Предыдущая публикация
Сағыныш ол дүрсілі жүректің,
Сағыныш ләззәт, үзілмесін үмітің
Сағыныш сағым жетелейді өзімді,
Сағыныш қиял, ұйқысыз өткен ұзақ түн.
Сағындым сені, сағынып жүрмін қымбаттым,
Сағыныш сезім мәңгілік болар серігім.
Жарқ етіп жүзің көрініп қалар сияқты,
Алаңдап көңілім, басып тұр мені ауыр мұң.
Жоқ екен өлгенменен бірге өлмек,
Өткен адам дүниеден емес келмек.
Ауыр қайғы жаныңды жанышсада,
Шықпайды ол, өйткені жаның бөлек.
Білемін түн артында, күн барында,
Сол үміт жетелейді мені алға.
Сол үмітті әрқашан демеу қылып,
Ұмтыламын әр кез алға-алға.
Присоединяйтесь к ОК, чтобы посмотреть больше фото, видео и найти новых друзей.
Нет комментариев