АЭС салу - САЯСИ СОҚЫРЛЫҚ!
Құрметті достар,
Эмоцияға берілмей, прагматикалық түрде АЭС салудың Қазақстанға қандай проблемалар әкелетіні туралы сөз қозғайық!
• БІРІНШІ ПРОБЛЕМА – АЭС салуға үлкен көлемде қаражат керек, бір АЭС тің минималдық салу бағасы 12 млрдтан 25 млрд долларға дейін!
Ондай ақша қазынада жоқ,
- Мемлекеттің сыртқы қарызы (1 көкек 2024 ж) 162 млрд 500 млн доллар,
Тоқаев елді басқарған 2019 жылдан бері сыртқы қарызымыз – 5 млрд 700 млн долларға өсті;
- Мемлекеттік бюджеттің жетіспеушілігі – дефицит бюджета – 3,9 трлнға жақындап қалды;
- Алдын ала келісім бойынша АЭС салуды қаржыландыру екі жерден алынады:
біріншісі – 80 процент – 9 млрд 600 млн долларды сырттан қарыз алу көзделіп отыр
- Ал 20 пайызын – 2 млрд 400 млн доллар қаржыны мемлекет өзі қаржыландырады, яғни ол ақшаны Ұлттық қордан алады деген сөз.
- АЭС салуға 80 пайыз қаржыны – 9 млрд 600 млн долларды басқа мемлекеттен қарызға сұрауға тура келеді!
- Кімнен сұраймыз – әрине, Қытайдан , немесе Ресейден сұраймыз!
• ЕКІНШІ ПРОБЛЕМА – АЭС тің жұмыс істеуіне, атом реакторын суытуға өте көп су ресурсы керек;
- Мысалы 1 млн киловатт АЭС –ке сағатына 200 мың тонна су керек, яғни секундна 55,5 кубометр су алады, ол судың қаншасы буға айналып, аспанға ұшып кетеді,
- Суды қайдан аламыз? Қазақстанда су тапшы, құрғақшылық!
- Балхаш көлі жылдан жылға суалып, азайып бара жатыр. Балхашқа құятын Іле өзені бастауын Қытайдан алады, ал Астана әлі күнге дейін Пекинмен шекарадағы су бөлісу туралы шартқа қол қоймады.
Мына ақпаратқа қараңыз АЭС-і бар Оңтүстік Корея – мұхиттың шетінде тұр, атом реакторына керекті "50 тонна суды қайдан аламыз" деп бас қатырмайды!
АЭС – тері көп Ресей, АҚШ, Францияның айналасында суы көп мұхиттар бар, Туркияны да теңіздер қоршап тұр.
• ҮШІНШІ ПРОБЛЕМА – бұл экология
- Ядролық реактордың ішіндегі қайнаған қызу 600 ден 2500 градусқа дейін қызады.
- Реакторды суытуға кірген су 324 градусқа дейін ысып, қайнайды,
Мұндай үлкен температурада қайнаған суда ешқандай тірі организм қалмайды, яғни су реактордан «өлі» күйінде шығады!
2022 жылы Францияның атом реакторларында техникалық проблема болып, олар электроэнергияны Германиядан экспорттауға мәжбүр болды.
Реактордағы проблема оны суытатын өзен суының жетіспеушілігінен пайда болды, реактордан шыққан ыстық суды суыту мүмкін болмады, тіптен өзендегі су температурасы жоғарлап кетті!
Яғни, өзен суы тартылған сайын, даланың шөлейттігі жоғарлаған сайын атом реакторын суытатын су тапшылығы жылдан жылға арта түседі.
• АЭС-тің ТӨРТІНШІ ПРОБЛЕМАСЫ – ол атом реакторының пайдалану уақыты біткен соң реакторды демонтаж жасау және мыңдаған тонна жоғары радиациялық отходтарды қауіпсіз күйде мыңдаған жылдар бойы сақтау!
Көп ақша (12-25 млрд долл) жұмсап АЭС салу – ол бір жұмыс, ал АЭС-ті бұзу (демонтаж) өте қиын процесс!
АЭС-ті жәй бұза алмайсыз, ол радиоактивті, сондықтан реактордың бөлшектерін ерекше технологиямен залалсыздандырып, демонтаж жасап, консервация жасау керек.
Бұл жұмысқа , ядролық қоқысты көмуге ұзақ жылдар, қыруар қаражат керек.
Германия өзінің 17 АЭС –ін демонтаж жасау үшін кем дегенде 25 жыл керек және бұл процедураға бюджеттен 18 млрд евро қаражат керек етеді (ядролық қоқысты көмуге кеткен қаражатты есептемегенде).
2004 жылы басталған Немістің Мюльхаймдегі АЭС-ін демонтаж жасау үшін 25 жыл уақытка созылады, және оны бұзуға бюджеттен 3 млрд евро шығын шықты, бұдан басқа Германияда 16 АЭС бұзуды күтіп тұр.
Бір АЭС –ті бұзғанда 1700 тонна радиоактивті материалдар шығады, ал залалсыздандыруға тиісті құрылыс материалдардың жалпы салмағы 500 мың тоннаға дейін жетеді.
Тек АЭС емес, оны пайдаланудан шыққан 28 мың 900 тонна ядролық отходты қауіпсіз жерге көму үшін ондаған миллиард евро ақша керек болады.
2017 жылы Германияда АЭС-ті бұзып, радиациялық қоқысты көму үшін арнайы қор құрылып, оған 24 млрд евро жинақталады, ал 2100 жылға қарай АЭС-ті бұзып, ядролық қоқысты залалсыздандырып көму үшін бюджеттен қорға 169 млрд евро қаржы жинау керек болып отыр!
• АЭС тің БЕСІНШІ ПРОБЛЕМАСЫ – ол АЭС –тердегі катастрофалық авариялардың көптігі!
- 1979 жылғы АҚШ тағы «Три-Майл-Айленд» АЭС-індегі ірі авария;
Аварияның экологияға, адамға залалын кетіру үшін 14 жылда 1 млрд долларға жуық қаражат кетті және әлі күнге дейін қауіпсіздік жұмысына қыруар қаражат бөлініп келеді;
- Адами фактор, яғни адамның қателесуі 1986 жылы Чернобыль АЭС-дегі ірі апатқа әкеліп соқтырды.
Ресми расталған факт бойынша 31 адам қаза тапты, 600 мың ликвидаторлар үлкен радиациялық доза алып, содан уақыт өте қайтыс болды.
Ресми ақпарат бойынша Белоруссия, Украина және Ресейдің 8,5 млн адамы радиоактивтік саулеге (облучение) ұшыраған.
- Жапониядағы 2011 жылғы Фукусимо-1 АЭС-індегі ірі апаттың салдарынан радиоактивті цезий мен изотоптың йоды көп көлемде атмосфераға тараған, 164 мың тұрғын эвакуацияланды.
Фукусимо-1 АЭС-ін толық залалсыздандыру үшін 40 жылдан астам уақыт керек.
Ресми ақпарат бойынша жапон АЭС-ін залалсыздандыру үшін 2 триллион иен қаражат керек.
- Ресей әскерлерінің Украинадағы Запорож АЭС-ін жаулап алуы да геосаяси қауіп болып есептеледі.
Енді Қазақстанда АЭС салуға қатысты қандай ертегі – мифтердің айтылуы туралы сөз қозғайық:
• БІРІНШІ миф – егер Қазақстанда АЭС салынатын болса онда «энергодефицит толығымен шешіледі»;
Жоқ, энергодецит бір АЭС салумен шешілмейді, себебі бір АЭС энергия қажеттілігінің 10-15 процентін жаба алады.
Сондықтан энергодефициттен құтылу үшін кем дегенде 5, немесе 10 АЭС салу керек болады және оны салуға кем дегенде 75 – 95 млрд доллар қаражат қажет болады. Бұл ақшаның ішіне АЭС – ті бұзу мен ядролық қоқысты утилизация шығыны кірмейді.
• ЕКІНШІ миф – АЭС-ті салғаннан кейін «көп мыңдаған жұмыс орыны ашылады» дейді;
- Біріншіден, АЭС салатын Ресей, немесе басқа ел өз кадрларымен келеді, себебі атом реакторын орнатып, іске қосу үшін ол технологияны білетін кадрлар керек;
- Екіншіден, Қазақстанда өз атомщик-специалистері аз (жетіспейді), жас кадрларды Ресейде оқыту керек болады, ол үшін уақыт және қыруар қаражат керек;
- Ең бастысы Семей полигонынан заразап болған қазақтар радиоактивті изотоптардың ішінде жұмыс істеуге көп ынта білдіре қоймайды.
• ҮШІНШІ миф – «АЭС салынғаннан кейін Қазақстанда уранды жоғары технологиялық байыту процесі басталып, атом реакторын құрастыру басталады»
- Тек қана АҚШ, Қытай, Франция емес, сол Ресейдің өзі де Қазақстанға уранды байтудың жоғарғы технологиялық процесстерін әкелмейді.
Ал атом реакторын құрастыру әр мемлекеттің өз құпиясы болғандықтан, оған қазақтарды үйрету – өтірік , мүмкін емес ақпарат.
• ТӨРТІНШІ миф – «ядролық, радиациялық қалдық, қоқыстарды табиғатқа, адам өміріне зиянсыз қалыпта мыңдаған жылдар бойы сақтауға болады»
- Қазіргі заманда радиациялық қоқыстарды 1000 жыл сақтайтын саркофаг ойлап табылған жоқ, сондықтан радиациялық қоқысты адамға, табиғатқа қауіпсіз мың жыл сақтай аламыз деген – бос сөз!
- Міне сондықтан ақылды немістер АЭС-тен бас тартып, өздері салған 17 АЭС-ті бұзып жатыр.
• БЕСІНШІ миф – «АЭС беретін электроэнерге соншалықты қымбат болмайды»
- ТОО «Казахстанские АЭС» компаниясының директоры Тимур Жантикин АЭС шығаратын энергияның өзіндік құны 8 цент , тенгеге шаққанда шамамен 35 тенге болады дейді.
- Біріншіден, Жантикин доллардың бағасын 435 тг деп алып тұр, ал қазір доллардың бағасы – 482 тг;
- Екіншіден, атомщик-чиновниктер тұтынушының тап үйіне келетін электроэнергияның нақты бағасын ашып айтпай отыр, себебі электроэнергия тарататын ЛЭП тердің бағасы да электроэнергия құнына қосылу керек;
- Үшіншіден, Қазақстанда АЭС саламын деп жүрген президент пен чиновниктер (министр Саткалиевтер) 1 квтсағат электроэнергияның құнына сол АЭС-ті салу, 20-30 жылдан кейін бұзу (демонтаж) және мыңдаған тонна радиациялық қоқысты утилизациялау бағасын жасырмай, ашық көрсетуі керек;
Немістердің бағалауы бойынша мыңдаған тонна ядролық отходтарды утилизациялау кем дегенде 18 млрд евро бюджет қаражатын керек етеді.
• АЛТЫНШЫ миф – «біз АЭС салған елдердің қатарынан қалып қойдық» - бұл өтірік ақпарат, керісінше, көптеген алдыңғы қатарлы , индустриялық дамыған мемлекеттер АЭС-тен бас тартып жатыр;
- Дүние жүзінде 195 мемлекет болса, соның 32-сінде ғана АЭС бар;
- 2023 жылы Германия өздерінің 17 АЭС-ін жапты, Италия түбегейлі АЭС-тен бас тартты, Швейцария енді елінде АЭС салмайтын болды (салынған бес АЭС уақыты біткен соң жабылады).
Финляндия, Дания, Австралия, Жаңа Зеландия, бірте-бірте Англия АЭС-тен бас тартып жатыр!
Осы мақаламды қорытындылай келе, мына мәселеге ерекше тоқталғым келеді – Қазақстанда АЭС салу экономикалық қажеттілік емес, көрші, бізге жат елдердің саяси сұранысы!
Неге бірде бір чиновник АЭС-тің қаржылық пайдалылығын, экономикалық рентабельділігін айтпайды.
Айтпайтын себебі АЭС-тің қаржылық пайдалылығы, экономикалық рентабельділі – мүлдем жоқ, ол бос сөз!
Егер АЭС салу қаржылай тиімсіз, экономикалық рентабельділігі жоқ болса ондай АЭС елге неге керек деген заңды сұрақ туындайды!
Көптеген саясаткерсымақтар «Өзбекстан АЭС салады, біз олардан қалып қойдық» деп жар салып жүр.
Бұл елді адастыратын, жалған ақпарат!
Өзбекстан Ресеймен АЭС саламыз деп меморандумға қол қойды, алайда меморандум – нақты іске асатын келісім-шарт емес, контракт емес, ол бос сөз!
«Өзбектер АЭС салады» деген саясаттың астарында алдау, «Қазақстан Өзбекстаннан қалып қойды» деген Ресейдің, (Қытайдың) жымысқы саясаты жатыр.
Ресей мен Қытайдың мақсаты Қазақстанда АЭС салу арқылы бізді қарыз қақпанына итермелеу, атом технологиясына тәуелділігімізді арттыру, АЭС салынғаннан кейін технологиялық шантаж жасау.
2 қыркүйекте (2024) парламент жиынында Тоқаев 6-шы қазан АЭС-ке қатысты референдум күні деп белгіледі (7 қазан Ресей президенті В.Путиннің туылған күні),
соған байланысты біз – Қазақстанда АЭС салуға қарсы халық – Тоқаевтан мына мәселелерді ТАЛАП ЕТЕМІЗ:
• БІРІНШІ, референдумда құпия емес, ашық дауыс берілсін, себебі біз президент сайлап жатырған жоқпыз, болашақ ұрпақтың денсаулығы, табиғатымыздың сақталуына қатысты дауыс беріп жатырмыз!
- Ашық дауыс беру арқылы әр азамат (азаматша) болашақ ұрпақ пен табиғат үшін жауапкершілікті өзінің жеке мойынына алады;
• ЕКІНШІ, нағыз тәуелсіз бақылаушылар референдум дауысын санауға тікелей қатыстырылсын, себебі біз референдум орталық комиссиясына сенбейміз!
• ҮШІНШІ, президент Тоқаев (Назарбаевтардың жанұялық кланы) толық биліктен кеткенше, яғни 20-25 жылдық мерзімде «Қазақстанда АЭС салынбасын» деп мораторий жариялансын!
ҚҰРМЕТТІ ДОСТАР!
Біз мынаны біліп, есте сақтауымыз керек:
АЭС электроэнергиямен екі-үш өскелең ұрпақты қамтамасыз етеді, ал АЭС-тен қалған мыңдаған тонна радиациялық қоқыс болашақта отыз мың жыл бойы өскелең ұрпағымызға, керемет табиғатымызға – өзен, көлдерімізге орны толмас залал әкеледі!
Сондықтан референдумда дауыс берер алдында жақсылап тұрып ойланыңыздар, саяси соқырлардың жетегінде кетіп қалмаңыздар!
Сіздерге деген құрметпен, ф.ғ.к. Нұртаза Қадырниязов, 12 қыркүйек 2024 жыл.
Присоединяйтесь к ОК, чтобы посмотреть больше фото, видео и найти новых друзей.
Нет комментариев