Осыған байланысты біздің бөлімшелеріміз бен филиалдарымыздың жұмыс кестесінің өзгергендігін хабарлаймыз.
30 желтоқсан күні банк күнделікті жұмыс кестесі бойынша жұмыс істейді.
31 желтоқсанда – бірқатар банктік операциялар жүргізілмейді. Атап айтсақ: посткредиттік операциялар мен займдарды беру жөніндегі операциялар сағат 13.00-ге дейін, ал құқықтар мен міндеттемелерді табыстау бойынша қосымша келісімдерді және тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы келісімшартты жасау мен оны бұзу, тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы келісімшарттарды біріктіру және оны бөлу жөніндегі депозиттік операциялар сағат 16.00-ге дейін жүргізіледі. Банк филиалдарының кассалары арқылы ақша қабылдау жөніндегі операциялар сағат 17.00-ге дейін аяқталады; «ЖССБ24» интернет-банкингі мен банкоматтар арқылы займды өтеу және депозитті толықтыру үшін ақша сағат 20:00-ге дейін қабылданады.
Төлем терминалдары арқылы займды өтеу және депозитті толықтыру үшін ақша келесі күндері қабылданады:
• 30 желтоқсан, сағат 17:00-ге дейін
• 31 желтоқсан, сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін
• 5 қаңтар, сағат 08:00-ден бастап.
31 желтоқсан күні, сағат 20:00-ден бастап, 5 қаңтар күні, сағат 08.00-ге дейін терминалдар жұмыс істемейді.
2020 жылғы 1,2,3,4 қаңтар (сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі) – демалыс. Бұл күндері ешқандай операциялар жүргізілмейді.
5-6 қаңтар – жұмыс күндері. Бұл күні тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы келісімшарт талаптарын өзгертуге қатысты операциядан басқа (құқықтар мен міндеттемелерді табыстау, біріктіру, бөлу/қаражатты жартылай шешіп алу, тарифтік бағдарламаны ауыстыру) барлық операция түрлері жүзгізіледі.
7 қаңтар – демалыс.
8 қаңтардан бастап банктің филиалдары мен терминалдары штаттық режимде жұмыс істейді.
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Комментарии 1