2022 жылдан бастап халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын көрсету шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 39 763 грант берілді. Гранттардың жалпы санының үштен бір бөлігінен астамын көп балалы отбасылар алды. Соңғы үш жылда барлығы 38 мың грант беру жоспарланған болатын, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Грант алушылардың санаттары бөлінісінде 16 734 грант көп балалы отбасыларға, 5 142 грант – мүгедектігі бар адамдарға, 3 498 – мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға, 1 611 – атаулы әлеуметтік көмек алушыларға, 1 024 – асыраушысынан айырылу бойынша төлем алушыларға, 11 754 – басқа санаттарға берілді.
Гранттардың ең көп саны Қызылорда (6,5 мың), Түркістан (6,4 мың) және Жамбыл (4,7 мың) облыстарында, ең аз саны – Ұлытау (286) және Қостанай облыстарында (963) берілді.
Өтеусіз гранттар: мал шаруашылығына – 13 467, өсімдік шаруашылығына – 474, қажетті мүкәммалды, еңбек құралдарын – 9 488, технологиялық жабдықтарды сатып алуға – 15 678, үй-жайды жалға алуға – 656 берілді.
Көптеген қазақстандықтар грант алып, өздерінің бизнес-жобаларын табысты іске асыруда. Осындай мысалдардың бірі Алматы облысының тұрғыны Жанар Иманбаева болды, ол 400 АЕК көлемінде мемлекеттік грант алды. Көпбалалы ана «Хадиша дәмдері» ЖК тіркеп, құрал-жабдықтар сатып алып, жартылай фабрикаттар шығаратын цех ашты.
«Мен 2023 жылы «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқудан сәтті өтіп, сертификат алдым. «Мұздатылған жартылай фабрикаттар» жобасын қорғап, грант алдым. Бөлінген ақшаға қажетті құралдар-жабдықтар сатып алдым. Бүгінгі таңда менің цехымда 5 адам жұмыс істейді. Жартылай фабрикаттарды ұсыну үшін мектеп асханаларымен 4 келісім-шарт жасалды. Мен мемлекетке мүмкіндік үшін алғыс айтамын, болашақта өз бизнесімді кеңейтуді жоспарлап отырмын», – деп бөлісті әйел.
Тағы бір сәтті мысал – елордалық Бота Тұрарбаева. 2023 жылы «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздерін меңгеріп, конкурсқа қатысып, 400 АЕК көлемінде грант ұтып алды. Алған ақшаға жеміс-жидектерді, тәттілерді сублимациялауға арналған құрал-жабдықтар сатып алып, қазіргі таңда азық-түлік флористикасымен айналысады.
«Үш баланы жалғыз тәрбиелеп отырмын. Мен ұстаздық қызметте жүргенде науқас балалар мен гемоглобині төмен аналарды жиі байқадым. Мен неге дәмді және пайдалы тәттілерден сыйлықтар ойлап таппасқа деп ойладым. Декреттік демалыста болған кезде «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқуды аяқтап және қосымша азық-түлік флористика курсын оқыдым. Алынған қаржының арқасында құрал-жабдықтар сатып алып, жобамды жүзеге асыра бастадым», – дейді Бота Тұрарбаева.
Оның айтуынша, өз дағдыларын одан әрі дамыту үшін ол шоколад пен үй зефирін жасау бойынша кондитерлік курстардан өтті. Қазіргі уақытта кәсіпкер өз бизнесін кеңейтіп, «Botadan syi» студиясын ашты, сондай-ақ тағы екі әйелді жұмыспен қамтамасыз етті.
Қайтарымсыз гранттар конкурстық негізде халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтарға өтініш берілгенге дейін жұмыссыз немесе жеке кәсіпкер ретінде (тіркеу мерзімі үш жылдан аспайтын) тіркелген жағдайда беріледі.
Гранттар тұтыну мақсаттарына, кредиттік қарыздарды өтеуге, тұрғын үй жылжымайтын мүлігін сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға, акцизделетін өнім өндіруге берілмейді. Келесі жылы 9 мың грант беру көзделген. ortcom.kz _________________________
Почти 40 тыс. грантов выданы на реализацию новых бизнес-идей с 2022 года.
С 2022 года в рамках оказания активных мер содействия занятости гражданам, относящимся к социально уязвимым слоям населения, выдано 39 763 гранта для реализации новых бизнес-идей. Более трети от общего количества грантов получили многодетные семьи. Всего за последние три года планировалось выдать 38 тыс. грантов, сообщает Министерство труда и социальной защиты населения РК.
В разрезе категорий получателей 16 734 гранта выдано многодетным семьям, 5 142 гранта – лицам с инвалидностью, 3 498 – родителям, воспитывающих детей с инвалидностью, 1 611 – получателям адресной социальной помощи, 1 024 – получателям выплаты по потере кормильца, 11 754 – другим категориям.
Наибольшее количество грантов выдано в Кызылординской (6,5 тыс.), Туркестанской (6,4 тыс.) и Жамбылской (4,7 тыс.) областях, наименьшее количество – в области Улытау (286) и Костанайской области (963).
Безвозмездные гранты были выданы на: животноводство – 13 467, растениеводство – 474, приобретение инвентаря, орудий труда – 9 488, приобретение технологического оборудования – 15 678, аренду помещения – 656.
Многие казахстанцы, получая гранты, успешно реализуют свои бизнес-проекты. Одним из таких примеров стала жительница Алматинской области Жанар Иманбаева, которая получила государственный грант в размере 400 МРП. Многодетная мама зарегистрировала ИП «Хадиша дәмдері», купила оборудование и открыла цех по производству полуфабрикатов.
«Я в 2023 году успешно прошла обучение по проекту «Бастау Бизнес», получила сертификат. Защитив свой проект «Замороженные полуфабрикаты», получила грант. На выделенные деньги преобрела необходимый инвентарь. На сегодняшний день в моем цехе работают 5 человек. Заключено 4 договора со школьными столовыми на предоставление полуфабрикатов. Я благодарна государству за предоставленную возможность, в будущем планирую расширить свой бизнес», – поделилась женщина.
Еще одним успешным примером является столичная жительница Бота Турарбаева. В 2023 году в рамках проекта «Бастау Бизнес» она обучилась основам предпринимательства, приняла участие в конкурсе и выиграла грант в размере 400 МРП. На полученные деньги приобрела оборудование для сублимации ягод, фруктов и конфет, на данный момент занимается фуд-флористикой.
«Я одна воспитываю троих детей. Когда работала педагогом, часто наблюдала болеющих детей и мам с низким гемоглобином. Я задумалась, почему бы не придумать подарки из вкусных и полезных сладостей. Находясь в декретном отпуске прошла обучение по проекту «Бастау Бизнес», дополнительно прошла курс фуд-флориста. Благодаря полученному финансированию я закупила оборудование и приступила к реализации своего проекта», – рассказала Бота Турарбаева.
По ее словам, чтобы дальше развивать свои навыки она прошла курсы кондитера по изготовлению шоколада и домашнего зефира. На данный момент предпринимательница расширила свой бизнес и открыла студию «Botadan syi», также обеспечила работой еще двух женщин.
Безвозвратные гранты предоставляются на конкурсной основе гражданам, относящимся к социально уязвимым слоям населения, при условии их регистрации в качестве безработного или индивидуального предпринимателя (со сроком регистрации не более трех лет) до подачи заявления.
Гранты не предоставляются на потребительские цели, погашение кредитных займов, приобретение и строительство жилой недвижимости, приобретение земельных участков, производство подакцизной продукции. В следующем году предусмотрена выдача 9 тыс. грантов. ortcom.kz
Присоединяйтесь к ОК, чтобы посмотреть больше фото, видео и найти новых друзей.
Нет комментариев