Оларды бір қазақ қыз алып жүреді аудармашы боп. Әлгі қыз сөйлегенде, бүкіл университеттің профессорлары аузы ашылып тыңдайды екен оны. Бостондағы лаңкестік оқиғадан кейін қазақ студенттерін қатты бақылауға алды деп айтыпты сол қыз бір әңгімесінде. Халықаралық брифинг, олимпиада сияқты бірдеңе бола қалса, профессорлар қазақ балаларға тапсырады екен бірақ. Қазақ балаларының адамның ебін тапқыш екенін, жақсы, шешен сөйлейтінін, ұйымдастырғанда да басқалардан асып түсетінін, дипломатияға бейім екенін байқап олар, сондай жұмыстарды қазақ студенттеріне беріп қоятын көрінеді содан. Қанда бар қасиет қой! Шетелге жай барып қана жатқан жоқ қазақ, осындай қасиетімізді де ала барып жатыр о жаққа. Соған қараймын да, қазақтың шетелдегі имиджін солар қалыптастырып жатыр-ау деген ой келеді де кейде маған..
Жолымбет Макiш.
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Нет комментариев