифровкасын жасап, осы сала бойынша 25 том кітап жазған ғалым. Адамзат баласының елу мың жылдық арғы тарихына бойлап, байырғы жаһандық тұлғалар өмірін суреттеп, ежелгі дамыған өркениеттердің ғажайып құпиясын бүгінгі күнге жеткізген бірегей зерттеуші. Анау қазақ даласынан бірінен соң бірі табылып жатқан Алтын адамдардың Планеталық деңгейдегі ерекшеліктерін зерттеу арқылы Сақ қорғандары мен Көк Түрік пирамидаларының құпиясын тұңғыш ашқан оқымысты. Міне, қолға тиіп отырған үш томдықтың «Алтын адамның мұрасы» және «Алтын адамның аманаты» аталатын 2, 3-ші кітаптары осы тақырыпқа арналады» деп сөзін түйіндеді.
Жиында баяндама жасаған «Нұрлы әлем» баспасының басшысы Жарылқасын Дәулет «Петроглифтерді, көне заман жәдігерлеріндегі шифрлы жазуларды кванттық оптиканың көмегімен оқу &ndash Мағрипа Жылқыбаеваның əдісі болып табылады»
Жиынды жүргізген жазушы Ертай Айғалиұлы әлемде тұңғыш рет ежелгі дәуірден жеткен құпия жазу үлгілерін, таңбаларды кеңістік бойынша оқудың əдісін тапқан ғалым Арасандағы және Іле бойындағы Будда жазуларын, Орта Азия мен Жетісу жартастарындағы көне таңбалар мен петроглифтерді дешифрлеген Мағрипа Жылқыбаева мұрасының мемлекетіміздің болашағы үшін маңыздылығына тоқтады.
Осы күні Алматы облысы Жамбыл ауданында Мағрипа Жылқыбаева атындағы «Алтын адам» ғылыми музейі ашылды.
Амано Тэцуя, Хоккайдо университетінің құрметті профессоры:
&ndash " Мен Мағрипа Жылқыбаеваның екі қырын ерекше атап өткім келеді. Біріншіден, ол &ndash радиацияның кристалдарға әсері бойынша көптеген ғылыми жаңалықтар ашқан ғалым, ғылыми-педагогикалық ғұмырында талай білікті маман тәрбиелеп шығарған ұлағатты ұстаз. Екіншіден, ол қатардағы зерттеуші, қарапайым мұғалім емес, ой-өрісі кең, ғылыми-творчестволық қуаты зор адам болатын. Ол үкіметтің қолдауынсыз Қазақстанның Есік қорғанынан шыққан күміс зереншесіндегі 26 таңбаны физика ғылымындағы әдістерді пайдаланып зерттеп, 1999 жылға дейін үлкен-үлкен үш том кітап болатын тексін шығарды. Оған қоса Орта Азияның жартастарындағы петроглифтерді расшифровкалады. Оның ішінде Алматы облысындағы «Будда жазулары» деп аталатын жартастағы текст пен Іле бойындағы Будда суреттерінің де құпиясын ашқан. " деді.
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Нет комментариев