Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі.
Күні: 21.05.2021ж
Білім беру саласы: «Таным»»
Ұйымдастырылған оқу қызметі: «Жаратылыстану» Тақырыбы: «Тауық» Мақсаты: Құстарды қамқорлыққа шақыру оның ішінде ауламыздағы уй құстарымен таныстыру. Уй құстарының айырмашылықтары мен ұқсастықтарын ажырату және оларың күнделікті өмірге пайдасы жайында айтып түсіндіру. Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту. Балаларды мейірімділікке, бірлікке тәрбиелеу .Құстарға деген сүйіспеншіліктерін арттыра отырып оларды қадірлей білуге үйрету.
Тауық-курица, яйцо- жұмыртқа, қауырсын-перья Көрнеккіліктер: тауықтың жұмыртқасы,көрнекілік топтамалар- слайд, жем, суреттер, пазл, унтаспа және т.б. Ұйымдастырылған оқу қызметінің әдіс тәсілдері: сұрақ жауап,жеке жұмыс,өзін-өзі тану. Мотивациялық түзетушілік:
Шаттық шеңбері. Біз ақылды баламыз
Өсті ақыл санамыз
Қонақтарға келген біз
Амандасып аламыз.
Сәлеметсіздер ме?
Жұмбақ:
Күн батса қонақтап қалғыған,
Таң атса жерден жем аңдыған.
(Тауық).
Слайд:: тауық қандай дауыс шығарады?
Мақсаты: Балаларкөздерімен көре отырып қоршаған ортаны танып білу, есту, елестету арқылы ой өрістерін дамыту
Балалар тауық туралы тақпақ білесіңдерме?
Қане кім айтып береді екен?
Сағи:
Шұбар тауық мүлдем,
Жолатпайды барса.
Ұясында жүрген,
Балапаны қанша?
Расул:
Заманда бір ертелеу
Тауық бопты еркелеу,
Өзгелерден шамалы
Ақыл ойы келтелеу.
Береке:
Балапанын тауық
Қызғанады жаман
Қанатымен жауып
Санатпайды маған
Бектемір:
Бұл балапан қандай мықты
Жұмыртқаны жарып шықты
Шыға салып ерінбеді
Жемін өзі теріп жеді.
Дидактикалық ойын:
«Көлеңкесін тап».
Мақсаты: Баланың зейінін, тапқырлығын арттыру.
Шарты: Түрлі тауықтардың көлеңкесін табу.
Сергіту сәті:
Чип -Чип -Чужаләрім әніне билеу.
Дидактикалық ойын:
«Кім жылдам!»
Мақсаты: Интербелсенді панельмен жұмыс жасау арқылы баланың тапқырлығын арттыру. Жан-жақты дамуға, қызығушылығын арттыру. Шарты: Интербелсенді панельіндегі үй құстарының арасынан тауықты тауып белгілеу.
Рефлекциялық түзетушілік:
Балалар көктем мезгілі жайында не айтып бере аласыңдар?
Көктем мезгілінде неше ай бар?
Айларды кім атап бередә?
Бүгінгі ҰАОҚ не туралы өттік?
Тауық қандай құстарға жатады?
Тауықтың пайдасын білесіңдер ме?
Қортынды: Сұрақ қою жауап алу. Балаларды мадақтау.
Күтілетін нәтижие: Біледі тауық пен балапанды.
Жаңғыртады: Тауық пен балапанды ажыратуды.
Түсінді: Әр түрлі заттың көлеңкесі бар болатынын.
Тауықтың пайдасын білу.
Ортанғы "Жұлдызша"тобының тәрбиешісі Несипакынова Жадыра Канаткызы "Айналайын" бөбекжай-балабақшасы
Присоединяйтесь к ОК, чтобы посмотреть больше фото, видео и найти новых друзей.
Нет комментариев