Әлденеге тамсанғанда - әдемі.
Қимай ғана қоштасқанда - әдемі,
Қуанышпен қарсы алғанда - әдемі.
Тана көзі жалт еткенде - әдемі,
Ақ білегі жарқ еткенде - әдемі.
Көрген жанды өнегелі, ибалы,
Қылығымен тәнті еткенде - әдемі.
Әйел деген мәз болғанда - әдемі,
Көктем келіп, жаз болғанда - әдемі.
Алма бетін аяз сорса - әдемі,
Кірпігіне қар қонғанда - әдемі.
Әйел деген гүл атқанда - әдемі,
Ұнағанда, ұнатқанда - әдемі.
Мөлдіреген жанарынан кей кезде,
Жалғыз тамшы құлатқанда - әдемі.
Жүгіргенде, не жүзгенде - әдемі,
Нәрестесін емізгенде - әдемі.
Қонағына дастарханын мол жайып,
Дәмді асынан жегізгенде - әдемі.
Өзін біреу мақтағанда - әдемі,
Арын адал сақтағанда - әдемі.
Іштей ғана ғашық болып біреуге,
Сыр ашуға батпағанда - әдемі.
Түнде кейде күндізден де әдемі,
Сүйгеніне сүйгізгенде - әдемі.
Бәрінен де ақ маңдайын сәждеге,
Таң бозынан тигізгенде - әдемі!
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Нет комментариев