Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі «Бақытты отбасы» бағдарламасына қатысушы отбасылардың балалары үшін жаңажылдық шырша ұйымдастырды. Бас қаланың кішкентай тұрғындарына арналған бұл шара Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жаңа филиалының ашылуымен тұспа-тұс келді. Көпшілікке таныстырылған бөлімше Рақымжан Қошқарбаев көшесі, 26-үй мекенжайында орналасқан.
Салтанатты іс-шара барысында қала әкімі Алтай Көлгінов пен «Бәйтерек» Холдингінің Басқарма Төрағасы Айдар Әріпханов банк клиенттерінің барлығын келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, мерекелік шыршаға қатысқан 250 бүлдіршінге тәтті сыйлықтар таратты.
«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі – халықтың банкі. Қазір банкте 1,5 миллион адам болашақ үйлері үшін қаражат жинақтауда. Және олардың саны күннен күнге артып келеді. Клиенттермен тығыз байланыста болу үшін, бүгін біз астанада банктің жаңа филиалын аштық. Мұнда салымшыларға барлық қызмет түрлері көрсетілетін болады. Жаңа ғимаратта жайлы күту залы мен балаларға арналған ойын алаңы бар. Ол, сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі банк клиенттері үшін барлық қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген», – деп атап өтті «Бәйтерек» Холдингінің Басқарма Төрағасы Айдар Әріпханов.
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің басшысы Ләззат Ибрагимова бүгінгі күні тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін барынша пайдаланып, банкте үйге деп ақша жинап жатқандардың қатарында Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары ерекше белсенді екендігін атап өтті. Қазіргі сәтте банкте 208 мың астана тұрғыны шот ашқан. Олардың жинақ сомасының жалпы мөлшері 143 млрд теңгені құрайды. Биыл банктің көмегімен Нұр-Сұлтан қаласының 10 мың тұрғыны қоныс тойын атап өтті.
#hcsbk #zhilstroy
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Нет комментариев