Сәуір айының басы болатын. Табиғаттың ұйқыдан жаңа оянып, құлпырып келе жатқан кезі болатын. Алыс мекеннен күн де келіп барлығына жылы жүзбен қарады. Гүлдер өте әдеміленіп күннің назарын өздеріне аударуға тырысты. Күн табиғаттың мұндай құлпырығанын көріп бақытқа кенелді. Бір күні оның көзі кеуіп, құр талдары ғана қалған ағашқа түсіпті. Оны қатты аяған күн оның кім екенін сұрапты. «Менің атым миндаль» деп өте нәзік дауымпен үрейлене тіл қатыпты.
Бұдан кейін күн бұл ағашқа ерекше назарын аударыпты. Содан кейін де бұл ағаш ешқорықпастан әдеміленіп, құлпыра бастапты.
Күннің махаббатынан талдарда кішкентай жапырақтар пайда бола бастайды. Гүлдер, ағаштар, бұлт пен жұлдыздар да миндаль ағашы мен күннің махаббатына қызыға қарапты. Ағаштың күнге деген соқыр махаббатынан маңайындағылар жынды деп санап, одан сырт айналыпты.
Бірақ бұлардың ешбіріне ағаш көңіл бөлмепті, өзінің күнге деген соңсыз махаббатына сеніпті. Олардың бұл махаббатына тіпті аспан да наразылық білдіріп, күннің ермегі деп ойлайды. Алайда күн де миндаль ағашына шын ғашық еді. Қайткенмен өмір әдемілігі өтпелі. Қызғаныштан іші өртенген бұлт та, түнеріп олардың араларына түсіпті. Күн сайын ағаш пен күн бірін-бірі көруге асыққанымен, қайырымсыз бұлт кедергі келтіруін қоймапты.
Күннің жылуынсыз миндаль ағашының жапырақтарының түсі бозарып, тоңа бастайды. Жүрегіне онсыз да қорқыныш ұялаған ағашқа маңайындағылар: «Біз саған ескертіп айтпап па едік? Сен күннің алдамшы жылыуна сеніп, тым құлпырып кеттің. Қане сенің күнің? Көрдің бе, ол сені қиын сәтте тастап кетті» деді. Сонда да ағаш оралар деген үмітін үзбеді. Сөйтіп күндер өте берді, бірақ күн қайтып оралмады. Ағаштың күш-қуаты кеміп, талдарында соңғы жапырақтары ғана қалды. Қанша қиын болса да күн бұлтты жеңіп, бар шуағын ағашқа төгіпті. Бірақ бәрі кеш еді. Күнді көрген ағаш бар күшін жиып былай деді: «Егерде мен бұл өмірге қайта келер болсам, бар махаббатымды тек саған ғана арнар едім».
Махаббатқа берілген миндаль ағашы ертерек гүлдеп әдемі махаббаты басынан кешіріп өліпті.
Азиза Несинаның: «Менің досым миндаль ағашы» деген өленіңде мынандай үзінді бар:
«Сен – ағаштың ақымағы,
Ал мен – адамның
Сен табиғатта адастың
Ал мен - махаббатта».
Мүрде.
Сол күні Мұрад хан сұлтанның көңіл күйі әдеттегіден өзгеше еді. Бірдеңе айтқысы келіп, айта алмай жатқандай. Бақытты ма екен? Жоқ. Мұңлы ма? Жоқ. Бұл халін көрген Сиявуш паша атты уәзір:
- Кешіріңіз, мырзам. Бірдеңеге алаңдаулысыз ғой? – деп сұрады.
- Түнде жайсыз түс көрдім, - деді сұлтан.
- Не болса да Алла Тағала жақсылығын берсін.
- Жақсылық па, жамандық па оны әлі көреміз.
- Қалай?
- Дайындал, сыртқа шығып келейік.
Екеуі сарайдан шыққанда сұлтан түсінде көргендей қайда баратындықтарын білген еді. Нық қадаммен тездетіп алдымен Баязәтқа, одан кейін Үнқапанға кетті. Бұл жерге келіп айналасына мұқият қараған олар жерде жатқан бір мүрдені көреді.
- Бұл жатқан кім болды екен? – деп сұрапты маңайдағылардан.
- Құдай үшін оған жақындамаңдар. Ол өмірін маскүнемдікпен өткізген адам.
- Оны қайдан білдіңдер?
- Маған рұқсат берсеңіз, - деп бастады топ ішінен біреу, - бұл адам менімен қырық жыл көрші тұрды.
Екінші біреуі тұрып былай деді: «Шындығында бұл адам өте керемет шебер болатын. Өз қолымен ағаштан ерекше шәркей жасайтын.
Азапларшаршыда жұмыс істеді. Бірақ тапқан ақшасын арақ алып, жеңіл жүрісті әйелдерге жұмсаушы еді. Маған сенбесеңіздер көршілерінен сұраңыздар».
Осы сөзді айтты да жиналғандар үйді-үйлеріне тарқай бастады. Уәзір де кетуге ыңғайланғанда падишах: «Қайда барасың?» деп сұрады.
- Білмеймін, бірақ мұндай адамның жанында сіз де қалмассыз, - деп ойындағысын айтыпты уәзір.
- Халыққа мен ештеңе айта алмаймын. Бірақ бұл мүрдені жерлеуге біз міндеттіміз.
- Одан да бірнеше молданы жіберейік, солар жерлесін, - деп қарсылық көрсетті уәзір.
- Тұра тұр, менің түсімнің шешуі әлі табылған жоқ, - деп күрсінді падишах.
- Жарайды, онда не бұйырасыз?
- Мүрдені мына жерден әкетуіміз керек.
- Тұра тұрыңыз, олай істемеңіз, одан кейін оны жуып, кебіндеуіміз керек қой, - деді шошынған уәзір.
- Оның барлығын өзім істеймін, тек бізге денені жуатын жер табуымыз керек.
- Мына маңайда кішкентай мешіт бар болатын, - деп кеңес айтты уәзір.
- Жоқ, - деді падишах, - егер сен өлсең, сен де денеңнің үлкен мешіттен шыққанын қалайсыз ғой. Сол себепті кішкентай мешіттен шығарғанымыз дұрыс болмас.
Уәзір ойланып тұрып: «Мені Аясофья, Сулейман немесе Фатих мешітінен шығарғанын қалар едім» деді. «Аясофья мен Сулейман мешітінде менің мемлекеттік қызметкерлер болуы мүмкін. Мен олардың мені танып қалуларын қаламаймын».
«Онда Фатих мешітіне кеттік».
Олар мүрдені алып Фатих мешітіне келеді. Уәзір кебін мен табыт тауып әкеп, падишах су әзірлейді. Сөйтіп олар денені жуады. Бір таңқаларлығы өліктің күнәһар адамға ұқсамай, періштедей пәк көрінуі еді.
- Бұл адам күнәһар адамға ұқсамайды, - деді падишах.
- Бірдеңе айтқысы келіп, күлімсірегендей болып көрінді, - деді уәзір.
Олар денені кебіндеп, табытқа салып жаназа намазын оқуға дайындалды. Бірақ намаз оқуға әлі уақыт бар еді. Сол кезде уәзір тұрып: «О, сұлтан меніңше біз дұрыс істеп жатқан жоқ сияқтымыз» деді.
- Неге?
- Өйткені біз ешкімнен сұрамай мүрдені бұл жерге алып келдік. Мүмкін бұл адамның әйелі, бала-шағасы бар шығар?
- Сен осы жерде тұра тұр. Мен барып жақындарын іздестіріп келейін, - деп сұлтан шығып кетеді.
Сұлтан сүрай келе қайтыс болған адамның үйін табады. Есікті ашқан әйел хабар күткендей, падишахты тыңдағаннан кейін сылқ етіп жерге отыра кетеді.
- Білесің бе, - деді әлгі әйел күрсіне, - шындығында ол тамаша адам еді. Таң атқаннан кешке дейін аянбай еңбек етіп, тапқан ақшасына арақ сатып алып оны жерге төгіп тастаушы еді.
- Неге?
- Өйткені басқа адамдар ішпесін деп ойлайтын. Қалтасындағы қалған ақшасына жеңіл жүрісті әйелдерді әкеп, бірнеше сағат болса да күнә жасамағандықтарын қалайтын. Мен оларға уағыз айтатынмын. Сондықтан ел не айтса да мен күйеуімнің қандай адам болғанын жақсы білемін. Ол үнемі алыс мешітке баратын. Намаз бастағанда Қағбаны көруім керек деп Нишаджы және Софылар мешітіне баратын. Мен оған бірде былай деген едім: «Сенің ісіңе қарап көршілер жаман ойлайды. Егерде сен көшеде өліп қалсаң сені жерлеуге ешкім келмес».
«Рас айтасын» - деген ол маған. Сөйтті де бақтың ішінен өзіне көр қазып қойды.
Мен оған: «Көрді қаздың, ал кім жерлейді?» дегенімде ол күлді де мына сөздерді айтты: «Алла Тағала Құдіретті, Ол қаласа падишахтың өзі келіп жерлейді».
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Нет комментариев