Алматы қаласында қызметте жүрген кезім еді...таң атпай автобустан түсіп жаяу жүріп келе жатқам.Абай даңғылы мен Алтынсарин көшесінің қиылысы...Көп қабатты үйлер арасында бугежеңдеп тұрған үлкен ауыр сөмкесімен қартты бей жай қалдыра алмай аялдап қарадым.Таң сібірлеп атып келеді.Күзгі қара суық.Әлгі қарт кісі қалтасынан әлдене іздейді әрі жан -жағына жалтақтап қарай береді.Осындай уақытта неге жүрген екен деп қасына жақындадым.Жұмысыма да санаулы уақыттар бар....негізі асығып барам.
Амансыз ба?!Көмегім керек пе Ата -дедім жақынырақ келип.-Балам осында бір 54пәтерде балаларым бар еді....деп бүгежеңдеп ,көзі жетпей айналасына қарап тұрды.Жалпы Алматыға апта бармасаң өзгеріп кетеді ғои өзі....Соның арасында телефоны шырылдады.Кемпірі екен....Аман есен Сайраннан түсіп таксимен келгенін үйдің жанында екенін айтты.Әңгімелерінен бәрін түсіндім.Ата тараз қаласынан келіпті.Ауылдан балаларының сыбағасын беріп кетуге.Апа телефонмен анығын біліп жатқан түрі екен.Содан қарияны қараусыз қалдырмай жеткізіп қояйын деп шештім.Сөмкесі Ойпырмоооой зіл батпан.Бір жағын көтерісіп көрсеткен үйге жақындадық.Есіктің жабық екенін көрдік.Ата байғұс баласына телефон шалды алмады.Бірнеше рет.....жауап жоқ.-Келінімдікі бар еді ....деп құнжыңдап звандап жатты.Уфффф өзім асығып тұрған маған бір ұзақ көрінді....-Алло....деген ұйқылы ояу ерке ,әрі жақтырмаған дауыс естілді.
Есік ашылды.....төртінші қабатқа діңкелеп әрең көтерілдік.Енді пәтер есігі....қоңырауды екі үш мәрте бастық....Түнгі көйлегімен алба жұлба ,қалалық келін есікті сартылдатып ашты да,амандық жоқ кері бұрылып ккіріп кетті.Ата байғус ауылдың әдетімен ....балам нан ауыз ти деп маган шырылдап қоймаиды.Атаны әитеур кіргізгеніме мәз боп кері атып шықтым....
Жол бойы ,тіпті күні бойы қарияның бейнесі есімнен кетпеді....Ауызындағысын жырып,жол азабымен,ауыр сөмкемен немересін бір иіскеуге келген қарттың таңғы шәйін ойладым.....Қайыры жетіп авто бекеттен күтіп алмаған ұлды ойладым,ең болмаса етек жеңін жаппаған келінді ойладым....Бейкүнә шешені оиладым...барын салып беріп жіберген..
Сол үйдің тұсынан өткен сайын көзіммен қартты іздедім...бәлкім сыртта ма деп....Жоқ....Соған қарағанда ұзақ аялдамаған болу керек......Ееех,кең дүние....Қарты бар үйдің қазынасы бар деуші еді....Қазынамызды ортайтпайықшы..
Қадірін білсек болғаны..
Присоединяйтесь к ОК, чтобы посмотреть больше фото, видео и найти новых друзей.
Нет комментариев