Қостанайда Қостанай облысының «AMANAT» партиясы атынан сайланған ауыл әкімдерінің форумы өтті.
Аталған форум жергілікті билік органдарының өзара байланыс алаңы саналады. Дәл осы алаңда ауыл әкімдері мен депутаттар арасында тәжірибе алмасуға, атқарылатын жұмыстарды айқындауға мол мүмкіндік берілді. Қарабатыр ауылдық округінің әкімі болып биыл тағайындалған Аманжол Хабылхан ауыл әкімдерінің форумына алғаш қатысуы.
-Маңызды жиынның көздегені – ауылдық жерлерді дамытудың өзекті мәселелерін талқылау, ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту жолдарын зерделеу. Форумға облыс әкімі Құмар Ақсақалов, «AMANAT» партиясы Орталық аппаратының басшысы Мәди Оспанов, «AMANAT» партиясының Қостанай облыстық филиалының төрағасы Алмат Досмұхамедов қатысты. Сондай-ақ, әкімшілік бірліктердің басшылары, облыстық мәслихат депутаттары, аумақтық филиалдардың төрағалары мен атқарушы хатшылары және бастауыш партия ұйымдарының жетекшілері болды. Бұл шарадан өзіме көп нәрсе түйдім. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов ауыл шаруашылығының дамуы, инфрақұрылымды жақсарту, әлеуметтік саланы дамыту жөнінде сөз сөйледі. Өңір басшысы пайдаланылмай бос жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтарту қажеттігі туралы айтты. Облыста жүзеге асырылып жатқан ауылдық аймақтарды дамытуға бағытталған жобалардың маңыздылығын атап өтті. Ол жергілікті әкімдердің артқан жауапкершілігіне назар аударып, олардың тұрғындардың өмір сапасын жақсартудағы негізгі рөлін айрықша тоқталды, – дейді Аманжол Хабылхан.
Форумда сөз алған «AMANAT» партиясы Орталық аппаратының басшысы Мәди Оспанов жергілікті атқарушы органдарға жүктелген жоғары жауапкершілікті атап өтіп, ауыл әкімдері институтының рөліне және елімізде жүзеге асырылып жатқан маңызды реформаларға тоқталды. Сонымен қатар, ол кәсіпкерлікті дамыту және экономикалық жағдайды жақсарту бағытындағы «Ауыл аманаты», «Жер аманаты» сияқты жобалардың мазмұнын ашып, партияның алдағы жоспарларымен бөлісті.
⠀
📌Толық мақаланы сайтымызда және #қамыстыжаңалықтары оқыңыз
⠀
⬇️💬
Присоединяйтесь к ОК, чтобы посмотреть больше фото, видео и найти новых друзей.
Нет комментариев