Сахаба дәуірінен кейін Арабстан жерінде үш жоғары діни ғалымдар өмір сүріпті: Суфьян Серви, Вухейб және Юсуф бин Эсбат. Бір күні олар біреунің үйіне жиналып «Өмір сүру қажет пе, жоқ па» деген тақырыпты талқылапты. Бірінші ғалым Серви өз пікірін айтыпты: «Шынымды айтсам, осы күнге дейін өлімді тілемеппін, қазір ойласам одан да өлгенім артық».
- Неге? – деп сұрады одан.
- Өйткені айналада күннен күнге жамандық атаулы өршіп барады. Бізді де бұза ма деп қорқам. Адамның сана-сезімі өзгерген.
Юсуф бин Эсбат былай деп айтты:
«Мен олай ойламаймын. Айналадағылар қанша бұзылат десе бұзылсын. Егер мен өз-өзімді ұстай алсам, олар маған не істей алады? Менің өмір сүргім келеді. Өйткені өлген адам тірі адамдай құлшылық ете алмайды.
Ал сен Вухейб, калай ойлайсың, бұдан кейін өмір сүру керек пе, әлде жоқ па?»
Сонда Вухейб былай жауап беріпті: «Шынын айтсам, өлген де дұрыс, қалған да дұрыс».
Екеуі бұған күліпті: «Сонда сенің өз пікірің жоқ болды ма?»
«Неге, жоқ. Бар. Менің айтқым келгені маған бұл жөнінде ешкім таңдау берген жоқ. Оны тек Алла Тағала ғана біледі. Өйткені ол біздең жақсы біледі. Егер Ол өлімді қаласа солай болу керек, ал егер өмір сүр десе, ол да дұрыс. Мен үшін қайсысы хайырлы болса, сонысы дұрыс».
Мынадай жауаптан кейін ғалым Серви тұрды да былай деді:
«Қолыңды бер, сүйектін. Өйткені сен адамның жан дүниесінің қайтарар жауабын айттың. Бұл сұрақтың ең дұрыс жауабын сен бердің. Екі жауаптың да қайсысы біз үшін жақсы екенін Алла Тағала өзі шешеді».
Сараң.
Баяғы өткен заманда Куфе қаласында бір сараң адам өмір сүріпті. Күндерде бір күн ол Басра қаласында тұратын сараң адам туралы естиді. Енді ол сол адаммен кездесіп, тәжирібе алуға жолға шығады. Басрада әлгі адаммен кездесіп өзінің сараңдығалың дәрежесін қалай арттыруға болатынын сұрайды. Басраның атақты сараңы жылы жүзбен қабылдап оған былай депті: «Оданша екеуміз ертең базарға барып бірдеңе сатып алайық».
Ертеңінде екеуі базардағы наубайшыға келіп одан жаңа піскен наны бар ма екенін сұрапты. Наубайшы: «Әріне бар, міне көріп тұрсыз ба, жаңа ғана пештен шыққан. Өте дәмді сарымай сяқты» - депті.
«Байқадың ба? Бұл адам нанды сарымаймен салыстырды. Ендеше наннан сарымай артық. Жүр одан да сарымай сатып алайық» - деп айтыпты Басраның сараңы.
Сөйтіп олар дүкенге келіп сатушыдан сарымай сұрапты. Сатушы: «Әрине сарымай бар менде. Әуелі қандай май деп сұраңыз?! Өте тамаша, зәйтүн майындай».
- «Міне, достым, көрдің бе? Сарымайдан зәйтүн майы артық. Ендеше жүр зәйтүн майын сатып алайық» - деген Басраның сараңы.
Куфеден келген сараңды ертіп зәйтүн майын сататын дүкенге келіпті:
- «Сізде жақсы зәйтүн майы бар ма?»
- «Әрине, мырза, бар. Қаладағы ең жақсы зәйтүн майы біздің дүкенде, май өте тамаша, мөлдір судай».
Осы жауаптан кейін Басраның сараңы қонағына: «Мінекей, ендеше ең жақсысы – су. Менің үйімде бір бөшке су бар. Жүр біздің үйге барайық, мен сендей қонағыма мөлдір, таза су берейін», - деді.
Олар үйге келіп. Басраның сараң Куфеден келген сараңды зәйтүн майынан, сарымайдан тіпті наннан да артық болған сумен тойдырыпты. Суды ішіп болған Куфелік сараң рахмет айтыпты. Өйткені ол осынша аз уақыттың ішінде көп тәжірибе жинақтаған еді.
Сыйқыршы.
Бір жас жігіт көшеде келе жатып, егде тартып әйел адамды кездестіріпті. Әйел адам оған бірнәрсе айтқысы келгендей болыпты, бірақ айта алмапты.
Мұны байқаған жас жігіт: «Маған бірдеңе айтқыңыз келіппе еді?» депа сұрапты.
- Иә,балам. Нанға ақшам жоқ. Сен бере алмаспысың деп сұрағым келіп еді.
- Әрине, апа. Мінекей мың теңге.
- Балам, сен сыйқыршы емеспісің?
- Иә, апа мен сыйқыршымын.
- Сендей сыйқыршылар күнде кездесе гой.
- Неге? Бір сыйқыршыға кездесіп қалған өміріңізге жетерлік ақшаны бір-ақ алсаңыз жеткілікті емес пе?
- Онда маған бұл ақша қалған өмірім жетпейді ғой. Сен оны ескермедің.
- Әрине ескердім. Бұл ақша сізге екі күнге жеткілікті ғой?
- Жеткілікті. Сонда менің өмірімнің ақырына екі-ақ күн қалды дейсің бе?
- Иә, апа.
- Тілің тасқа, балам. Одан да сені кездестірмегенім жақсы еді.
Торғай мен жыл құсы.
Сатқындылықты – жыл құстарымен, сенімділікті – торғайлармен салыстырулы еді. Олар жаздай кішкентай ауылдың үстінен ұшып, шыбын шіркеймен қоректеніп, суды жергілікті өзеннен ішті. Көгілдір аспанда билегендей, олай былай ұшып, гүлдер мен ағаштарға қонатын. Олар бір-бірінен еш уақытта айырылмаймыз деп уәделескен еді.
Қыс та жақындап қалды. Жыл құсы жылы жаққа ұшуға дайындалады. Ал торғай қашанда махаббатқа берік еді. Айырылысу ол үшін жан төзгісіз сынақ сияқты болатын. Ал жыл құсына өз өмірі маңыздырақ болатын. Махаббат ол үшін уақыттағы ермегі еді.
- Менімен бірге жүр, - деді ол торғайға, - көктем шығып, гүлдер гүлдейтін жерге барамыз.
Оған қарсылық білдірген торғай: «Осы жерде қалып көктемді күтейік» деді.
«Жоқ, - деді жыл құсы, - егер бұл жерде қалсақ суық пен аштықтан өлеміз».
Торғай өз дегененде тұрып: «Біз қысқа бірге дайындаламыз» деді. Жыл құсы болса оны тыңдағысы келмеді. Торғай үшін осы жерден кету, жыл құсы үшін осы жерде қалу – сатқындық еді. Бәрібір торғай сүйіктісі үшін жылы жаққа кетуге шешім қабылдайды. Бірақ ондай алыс жолға шығуға тым әлсіз еді. Оны қанаттары алысқа ұшуға жаратылмаған. Жыл құсының қанаттары сияқты үлкен әрі күшті емес болатын. Сөйтіп олар жылы жаққа аттанып кетеді. Бір кезде дауыл көтеріліп, ауа райы бұзыла бастайды. Жыл құсы тезірек ұшуға тырысты, ал торғай қатты шаршап қалған болатын. Ол досына: «Сәл демалайық» деді. Жыл құсы бұған қарсылық көрсетті: «Жоқ, жолымызда қатты дауыл бар. Тоқтасаң өлеміз!» деді.
Торғай өз өмірінде көп дауылды көргендіктен: «Дауыл қорқыншты емес, сәл демалайық» деді. Досы былай деп ескертті: «Алдымызда мұхит бар, менен қалма».
Торғай сүйіктісінің сөзін тыңдап, барлық күшін жинап, алға ұшты. Бір кезде алдарынан су көрінді. Жыл құсына бұл жерлер таныс, ал торғай мұхитты алғаш рет көруі. Мұхит оған аспаннан да үлкен сияқты болып көрінді. Осы кезде күші кеткен торғай жыл құсына: «Ары қарай ұша алмаймын» деді. Сүйіктісі оған бір қарады да ары қарай ұша берді.
Мұхит өте үлкен, ал құс сондай кішкентай. Торғайдың махаббаты үлкен, бірақ оған жыл құсы өте кішкентай еді. Ұшы қыирсыз мұхитқа сенімділік құлады, ал жаңа көктеммен – сатқындық келді.
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Нет комментариев