Жас келе ұстанымдарыңды сезімге емес, ақылға салып қарастыра бастайды екенсің..
Осыдан біраз күн бұрын, Солтүстікке қайын жұрттан кішігірім делегация келген ед. Кішігірім болғанымен, делегацияны енемнің шешесі генерал-адмирал енем бастап келді. Үйді жартылай бітіріп, жанталасып кіріп жатқан кезім ед. Жиһаз алып үлгермегенбіз. Соған ішім ашып, қатты шамдандым әкесс шыны керек.
Бұрын осындай бір сәттерде енелерім келіп, үйдегі жетпей тұрған бір затты алып берген сәтінде, дүние жимайтын, сәнделмейтін нәқостығымды бетке басқандай сезініп, намыстанып арланатын тұғынмын. Онымен қоса әкесіз, шешесіз қалдырған тағдырымды боқтайтын ем. Мүмкін, қызғаныш шығар. Білмим.
Бірақ осы жолы, мүмкін есейгенім, мүмкін басқа бірдеме, әйтеуір бұл жағдайға басқаша қарадым.
Енелерім келгенде жаңа жыл уақыты ед. Дүкендердің бәрі жабық. Үйдегі жылы жұмсақтың бәрін жиып, қатыным төркініне төсек сап берді жерге. Солтүстікке келгелі бірінші рет, қайын жұртпен жаңа жылды қарсы алдық. Қайын апайым аспаз ед. Барын салып дастарқанды жайнатып берді. Туыстарын сағынып мұңайып жүрген әйелімнің бетіне шырай біткенін, апа апа деп балаларымның қонақтарды құшақтағанын көріп, туыс, жақын іздемейтін жаман мінезімді жек көрдім бірінші рет. Эгойст екенмін әкің..
Жаңа жыл өткесін, енем үйге жиһаз алып береміз, дүкендерге апар деді. Бұрынғы мінезім ұстап, ниетсіз оталдырдым көлікті. Дегенмен, қаладағы жиһаз сататын дүкендердегі әр диван төсекке отырып, ұстап көріп, Ұлпан, Тәуекелдер жұмсақ, жайлы төсекте жатсын, мынауы Дөртуыл, Үміттің ойнағанына жайлы екен, мына шкаф киім кешек салғанға ыңғайлы екен деп, қыруар затты кредитке алып жатқанда сырттарынан қарап ұзақ ойландым. Шыны керек, енелерім соонау жақтан мені сынау үшін келді деген ойым, таяз болған екен. Сөйтсем, бұл кісілер, соонау 2 мың шақырым жер, Қалбатау, Байбурадан жиендерін сағынып келген екен ау.. Не болсада жиендерім жайлы жүрсін деген ақ ниетпен кепті ау дедім ішімнен.
Қысқасы, 7 күн жатқан енелерімді өз қолыммен пойызға отырғызайын деп Астанаға келгем кешелері. Сол кезде есіме түсті, осы Астанада бір жігіттер мынадай тері, шапан, тымақ сатушы ед. Соларға хабарласып, рекламаңды жасап берейін, маған екі тері бер дедім. Қуана келісті. Нәтижесінде, мына тіземде тұрған бір Астананың ақ түлкісімен, қырдың қызыл түлкісін қайын жұрттың арқаларына жауып бердім. Мынадайды күтпесе керек, енелерім Шығысқа риза боп аттанды. Әттең деп қалдым ішімнен. Әттең тонның келтесі.
——
Қысқасы туыс керек екен. Айтқым келгені сол.
——
Айтпақшы, ертеңге дейін Астанадамын. Шәй ішейік, әңгіме дүкен құрайық дегендер мәрхаббат. Астымдағы ақбозатпен кез келген жерге барам. Хабарласың нақ)
"TAUEKEL". Теріскей бізге аманат.
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Нет комментариев