Діні бөлек болса да, өмір - баршамызға ортақ. Сондықтан өзіңізге пайдалысын түртіп алып, өмір салтыңызға енгізіңіз.
1. Күнде 10-30 минут серуендеңіз. Серуендегенде күлімсіреп жүріңіз.
2. Күнде 10 минут тыныштықта отырыңыз.
3. Ұйқыңыз 7 сағаттан кем болмасын.
4. Үш Э-мен өмір сүріңіз: ЭНЕРГИЯ, ЭМПАТИЯ, ЭНТУЗИАЗМ.
5. Балаша ойнаңыз.
6. Көбірек кітап оқыңыз.
7. Дұға оқуға немесе йогаға уақыт бөліңіз, ол энергияңызды толтырады.
8. 70-тен асқан және 6-ға толмаған балалармен көбірек уақыт өткізіңіз.
9. Жиі армандаңыз.
10. Ағашта өсетін азықты көп жеңіз, зауыттарда өндірілетін тағамды аз тұтыныңыз. Су көп ішіңіз.
11. Күніне 3 адамның жүзіне күлкі үйіріңіз.
12. Энергияңызды өсек-аяңға жұмсамаңыз.
13. Өткен өмірдегі проблемаларды ойламаңыз. Бұрынғы ұрыс-керісті еске түсірмеңіз.
14. Басыңыздағы негативті ойларды алып тастап, жақсы ойлармен алмастырыңыз.
15. Өміріңізді ыза-кекке толтырмаңыз. Жан баласын жек көрмеңіз.
16. Дауласудан ылғи жеңемін деп тырыспаңыз. Қателіктеріңізді де мойындай біліңіз.
17. Өткен өміріңізді қабылдаңыз, онымен достасыңыз.
18. Өз өміріңізді ешкімдікімен салыстырмаңыз.
19. Кешірімді болыңыз.
20. Сізге қуаныш сыйламайтын заттың бәрінен арылыңыз.
21. Қызғанышқа жол бермеңіз. Ол жаныңызды қарайтады.
22. Өзіңізді қалай сезініп тұрсаңыз да - тұрыңыз, киініңіз, адамдармен араласыңыз.
23. Жақындарыңызға жиі хабарласыңыз.
24. Шамадан тыс өзіңізді қинамаңыз. Өзіңізді күтіңіз.
25. Өмір өте қысқа. Әр сәттің бағасын біліңіз.
Присоединяйтесь к ОК, чтобы посмотреть больше фото, видео и найти новых друзей.
Комментарии 26
Рахмет.