Netflix-тің әйгілі жобаларының авторлары Алтын Орданың негізін қалаған 🎥 Жошы хан сериалын түсіруге қызу дайындық жүргізуде деп хабарлайды DALA INSIDE.
Қазақстан тарихы мен мәдениетін әлемге танытуға бағытталған ауқымды жоба Netflix-ке арнап бірнеше танымал проектілер ұсынған Karga Seven Pictures продюсерлік компаниясымен бірлесіп жасалуда.
Астанада жобаның шығармашылық ұжымы Қазақстанның мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қаринмен кездесті.
Кездесуге сериалдың бас режиссері әрі атқарушы продюсері Емре Шәхин, продюсер Фикрет Маноғлы және қоюшы суретші Зеки Сарайоғлы қатысты. Олар жоба туралы егжей-тегжейлі мәлімет беріп, сериалдың тарихи-мәдени маңыздылығын ерекше атап өтті.
Белгілі болғандай жобаның сценарийі дайын, түсірілім орындары белгіленген. Қазіргі уақытта әктерлерді іріктеу кезеңі жүріп жатыр. "Викингтер" сериалы мен Outlow King фильмінің сценарийін жазған Жастин Поллард пен Клэр Морсум да сериалдың оқиға желісін өрбітуге атсалысқан.
Сценариймен қазақстандық және халықаралық тарихшылар мен сарапшылар да жұмыс істеген.
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринмен жүздесуде жобаның шығармашылық ұжымы "Алтын Орда тарихы, Жошы ұлысы мен көшпелі өркениетке терең талдау жасау сериалдың өзегі болатынын" атап өтті.
📺 Компанияның мәлім еткеніндей сериал аудитория, фокус-топтар және халықаралық дистрибьюторлар тарапынан үлкен қызығушылыққа ие болып отыр.
Өз кезегінде Ерлан Қарин осы жоба арқылы Қазақстанның мәдениеті мен тарихы халықаралық аренада кеңінен насихатталатынына сенім білдірді.
"Алтын Орда мен Жошы ханның әлемдік тарихтағы орны мен геосаяси ықпалы бұл жобаның маңызын арттыра түсетіні сөзсіз", - деді Мемлекеттік кеңесші.
DALA INSIDE анықтамасы: Karga Seven Pictures Жошы хан туралы сериал түсіретінін биылғы жылдың көктемінде хабарлаған. Компанияның негізін қалаушылардың бірі - Емре Шахин Түркия мен халықаралық кинонарықта үлкен тәжірибесі бар маман. Netflix үшін "Rise of Empires: Ottoman" ("Осман империясының өрлеуі") сияқты танымал жобаларды жүзеге асырған.
Бізге тіркелуді ұмытпаңыз 👇 https://t.me/dalainside
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Нет комментариев