«Пайғамбарымыз (с.ғ.с.)«Егер сіздерден әлдебіреу үйленсе немесе қызметші жалдаса, былай десін: «Я, Алла! Расында, мен Өзіңнен оның игілігін әрі Сен оны не үшін жаратқан болсаң соның игілігін сұраймын және оның кесірінен Өзіңе сиынамын!» «Аллаһуммә, инни әс-әлукә хайра-һә уә хайра мә жәбәлтә-һә ‘аләйһи уә ә’узу бикә мин шәрри-һә уә шәрри мә жәбәлтә-һә ‘аләйһи!»+
Үйленген кісіге айтатын дұға:
«Бәрака-Ллаһу ләкә, уә бәракә ‘аләйкә, уә жәмә’а бәйнәкумә фи хайр!»
«Алла саған береке берсін және саған береке жаудырсын, әрі сендерді жақсылықта біріктірсін!»
Жыныстық қатынасқа түсердің алдында айтылатын дұға
Баланы тіл-көз және шайтанның кесірінен сақтағысы келген адам бала пайда болмаған кезден амал жасауы қажет. Ибн Аббастың сөздерінен Алла Елшісінің (с.ғ.с.)былай дегені жеткізіледі: «Егер сендерден әлдебіреуің әйелімен жыныстық қатынас жасағысы келіп: «Алланың атымен. Я, Алла, бізді шайтаннан аулақ ет және Сенің бізге беретініңнен де (баладан) шайтанды аулақ ет», - деп айтса, әрі (сол) ерлі-зайыптыларға балалы болу нәсіп етілсе, шайтан ешқашан оған зиян тигізе алмайды».
«Бисми Лләһи, Аллаһуммә, жәнниб-на-ш-шайтана уа жәнниби-ш-шайтана ма разақта-на».
Перзент сұрайтын дұға
Зәкәрия Пайғамбардың дұғасы: «Раббым! Маған Өз тарапыңнан бір игі ұрпақ сыйла. Анығында, Сен – тілекті Естушісің» («Әли Имран» сүресі, 38-аят).
«Рабби хаб ли минләдунка зуррийатан тайибәтан иннәкә сами уддуаа»
Салихалы әйел мен бала сұрайтын дұға
«Раббымыз! Жұбайларымызды және ұрпақтарымызды көзіміздің қуанышы ет әрі бізді тақуалардың (Өзіңе бойсұнып, жазадан қорқып, сақтанғандардың) алды ете гөр!».
«Роб-бә-нәә һәб-лә-нәә мин әз-уәә-джи-нәә уә зур-ри-иәә-ти-нәә қур-ро-тә әъ-иу-ниу уәдж-хәл-нәә лил-мут-тә-қии-нәә-и-мәә-мәә»
Салихалы ұрпақ сұрайтын дұға
«Раббым! Мені және ұрпағымды намазды (барлық шарттарын сақтап, беріле) толық орындаушы ет. Раббымыз! Тілегімді қабыл ал!» («Ибраһим» сүресі, 40-аят).
«Роб-бидж-ъал-нии му-қиимәс со-лә-тии уәмиңң зур-ри-иәтии раббәнә уә-тәқаббәл ду-ъәә-и»
Қырсық әйелдің, жаман достың кесірінен Аллаға сыйыну
Әбу Һурайра (р.а.) былай дейтін: «Пайғамбардың (с.ғ.с.) дұғаларының қатарында мына (дұға) да бар еді: «Я, Алла, ақиқатында, мен Сенен жаман көршіден, оның (кесірінен) шашым уақытысынан бұрын ағарып кететін әйелден, үстімнен би болатын баладан, мен үшін азапқа айналатын дүниеден, көзі мені көретін, ал жүрегі аңдып отыратын, әрі егер ол менен бір жақсы нәрсе көрсе, жасыратын, ал егер менен жаман нәрсе байқаса, жарияға жар салатын достан пана сұраймын» (Табарани)
(Аллаһумма инни а‘узубика мин жәри ссу-и, уа мин зәужин тушайибуни къаблә-л-мәшиб, уа мин уаләдин якуну ‘аләйа раббан, уа мин мәлин якуну ‘аляйа ‘азабан, уа мин халилин мәкирин ‘айнуху тарани уа қалбуһу яр‘ани ин ра-а хасанатан дафанаһа, уа изә ра-а сайиатан аза‘аһа).
Баланы барлық жамандықтан сақтауды сұрайтын дұға
Бұл дұғаны дем салудан кейін, бала сыртқа шығарда, қонаққа барғанда, кез келген уақытта жамандықтан Алладан пана сұрау үшін оқыңыз:
Ибн Аббастан (р.а.). Ол: «Пайғамбар (с.ғ.с.) Хасан мен Хусейнді пана сұратып: «Шын мәнінде сендердің бабаларың (Ибраһим) мұнымен Исмаил мен Исхақты пана сұрататын: «Әъузу би кәлимәтилләһит тәммә, мин кулли шайтанин уә һәммәһ, уә мин кулли ъайнил-ләммәһ (Әрбір шайтаннан және улы жәндіктерден, сондай-ақ әрбір сұқ көзден Алланың кәміл сөздерімен пана сұраймын)» деп айтатын»,-деген. (Бұхари).
Ер адамның өз отбасы мүшелері ауырған кезде дем салуы
Айшадан (р.а.): «Алла Елшісі біреуіміз ауырсақ, оны оң қолымен сипап: «Әзһибил-бә’сә, Раббән-нәс(и), уәшфи, Әнтәш-Шәфи, лә шифә’ә иллә шифә’укә, шифә’ән лә йуғадиру сақама(н) (Дертті кетір, адамдардың Раббысы! Шипа бер, Сен – шипа берушісің, Сенің шипаңнан басқа шипа жоқ. Ауруды қалдырмайтындай шипа бер)», – деп айтатын.
TELEGRAM KANAL KZ
( https://t.me/sezim_kz )
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Нет комментариев