Kaspi.kz брендіне 16 жыл!
Қазірдің өзінде 14 миллионнан астам қазақстандық және 700 мыңнан астам кәсіпкер бірегей үздік Kaspi.kz және Kaspi Pay мобильді қосымшалары арқылы біздің өнімдеріміз бен сервистерімізді күнделікті пайдаланады. Біздің командамыз күн сайын адамдардың өмірін жақсартатын инновациялық сервистерді әзірлеумен айналысуда. Біздің ең маңызды жетістігіміз – бұл сіздердің сүйіспеншіліктеріңіз және өнімдеріміз бен сервистеріміз туралы пікірлеріңіз!
Біз Қазақстанды әрдайым әлемдік инновациялар картасына түсіргіміз келетін және мұны сіздердің көмегіңізбен іске асырдық. Жылдың басында Kaspi.kz АҚШ-тағы NASDAQ биржасында IPO өткізді, онда сондай-ақ бүкіл әлемге әйгілі Apple, Amazon және Google сияқты компаниялар орналасқан. Қазақстанның көк байрағы Нью-Йорктің орталығындағы танымал Таймс-скверде желбіреп тұрды. Бүгінгі таңда сәтті Kaspi.kz IPO еліміздің инвестициялық тартымдылығын жаңа деңгейге көтереді деп сенімді түрде айта аламын, бұл халықаралық инвесторлар үшін Қазақстанға және қазақстандық компанияларға инвестиция салудың тағы бір белгісі!
Гарвард бизнес мектебі (Harvard Business School) Kaspi.kz туралы екінші оқу материалын жариялады. Мұның өзі кез келген компания үшін бірегей жетістік. Жаңа кейс «Kaspi.kz: Инновациялар арқылы сенім қалыптастыру» деп аталады. Ол Kaspi.kz-тегі бірегей корпоративтік мәдениетке және клиенттеріміз бен серіктестеріміз үшін шығаратын сервистердің сапасына деген құштарлығымызға арналған.
Сүйікті клиенттеріміз бен серіктестерімізге бізбен бірге болғаны үшін рақмет айтамыз! Бізді жаңа жетістіктерге шабыттандырып, үнемі жақсара беруіміз үшін кері байланысты жалғастыра беріңіздер. Біз өз тарапымыздан алдағы уақытта да өміріңізді жақсартатын инновациялық сервистерді жасай беретінімізге, сөйтіп Қазақстанның дамуына үлесімізді қосатынымызға уәде береміз!
Құрметпен,
Сіздің Михаил
Kaspi.kz в VII Китайской международной импортной выставке в Шанхае.
...https://l.kaspi.kz/O_zhuma10
https://l.kaspi.kz/O_zhuma10
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Нет комментариев