Ол отбасында орын алған қаржы тапшылығына байланысты мектептен соң оқуын жалғастыра алмай, базарда жұмыс істей бастаған. Біраз уақыт өткеннен кейін, жәй ғана жұмысшы қыздан жеке кәсіпкерге айналып, 2 топтағы мүгедектігі бар әпкесін өз қамқорлығына алады. Жоғары білім иесі атану - Несіпкүлдің көптен бері ойлап жүрген арманы болатын. Сөйтіп, ол Алматы экономикалық университетіне оқуға түсіп, оны үздік аяқтайды.
Тұрмыс құрып, сәбилі болғаннан кейін Несіпкүл 5 жыл бойы жеке кәсібімен айналысады. Ал 2014 жылы ол Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің кеңесшісі болып жұмысқа тұрады. 2 жыл өткеннен кейін банк кеңесшілерінің көшбасшысы атанып, «Алтын» сауда үйінде өзінің жеке кеңес беру орталығын ашады. Бүгінде оның қарамағында 13 кеңесші қызмет етеді.
«Мен қазір сүйікті жар, табысты әйел, бес баланың бақытты анасымын. Мен өзімнің жұмысым арқылы көптеген қарапайым адамдардың баспана мәселесін шешуге көмектесіп жүрмін. Бұл мен үшін өте маңызды. Өзімнің командамды мақтан тұтамын, оларға алғысым шексіз. Біз кез-келген жағдай болсын, бәріміз бір отбасыдай бірігіп жұмыс жасаймыз. Алға қойған мақсаттарымызға да жеттік, десек те мұнымен тоқтамай, жаңа белестерді бағындыруға бар күшімізді салудамыз, - дейді Несіпкүл.
Достар, егер сіздерге Шымкент қаласында кеңес қажет болса, онда Несіпкүлге +7 771 140 0005 телефон нөмірі бойынша хабарласуларыңызға болады.
#hcsbk #zhilstroy
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Нет комментариев