Бірде Голландияда ауқатты бір адам тамақтануға бір мейрамханаға кіріпті. Ол он екі жұмыртқаға тапсырыс беріп, енді столға отыра бергенде бір адам келіп құлағына маңызды бір нәрсені сыбырлайды. Бай адам дереу мейрамханадан шығып, атына отырып кете барады. Сөйтіп тапсырыс берілген он екі жұмырқаның ақшасы төленбей қала беріпті.
Он жыл өткеннен кейін әлгі адам сол мейрамханадан жолай өтіп бара жатып оның иесіне: «Есінде ме, он жыл бұрын саған он екі жұмырқаға тапсырыс беріп, ақшасын төлей алмай кетіп едім» - депті.
Мейрамхана иесі: «Әріне есімде. Тапсырыс сенің есебіңе жазылған. Оның ақшасын төлей алмайсын деп қорқып тұрмын».
Бай адам күлді де былай деді: «Қапаланба, достым. Аллаға шүкір он екі жұмыртқаның есебін беруге байлығым жетеді».
- «Ал егер төлей алмасаң?»
- «Неге төлей алмаймын?»
- «Өйткені сен тапсырыс беріп төлемей кеткеннен кейін мен дереу сотқа барып саған шағым жасадым. Ертең біз екеуміз сотқа барамыз».
Бай адам мейрамхана иесінің сөзіне мән берместен ішінен: «Он екі жұмыртқада тұрған не бар екен?» - деп ойлады.
Ертеңінде екеуі сот алдына келді. Жағдайды ең алдымен мейрамхана иесі былай деп түсіндірді: «Он екі жұмыртқадан он екі балапан шығар еді, ол он екі балапан тағы да жұмырқалар еді. Ол жұмыртқалардан тағы да балапандар пайда болушы еді. Сөйтіп он жылда қаншама балапан, қаншама жұмырқаларым болар еді. Бұл адамның кесірінен қаншама зиянға ұшырадым». Сот мейрамхана иесінің шағымын мақұлдап, бай адамнан есеп айырысуын талап еді. Бірақ адамның ақшасы есеп айырысуға жетпейтін еді
Соттан шыққаннан кейін әлгі бай адам көшеде келе жатып кішкентай бір адамды кездестіреді.
- «Мырза! Сізге не болды? Өмірден түңілгенге ұқсайсыз».
Бай адам басынан өткендерінің барлығын әлгі кішкентай адамға жайып салады. Болған оқиғаны түгелімен тыңдап болған ол: «Сіздің басыңызда болған қиыншылықтан құтқаруға тырысамын. Ертең сотқа барып қорғаушы жалдағаныңызды айтыңыз және олардың істі қайта қарауын сұраңыз. Содан кейін маған хабар беріңіз» - деді.
Не айтарын білмеген бай адам бейтаныс жанға: «Егерде шыныменен көмектесетін болсаңыз, сізге сегіз жүз алтын тиын беремін».
Ертеңінде бай сотқа барып, істі қайта қарауын сұрайды. Белгіленген күн болғанда бай адам өзінің қорғаушысын күтеді, бірақ ол келмейді.
Сот шешімін қабылдар кезінде ғана қорғаушы келеді. Судья оның неліктен кешіккенін сұрайды. Ол: «Кешірім өтінемін, бұршақ пісіріп кешігіп қалдым». Мұндай жауапқа ызаланған судья: «Бұршақтың бұл іске қандай қатысы бар?» - дейді.
- «Қалайша қатысы жоқ? Оны бауға егемін» - деп жауап беріпті қорғаушы.
Судья таңырқай:
- «Кім піскен бұршақты егеді? Ол тамыр бермейді гой?»
- «Әріне сіздер дұрыс айтасыздар. Сондықтан да мен піскен жұмыртқадан он екі балапан шықпас деп ойлаймын».
Жақсылап ойланыңдар және дұрыс қорытынды шығарыңдар. Көріп отырғандарыңдай бай адам мейрамхана иесіне піскен он екі жұмыртқаның ғана ақшасын қайтаруы керек болатын.
Бір күн бәрібір оны тастаймын.
Мен онымен танысқанымда менің жасым он төрте болды. Ол менен бірнеше жас үлкен еді. Мен оның өмірінде алғашқысы да, соңғысы да емеспін деп ойлаймын. Бәрі мені оның қасында кішкентай деп санайтын. Бұл құпияммен ең алғаш достарыммен бөлістім. Ата-анама бұл туралы тіс жарып ештеңе демедім. Басында ермек деп ойлаған мен не деген ақымақ едім! Басында анда-санда ғана кездесіп тұрушы едік. Күндер өте кездесуіміз жиілей берді. Көп уақыт өтпей-ақ ол менің өмірімде маңызды орын алды. Ол маған ұнайтын, алайда өз-өзіме: «Мен оның құлы емеспін, қалаған уақытымда оны тастап кете аламын» деуші едім.
Бірақ уақыттан кейін ол менің өмірімді толық жаулап алды, оны өзім де аңғармай қалдым. Бірде анам екеумізді көріп қойды. Олда да біздің ізімізден сезді. Ол да мені тоқтата алмады. Анам маған ашуланбады да, айқаламады, тек ақыл-кеңесін айтты. Өйткені тиым салғанымен біздің кездесуімізге кедергі келтіре алмасын білді. Бұған дейін де байланысымыз жасырын болды; бұдан кейін де құпия күйінде қалдыруға болар еді. Біз бір-бірімізге сондай қатты үйреніп кеттік.
Өткен өміріме көз салсам, онымен кездескеніме он екі жылдай болыпты. Осы жылдарда мен ол үшін бәрін арнадым, ол болса тек жалған қуаныш сыйлапты. Ол үшін өмірімді қиюға да дайын едім. Ол үшін күресуге дайын тұрдым, бірде ол үшін қатты ауырып та қалдым. Сонда да оны тастауға қимадым. Мен нендей күйге түсіргенін көрдім. Алдымен оны сүйдім, соңынан жек көрдім. Сонда да онымен байланысымды үзе алмадым. Неге десең, ол үнемі менің жанымнан табылатын. Ол менің қайрат жігерімді жойғанын білемін. Ол үшін де талай адамның жүрегін ауырттым. Оның бәрінен қиыны - өз жүрегімнің жаралы екендігі. Ол менің өміріме терең байлағаны соншалықты, жақын адамдарыммен түсті.
Достарым оны жек көретін. Кейде менің де одан жүрегім айнитын. Біздің еріндеріміз түйіскенде мен оның жанынан бірдеңені ұрлап, ол менің денеме бір нәрсе істегендей болушы еді. Біздің әр кездесуімізден кейін ол әдемі болып көрінетін де, ал мен күннен күнге нашарлап бара жатқандай болам. Сонда да мен оны тастай алмадым. Шынында бірнеше рет ара-қатынасымызды үзуге тырыстым. Бірақ ол жанымда болмағанда оған деген сағынышымды жеткізе алмаушы едім.
Асылып та қалғым келді. Мені тек сол туралы ойларым ғана тоқтатты. Ұзақта, ынтызарлы түндер ұмытылмады. Жаным жай таппай тырнағымды да кемірумен болдым. Бұл да көмектеспеді. Шәкілдеуік шағып, фисташка, түрлі жаңғақ жеуді ермен еткім келді. Онымен кездеспеген аз күннің ішінде мен толып шыға келдім. Сөйтіп оған қайта оралдым. Қазір ол менің жанымда.
Бірақ сіздер куә болыңыздар, мен тағы да ант беремін: бір күні осы қарғыс атқыр шылымды тастап кетемін.
Демократия.
«Демократия деген не?» деп сұрады баласы әкесінен кешкі ас үстінде. «Жақсы сұрақ, бері қара балам, бұл сұраққа жауап беру үшін кейбір терминдерді білуің керек. Мысалы: біз – бір жанұямыз, кішкентай мемлекетпіз.
Мен әке ретінде ақша тауып, үйге әкелемін, яғни мен – капиталмын. Сенің анаң ол ақшаны керек – жараққа жұмсайды. Сонымен ол біздің қажеттілігімізді қамтамасыз етеді, яғни ол – мемлекет. Үй қызметшісі біздің үйге қызмет етеді, яғни ол – жұмысшы тобы. Сен – халықсың, сенің інің – біздің болашағымыз. Бүгінге саған осы жетеді, осы терминдерді меңгеріп ал, ертең саған демократияның не екенін түсіндіремін» деді әкесі.
Түнгі сағат үште бала інісінің жылағанын дауысынан оянып кетеді. Не үшін жылағанын білгісі келген ол, інісінің жанына келсе, астын сулап қойған екен. Бала анасын оятайын деп барса, анасы қатты ұйықтап қалған екен, оянбапты. Әкесін іздесе, әкесі жоқ болып шықты. Әкесің іздеген бала астыңғы қабаттағы ас үйге кетіп бара жатып әкесі мен үй қызметшісімен сөйлесіп отырғанын естиді. Бала ас үйге кірмей өз бөлмесіне қайтып оралады да, әкесі айтқан терминдермен көргендерінің арасындағы байланысты іздейді.
Таңертең бала оянып мектепке баруға жиналып ас үйге түссе әкесі мен анасы таңғы астарын ішіп отыр екен.
Оны көрген әкесі: «Балам, бері кел, мен саған демократияның не екенін түсіндіріп берейін» деді.
Бала: «Рахмет, мен демократияның не екенін түсіндім» деп жауап берді.
«Қалайша?» деп таң қалған әкесі.
Бала: «Әке, демократияда – мемлекет ұйықтайды, капитал жұмысшы топ қолында, халық ары-бері жүреді, ал болашағыныз нәжісте жатыр» депті.
Әдептілік.
Әдепсіздіктің ең жаман нәрсесі – ләззатқа салыну. Адамдар көбі нәрселерде қате жібереді. Қатесін жөндитін деген адамға кедергі келтіреді. Әдептілікте ең жақсы нәрсе – қатені жөндеуде қырсықтық танытпау. Егер де біреу сенің қатеңді бетке айтас ол адамға: «Менің білмеген қатемді жөндегенің үшін рахмет» деуің керек.
Бірде Мединада Омар Халиф пен Абдурахман бин Авф елдің жайын талқылап келе жатыпты. Бір кезде бір үйден дауыстар шығыпты. Бұлар ол үйге жақындағанда Халиф: «Бұл кімнің үйі екенін білесің бе?» деп сұрапты. Абдурахман бин Авф білмейтінін айтады. «Бұл Ребин бин Умейдің үйі. Бұл үйдің ішіндегілердің бәрі мас. Айғалап жатқан солар. Бұған не дейсің? Бұларды қалай жазалаймыз» деп сұрапты Халиф.
Абдурахман бин Авф: «Мұнда нағыз жазаға лайықты мына біз».
Бұл жауапқа Халиф таң қалды да түсіндіруін сұрады.
Ол былай деп жауап берді: «Өйткені Алла Тағала біздің басқалардың құпиясын ашпаумызды сұрады. Біз қазір керісінше істеп тұрмыз, яғни өзіміз ережені бұздық». Халифа Омар ойланып тұрда да оған қолын беріп: «Менің қолымнан ұста, олар бізді жазаламай тұрғанда бұл жерден кетейік» деді.
Сіздер не ойлайсыздар. Сіздерде осындай жағдай бола ма?
Әділеттілік.
Кейде біз болған нәрсенің сыртына ғана қарап әділетсіздік деп табамыз. Сөйтіп өз-өзімізге: «Бейшара, бақытсыздыққа ұшырапты-ау» деп, көңілімізді түсіреміз. Себебін түсінбей жатып, өзімізше бақытсыздыққа жоримыз. Өз тағдырымызға көз салып, келер болашақты да болжай алмаймыз. Сондықтан болған жайтқа «Бұл істе мен үшін хайыр бар» деп қана қою керек. Бұл жайын да мына бір мысалға қарайық: күндердің бір күні Мұса пайғамбар Алла Тағаладан адам көре алмайтын істің ішкі жағын астарын көрсетуін сұрапты.
Аллаһ бұл тілегін қабыл алыпты да, қос жолдың тарабында орналасқан бұлақтың қарама-қарсы жағына барып тығылып жатуын тапсырыпты. Мұса пайғамбар айтқан жерге келіп, бір бұтаның түбіне келіп тығылып, жан-жағын бағдарлай бастайды.
Бұлақ басына атқа мінген ер адам келіп су ішіп, демалуға түсіп, бірнеше минуттан кейін асыға атына отырып жүріп кетеді. Бұл адам демалуға түскенде белбеуіне байланған алтын салынған дорбасын ұмытып кетеді.
Біраз уақыттан соң бұл жерге су ішуге бір жас жігіт келеді. Сәл демалғаннан кейін жүрмекші болғанда алтын салынған дорбаны байқап қалады. Алтынды көрген ол қатты толқиды. Ол алтынды алады да, өз жөнімен кете барады. Бірнеше сағаттан кейін бұлақ басына соқыр бір шал келеді. Ол да шөлін басып, бұлақ басына демалуға жатады. Сол кезде алтынын ұмытып кеткен адам келіпті. Алтынын таба алмаған ол шалға: «Менің ұмытып кеткен ақшаларым сенде болуы керек. Тезірек қайтарып бермесең, басыңды аламын» деп қорқытады.
Қария: «Балам, менің екі көзім де су қараңғы. Сенің ақшаларыңды қайтіп алам?» деді.
Әлгі адам сөзіне сенбей, оны өлтіріп тастайды. Сөйтті де атына отырып шаба жөнеледі. Мұны көріп отырған Мұса пайғамбар Аллаға: «О, Жаратушым! Бұл жерден ешқандай әділеттілік көріп тұрған жоқпын. Ақшаны жас жігіт алып кетті. Ал бұл ер адам қарияны жазықсыз өлтірді» депті.
Алла Тағала оған былай жауап берді:
«Ей, Мұса! Адамның барлығы істің сырт келбетін ғана көреді. Ішкі жағына терең үңілмейді. Сондықтан кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс екенін ажырата алмайды. Мен қазір істің ішкі жағын түсіндіремін. Ең алғашқы жолаушы кезінде біреуді жұмысқа жалдапты. Алайда ол жұмысшыға ешқандай жалақы төлемепті. Ақшаны тапқан жас жігіт әлгі жұмысшының ұлы болатын. Жұмысшының алу керек жалақысы қанша болса, дорбада сонша алтын болған. Ол алтындар жас жігітке әкесінін қалған мұра еді.
Жолаушының қолынан өлген қария кезінде қатігез адам болатын. Ол өз қолымен көп адамды өлтірді. Сондықтан адамдар оның көзін ойып алады. Өлгендердің ішінде жолаушының да әкесі бар болатын.
Көрдің бе, әділеттілік орнады. О, Мұса! Адамдарға айт, ақиқатын көрмеген істі жамандыққа жорымасын».
Не болса да: «Мұнда бір ғибрат бар деп түсіну керек» - деді.
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Нет комментариев