Қазіргі кезде 1,5 млн қазақстандық Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне сенім білдіріп, 400 мыңдай адам осы жылы депозит ашты.
Ал, 48 414 отбасы биыл өз баспанаcы үшін жылдық 2-8,5%-дық ең төменгі мөлшерлемемен несие алды. Күн сайын банктің көмегімен кемінде 160 салымшы қоныс тойын атап өтуде! Бұл жөнінде бүгін өткен баспасөз-конференциясы барысында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова мәлімдеді.
- Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі өнімдері қолжетімді болғандықтан, сондай-ақ, халықтың банкке деген үлкен сенімділігінің нәтижесінде осы өнімдерге деген сұраныс өте жоғары. Біз алға қойған мақсаттарымызды толықтай орындап шықтық деп санаймыз. Дәлірек айтсақ, біз биыл аса маңызды мемлекеттік міндеттердің бірі – табысы төмен отбасыларға арналған «Бақытты отбасы» бағдарламасын дайындап, іске қостық. Қазіргі сәтте, 4 053 отбасы қоныс тойын атап өтті. Бұдан бөлек тағы 736 отбасы өтінімдері бойынша оң шешім алып, қазір өздеріне лайықты үйлерді іздестіру үстінде, - деп атап өтті Ләззат Ибрагимова.
Сонымен қатар, банк әрбір алтыншы несиені «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында берді. Ал, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің «Әскери баспана» атты жеке бағдарламасының бойынша 2019 жылы 3 811 әскери қызметкер баспаналы болды.
Біз клиенттерімізге сапалы қызмет көрсету үшін барынша жағдай жасауға тырысудамыз. Мәселен, 2019 жылы алдын-ала банктік біліктілік пен банк кеңесшілері арқылы қашықтан несиелік өтінімдерді қабылдау процесін іске қостық. Яғни, енді Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің клиенттеріне несие бойынша өз мүмкіндіктерін алдын-ала бағалау үшін банк бөлімшесіне барудың қажеті жоқ. Олар өзіне ыңғайлы уақытта кез-келген жерге банк кеңесшісін шақыртуына болады. Олар қашықтан депозит ашумен қатар, салымшының төлем қабілеттілігін шамалап есептеп, алдын-ала мақұлданған несие сомасы көрсетілген арнайы сертификатты береді.
#hcsbk #zhilstroy
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Нет комментариев