Біз өмір атты теңізде жүзген жолаушылармыз. Сондықтан да біздің өмірімізде де өте үлкентасқындар болады. Бұл толқындар кейде біздің кемемізден алыс болса, кейде кемемізге келіп соғуы да мүмкін. Әрине ол кезде біз толқынмен алысамыз.
Жұмыссыз қалу, денсаулықтан айырылу, ақшасыз болу, пәлеге тап болу т.с.с. қауіпті өмір толқынына бетпе-бет келу әрине қиын. Бұл жерде бізді тек қана иманымыз бен өзімізге деген сенім ғана құтқарады.
Біз әр кезде өмірдің осындай қиыншылықтарына дайын болуымыз керек. Адам толқында қалғанда одан қорыққандықтан емес, қайратылығын, табандылығын жоғалқаннан өзін-өзі жояды. Ол кезде адам: «Мұның да арты бір жақсылық» деп істің ақырын шыдамдылықпен күтуі керек. Осы жерде мынандай бір мысал келтіре кетейік. Ерте уақытта таулы жерге киіз үйлерін құрып ерлі-зайыпты адамдар өмір сүріпті. Олардың қоразы, есегі және иті бар екен. Көршілері де осындай үй жануарларын ұстапты. Таңертең үй иесі тұрып қараса қоразын түлкі алып кетіпті. Бұған ол: «Мұнында арты бір жақсылық болар» деп қояды. Ертеңінде түнде қасқырдың есегін жеп неткенін көріп: «Мұның да бір хайыры бар» деп ойлапты. Өйткені бұл жерде де өзінің ешнәрсе істей алмайтынын біліпті.
Үшінші түні көршінің иттері әлгі адамның итін талап кетіпті. Адам тағы да: «Мұның да арты жақсылық» дегенде, әйелі күйеуінің сөзіне шыдай алмай: «Бұдан не жақсылық көріп тұрсың? Біз барлық байлығымыз: жүріптұратын көлігіміз –есегіміз, үйімізді қорғайтын – итіміз, таңертең оятатын қоразымызда еді. Енді қалай күн көреміз?» – деп бақырыпты.
Бұл сөзді естіген күйеуі: «Бұл өмірде ештеңе бостан-босқа жаратылмайды. Барлық нәрсенің қайыры, қайтарымы бар» дейді.
Келесі күні киіз үйлерге қарақшылар шабуыл жасап, талап, адамдарды құл етуге айдап әкетеді. Бірақ қарақшылар әлгі есегі бақырмаған, қоразы шақырып, иті үрмеген үйді байқамай кетіпті. Бұдан кейін әйел күйеуіне ұрысқанына өкініп Алла Тағалаға шүкіршілік етіпті. Күйеуі тағы да: «Мұның да арты жақсылық» деп өз сөзін қайталапты.
Не болса да – хайырлы.
Өте ерте уақытта Африка елін ақылды бір патша билепті. Оның бала кезінен бірге өскен жақын досы болыпты. Қайда болмайсын үнемі екеуі бірге жүреді екен. Досының мінезі өте жақсы екен. Адамның басына не күн туса да ол үнемі «мұнда бір хайыр бар. Не болса да – жақсылыққа деп жүреді екен».
Күндердің бір күнінде екі дос аңға шығыпты, мүмкін досы дұрыс оқтамады ма екен, патша мылтықпен аңды атып қалғанда оқ оның сұқ саусағын жұлып кетті.
Мұны көріп досы: «Ия, мұнда да бір хайыр бар» депті.
Қолы қатты ауырған әрі ызаланған патша:
Мұнда қандай хайыр бар! Саусағымның жұлынып қалғанын көрмей тұрсың ба? деп айқайлапты.
Сарайға келгеннен кейін патша досын зынданға тастауға әмір беріпті. Сөйтіп бір жыл да зулап өте шықты. Патша қол астындағыларын ертіп тағы бір күні аңға шығыпты. Сол жерде олар адам жегіш тайпаның қолына түсіп қалады. Олардың аяқ-қолдарын ағашқа
байлап, астарынан от қоймақшы болады. Сол кезде біреуі патшаның сұқ саусағының жоқ екенін байқап қалады. Ал адам жегіштер кемтар адамды жеуді жамандыққа жориды екен. Сөйтіп олар патшаны босатып жіберіп, қалғандарын жеп қояды.
Сарайға қайтып оралған патша өзін сұқ саусағының жоқ болғандығынан босатқанын түсінеді де, дереу досын зынданнан алдыртады.
- Сенің сөзің дұрыс болды!- депті патша досына. – Саусағымның жоқтығынан өмірім сақталынып қалды. Шынында да түбі жақсылық болды. Мен саған әділетсіздік жасаппын. Сол үшін де кешір!
- Жоқ, сенің де бұл шешіміңде хайыр бар.
- Сен не деп тұрсың? Сен бір жыл бойы зынданда жаттың. Мұнда қандай хайыр бар?
Досы былай деп жауап беріпті: «Егерде мен зынданда болмасам сенімен бірге аңға шығар едім. Ал менің дененің мушелерім түгел. Енді өзің ойлана бер».
Әр нәрседе бір жақсылық бар.
Неге ол Мухаммед пайғамбардың шапанын алды?
Мухаммед пайғамбар (с.ғ.с.) қарапайым адам болатын және ол үнемі халықтың ортасынан табылушы еді. Жебреил періште де оның дәрежесіне жете алмаған еді. Ол өзін ешқашан халықтан жоғары қоймады, керісінше өзінің олар сияқты қарапайым адам екенін көрсете білді. Сондықтан да бір әйел өз қолымен шапан тігіп сыйға тартқанда ол қуана киіп алды. Бұл шапанды пайғамбардың үстінен көргенде оның қуана қабылдағанына разы болушы еді.
Бірақ пайғамбардың мынандай қасиеті бар болатын, оның үстіндегі киімі біреуге ұнаса оны сыйлық ретінде шешіп беретін. Бірде бұл шапанды көрген ауылдасы қолымен ұстап: «Осы күнге дейін әдемі шапанды көрмеппін» деді. Пайғамбар бұл сөзге күлді де адамға шапанның ұнағаның түсінді: «Егер де саған бұл шапан ұнаса үйге барып басқа нәрсе киіп келейін» деп үйіне кетті. Жанында тұрған адамдар әлгі адамға: «Сен пайғамбардың мұндай әдетін білесің, ұнаған нәрсеңді ол үнемі сыйлыққа береді. Оны сен алмай-ақ қоюың керек еді» деп айтты.
Адам былай деп жауап берді: «Иә, сендер дұрыс айтасыңдар, шапанға сондай қызығушылық танытпауым керек еді. Бірақ бұл шапанды кию үшін алмадым».
- Сонда саған не үшін керек? – деп сұрады адамдар.
- Мен бұл шапанды алғаныммен үстіме киймеймін, үйге апарып сандыққа сақтап қоямын. Мен өлген күні балаларым мені бұл шапанмен жерлейді. Бұл менің кебінім болады. Алла Тағаланың алдына пайғамбардың шапанымен барғым келеді. Алла Тағала пайғамбардың шапанын жақпас. Сондықтан менің денем де отқа күймес деп ойлаймын
Адамдар бір біріне қарап: «Бұл ой неге бұрынырақ есімізге келмеген».
Бұл оқиғадан кейін көп уақыт өтті. Сол адамдар бір мешіттегі мүрдеден пайғамбардың шапанын көрді. Оның кім екенін сұрады. Оның пайғамбардың шапанын алған адам екенін айтты. Олар: «Шапан оның еншісі болды. Біз қаншама пайғамбардың жанында жүрсек те ешқайсымызға мұндай ой келмепті. Бізден қарағанда ол анағұрлым лайық екен» деді.
Біреу тұрып былай деді: «Сендер сыртқы бейнесіне көңіл бөлмендер. Шынында адамның ішкі жан дүниесі маңызды. Бұл адамның жүрегі қандай болғаның тек Алла ғана біледі: кір ме, таза ма? Сендер қалай ойлайсыңдар, кімнің жүрегі таза: шапанды алған адамның ба, жоқ болмаса оны ала алмай өкінген адамдардың ба? Кім марапатқа лайық?»
Оны атып тастады!
Темелдің әкесі қайтыс болды. Дос адамның бірі оны жерлеуге келгенде неден қайтыс болғанын сұрайды. Темель әкесінің отызыншы қабаттан секіргенін айтқанда, әлгі адам: «Не деген бақытсыздық!» деп айқайлап жіберді.
Темель: «Жоқ, жоқ одан қайтыс болмады. Жерге жақын қалғанда, жеміс сатушының шатырына құлап, қайта жоғарыға кетіпті».
Адам тағы да: «Сонда ол одан бетер қатты құлаған ғой».
Темель: «Жоқ, одан кейін ол жолдың арғы жағындағы ет сатушының шатырына құлап, одан үйдің үстіне секіріп кетті».
- Сонда ол үйдің төбесінен құлап өлді ме?
- Жоқ, ол шатырдан құлап электр сымдарына құлады.
- Сонда ол тоқ соғып, содан қайтыс болды ма?
- Олай емес, тоқ желісі әкеледі екі жүз метрге лақтырып жібереді.
- Екі жүз метрден жерге құлағанда өлді? Солай ма?
- Жоқ, бақытымызға орай бірінші жеміс сатушының шатырына құлады.
- Сол жерде өлді ме?
- Жоқ, ол жерден қасапшының шатырына барып құлады.
Шыдамы таусылған адам: «Сонда сенің әкең неден өлді?» деп айқайлап жіберіпті.
Темель: «Оның тоқтамайтынын білгеннен кейін атып тастапты» деді.
Өмір.
«Өмір» деген сөзге екі анықтама беруге болады. Біріншісі – жаратылыстағы өмір.
Екіншісі – рух әлемі.
Жаратылысты барлық жан-жануардан бақылауға болады. Ал рухтың өмірі қалай болатыны белгісіз. Уақыт деген зымырап өте береді. Адамдардың көбі өз тіршілігіне разы болып өтеді. Бірақ олар ерте ме, кеш пе өз нәпсілерінің құлы екендіктерін түсінеді. Сөйтіп қоғамда наркомандар, ойынқұмарлар, алқаштар, жалқаулар саны өседі. Ал рухани жағынан бай адамдар үлкен терек отырғызып, соның көлеңкесінде көлеңкелегендей.
Адам кішігірім әлем. Адамның өмірі, тәжірибесі кітапта жазылған. Сондықтан міндетті түрде өмір-баянды оқуымыз керек. Одан өте маңызды мысалдар келтіруге болады. Кітапты оқыған адам өзіне жақсы, дұрыс бағыт – бағдар ала алады. Мен де көп нәрсені артта қалдырдым. Бірақ көп таныстарымның бет-бейнесі көз алдында. Олардың көбі жақсы, тәрбиелі адамдар еді, бірақ ақыр соңында жаман жолға түсіп кетті. Тіпті айтуға аузым да бармайды.
Өмір адамды жұтатын құмға айналады. Адасқандарды құтқару – бір арман. Алайда оларды түзу жолға салуға болады. Оларды түзейтін сен кім едің дейді? Мұның бәрі бос әңгиме. Кейбір күндерде мен гүлдердің әдемілігінен шаттанамын, кейде олар маған тікендей қадалатын сияқты. Сөйтіп менім жан-дүнием әрі-сәрі күйге түседі.
Әркім Аллаға жақын болып, жұмақ сарайларында жүре алмайды. Көп адамдар мұндай өмірдің бар екенін де білмейді. Кейбіреулері біле тұра істей алмай, жан дүниесі қиналады. Дәл қазір менің жүрегімде де сондай қиналыс бар. Өмір осындай қасіретпен шағымданады.
Сенен бірдеңе сұрау үшін мен не бердім Саған? Менің Сенің алдыңдағы рухани қайыршымын. Сенің мейірімділігің мен кешіріміңе мұқтажбын. Сенің маған берген нығметің үшін шүкір етемін. Әрине, Сенің жазған тағдырына араласуға хақым жоқ. Сен білесің, мен Сенің құлынмың. Мен ештеңеге қожайын емеспін. Адам – құпия жіп сияқты. Әрбір пенденің мақсаты – құпия жиптен өрнек тоқу.
Әлем тек қана жұлдыздан, өзендерден, айдан, таудан құралмайды. Олар бір-бірінің ішінде орналасқан көптеген әлемнен құралған. Менің әлемімнің сенің әлеміңнен айырмашылығы бар емес пе? Адам - өз мүшелерінің басқарушысы. Егер адам мүшесінің бірінен қателік кетсе, ол жанға да әсер етеді. Сондықтан осының барлығын түсіну қиын. Бұның барлығына қарамастан адам өз жұмбағын өз шеше алады. Кейбір адамдар өз өмірін былай аяқтайды: олар кемеге қарап, мен де жүзе алам деп мұхитқа секіреді. Бірақ мұхитты жүзіп өте мүмкін емес.
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Нет комментариев