ГЛАВНЫЙ ПОЛИЦЕЙСКИЙ СКО ПООЩРИЛ СОТРУДНИКОВ ЗА ВЫСТУПЛЕНИЕ НА МЕЖДУНАРОДНЫХ СОСТЯЗАНИЯХ СПЕЦНАЗА
✅ СҚО полиция департаментінде Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында арнайы мақсаттағы бөліністердің арасында өткен the UAE SWAT Challenge — 2025 VI халықаралық жарысының қатысушылары марапатталды. Байрақты бәсекеге әлемнің түкпір-түкпірінен 105 команда қатысты.
Беделді халықаралық жарысты «Арнайы мақсаттағы бөліністердің олимпиадасы» деп атайды. Аталмыш жарысқа тактикалық жаттығулар, шабуыл тапсырмалары, құтқару жұмыстары кіреді және жауынгерлерге қажет барлық практикалық дағдылары сыналады. СҚО ПД мәжіліс залының экранында жиналғандарға жарыстың әсерлі кадрлары көрсетілді.
Жарысқа алғаш рет «Арлан» және «Tomiris» командалары қатысты. Олардың құрамында солтүстікқазақстандық арнайы бөліністердің қызметкерлері: полиция капитандары Татьяна Долбышева мен Батырхан Қайырбек өнер көрсетті. «Tomiris» – жылдам қимылдайтын арнайы жасақтардың әйел қызметкерлерінен құралған команда. Олар екінші орынға ие болды, бүкіл әлемге қазақстандық қыздардың нағыз батыр екенін көрсетіп, жоғары нәтижеге қол жеткізді.
Халықаралық деңгейде жоғары шеберлік көрсеткен қызметкерлерді салтанатты жиында СҚО ПД бастығы полиция генерал-майоры Айдын Қабдұлдинов марапаттады. «Құрметті әріптестер, сіздер әлемдік арнайы бөліністердің элитасы арасында Қазақстанның позициясын нығайта отырып, кәсібиліктеріңізді көрсеттіңіздер. Біз сіздермен мақтанамыз. Мұндай жеңістер бүкіл халықты, әсіресе жастарды жігерлендіреді», - деді ол.
✅ В департаменте полиции СКО чествовали участников VI Международных соревнований спецназа The UAE SWAT Challenge — 2025 в г. Дубай Объединенных Арабских Эмиратов. В них приняли участие 105 команд со всего мира.
Престижные международные соревнования называют «Олимпиадой спецназа». Они включают тактические упражнения, штурмовые задания, спасательные операции и охватывают все практические навыки, необходимые бойцам. На экране актового зала ДП СКО были показаны впечатляющие кадры состязаний.
Впервые в них участвовали команды «Арлан» и «Tomiris», в которые входили сотрудники спецподразделений из Северного Казахстана: капитаны полиции Татьяна Долбышева и Батырхан Каирбек. К слову, «Tomiris» — женская сборная из сотрудниц специальных отрядов быстрого реагирования — добилась впечатляющего успеха, заняв второе место и показав всему миру, что казахстанские девушки — настоящие герои.
За достойное выступление обоих сотрудников в торжественной обстановке наградил грамотами начальник ДП СКО генерал-майор полиции Айдын Кабдулдинов. «Уважаемые коллеги, вы показали свой профессионализм, укрепив позиции Казахстана среди элиты мировых спецподразделений. Мы гордимся вами. Такие победы вдохновляют весь народ, особенно молодежь», — подчеркнул он.
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Нет комментариев