31 қазан – бүкіләлемдік жинақтау күніне орай, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің басшысы, оның орынбасарлары мен департамент директорлары банктің қалалық филиалында жұмыс істейтін қатардағы қызметкерлердің орнына алматылық салымшыларға өздері қызмет көрсетті. Бұл іс-шараның басты мақсаты – фронт-кеңсенің жұмысымен жақынырақ танысып, клиенттерге қызмет көрсетудің әлсіз жақтарын анықтау және алдағы уақытта бизнесс-процесстердің кем тұстарын барынша жетілдіру.
-Біз осындай іс-шараларды үнемі өткізіп тұрамыз. Жапондық менеджментте ол «гемба» деп аталады. Яғни, компания басшысы қатардағы қызметкердің орнына отырып, жұмысқа тікелей араласып, оның әлсіз және күшті жақтарымен танысады. Өйткені, өз кеңсеңде отырған кезде, жұмыс барысын, сондай-ақ, клиенттердің қай кезеңде қажетті процедуралардан тез өтіп, қай кезеңде жетілдірілмеген процестер есебінен өте алмайтындығын үнемі бақылап отыру қиын, - деп атап өтті Ләззат Ибрагимова.
Банк басшылығының бір күнге жұмыс орнын ауыстыруы - клиенттермен тығыз байланыс орнатумен қатар, оларға қаражат жинақтау мәдениетін үйретуге жол ашады. Осы орайда, дәл Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі қазақстандықтарға ақшаны үнемдеп, жинақтауға мүмкіндік береді. Қазір аталған жүйе бойынша 1,4 млн. қазақстандық азамат өз шоттарында 729,3 млрд.теңге көлемінде қаражат жинақтаған. Күн сайын банкте 1 000-нан астам жаңа депозит ашылуда. Бастапқы жарнаны жинаған банк салымшылары тұрғын үйді жылдық 2%-дан 8,5%-ға дейінгі мөлшерлемемен несиеге сатып алуларына болады. Мәселен, биыл осы мүмкіндікті 41 105 адам пайдаланған. Бұл күніне орташа есеппен 180 займнан беріледі деген сөз.
#hcsbk #zhilstroy
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Комментарии 1