"Алтын тонның ішінде кердеңдеген надан жүреді,жалбыр тонның ішінде пейілі кең адам жүреді."
Халық даналығы.
"Жақсы қартайса жазып қойған хаттай,жаман қартайса бықсып жанған оттай"-демекші қазыналы,данагөй қарттарымыз көп болсын.Ертеде бір жүз жасаған қариядан сұрапты:
-Ақсақал алған әсеріңіз қандай деп?
-Ой балалар несін айтасыңдар,мына есіктен кіріп,ана есіктен
шыққандай болдым.
Ет кетті сүйек қалды,
Тіс кетті иек қалды.
Алысқа көз жетпейді,
Қаттыға тіс өтпейді.
Көк-шұбар кебіс кидім,
Төрге шыққаны жоқ.
Сұлудың бетінен сүйдім,
Ерніме жұққаны жоқ.
Жақсы ат міндім,
Тақымыма жұққаны жоқ.
Асылдан киім кидім,
Иығыма жұққаны жоқ.
Мына жалған дүниеде,
Ынтымақ пен татулықтан асқаны- жоқ деген екен.
Өткенді қума өмірің шаршайды,
Қашқанды қума атың шаршайды.
Қаншама керемет адам болсаң да жақтырмайтын адамдар болады.Қаншама жаман болсаң да асылға бағалайтын адамдар болады.Адамның жаманы жоқ.Жаман қылып көрсететін мінезі мен елдің аузындағы өсегі.Біреуге-біреу баға беретіндей,сүттен ақ,судан таза емессің.
Адаммен қалай танысқаның маңызды емес,қалай сыйласқаның маңызды.Алыста жүргенің маңызды емес,қадіріңді білгені маңызды.Қымбат кигенің маңызды емес,алтыннан қымбат ниетің болғаны дұрыс.
Көршің соқыр болса,бір
көзіңді қысып жүр деген емес пе?
Үш нәрсені естен шығарып тастау керек:
1.Мағынасы жоқ отырыс.
2.Көре алмайтын туыс.
3.Қиналғанда көмектесе алмайтын дос.
Өйткені"Жаман туыс ақшаға бола ұрсып жүреді,жақсы туыс бар болсын,жоқ болсын түсініп жүреді"-деген сөз бар емес пе еді.Адамның адамдығы кішіпейіл кісілігімен,өлшеусіз түсінігінде тұр.Бір ауыз сөз біреуді қуантады,біреуді жұбатады.Айта берсек айтар әңгіме көп,бірақ осы арадан тізгінді тартайық.Бір-бірімізге деген сеніміміз өшпесін.Жүрегімізде иман болсын ағайын!
Жүре берсең көре бересің,көре берсең біле бересің демекші,өмірдің үйретері көп екен.
Төрт нәрседе үміт бар,бір нәрседе үміт жоқ:
1.Жас өссем деп үмітті.
2.Жарлы байысам деп үмітті.
3.Жалғыз көбейсем деп үмітті.
4.Ауру жазылсам деп үмітті.
Ал енді көктемі мен жазы кетіп,сарғайған күздей болған қарттықтан үміт жоқ екен.Сондай болса да еңсе түсірмейік,қазіргі әр сәтімізді,бір-бірімізді бағалай білейік.Соңын бір шумақ өлеңмен аяқтайын:
Демейміз досым,"кәріміз",
Тайған жоқ беттен әріміз.
Немерелерді жетелеп,
Шапқылап жүрміз бәріміз.
Бүгінгі күндеріңіз табысқа,жақсылыққа толы болсын!Әрқашанда аман болайық!.
Присоединяйтесь к ОК, чтобы посмотреть больше фото, видео и найти новых друзей.
Нет комментариев