Тұзақшы торғай ұстауға тұзақ құрыпты. Бірде тұзаққа кішкентай құс түсіп қалыпты. Тұзақшы құсты қолына алады: «Мынаны қараңыз! Таңғаларлық – құс сөйлейтін құс». Құс: «Әй, аса қадірлі мырза! Сен өміріңде өте көп қой, сиыр, түйе жедің. Егер сен соларды жегенде қарныңды тойғыза алмасаң, менің етімді жеп тоя аласың ба? Мен сенің жұмырыңа жұқ та болмаймын. Бірақ сен мені еркіме жіберсең, мен саған үш кеңес берейін. Бірінші кеңесті мен сенің қолыңда тұрып, екішісін – шатырда, үшіншісін – тоғайға қонғанда айтамын. Егер менің кеңесімді тыңдайтын болсаң қалған өміріңде бақытты боласың» - депті.
Тұзақшыға құстың айтқандары ұнайды. Әрине ол кішкентай құстың етімен қарнын тойгыза алмас еді. «Жарайды», - деп келіседі. Тұзақшы: «Сенің кеңестеріңді тыңдап көрейік».
Кішкентай құс кеңесін былай бастапты: «Менің алғашқы кеңесім: ештеңе істемей тұрып ешкімге сенбе». Содан кейін шатырға шығып: «Екінші кеңесім: не болса да ешқашан өкінбе. Менің бойымда он грамм маржан бар. Ол сенің өзіңе де, балаларыңа да өмір бойына жетүші еді. Көрдің бе, қалай мүмкіндікті жіберіп алғаныңды? Өйтпегенде маржан сенің қолыңда болар еді», - дейді.
Бұл сөзді естіген тұзақшы қайғырып, бақырып - шақырады: «Мен не істедім? Байлықты өз қолымнан жіберіп алдым. Енді мен өмірімнің соңына дейін өкініп өтетін боламын. Мен не деген ақымақ едім», - депті.
Мұны көрген кішкентай құс: «Сен шыныменен ақымақ екенсің! Мен саған тек қана кеңес айтқан едім. Сен маржаннаң айрылсаң не болар еді? Мен саған «жоғалтқаныңа өкінбе» деп айтпадым ба? Байқаймын, сен менің кеңестерімді түсінбепсің. Алғашында мен саған «болмаған нәрсеге ешуақытта сенбе» дегенмін. Сен маржан туралы естіп ақыл-есіңнен адастың. Ал сен білесің бе, менің денем бар жоғы үш грамм, ал мен он грамм маржанды денемде қалай тасимын?»
Осы сөзден кейін тұзақшы өз-өзіне келеді.
- «Әрине сен дұрыс айттың ақылды құс! Ал сен енді маған үшінші кеңесіңді айт та қалаған жағыңа ұшып кете бер».
Құс шатырдан ағашқа барып қонады да: «Сен менің екі кеңесіме құлақ аспадың, үшінші кеңесіме құлақ асасың ба?» - депті.
Кішкентай құс тұзақшыны келеке еткен еді.
Түймедақ.
Үлкен бір бауда өте әдемі гүлдердің арасында түймедақ өсіпті. Ол сондағы егде тартқан бағбанға қатты ғашық болыпты. Түймедақ суды тек қана бағбан құйып, өзін тек сол ғана баптағанын қалапты. Ол бауда өскен басқа гүлдерге бағбанды қызғаныпты. Ол өзінің аппақ гүлдерін тек қана бағбан үшін жайыпты.
Бір күні бағбанға деген ғашықтығын артып, жапырақшалары жерге дейін иіліпті. Енді ол көз алдында жерді ғана көретін болады. «Бұған да рахмет» деді ішінен. Оған бағбанды сезіну де жеткілікті.
Бірақ түймедақтың иесін көре алмағанына біраз уақыт болады. «Маған келіп, менің иілген басымды көтерсе және мен тіпті болмағанда бір рет көрер едім» деп ойлапты түймедақ.
Бірде бағбан келіп, түймедақтың жерге дейін иілгенін көріп, оны көтеріп, қазыққа байлап тақады. Осыдан кейін түймедақ бағбанға деген махаббат одан әрмен артады. Бірақ бұл жағдайда жоғарыға қарауға ыңғайсыз болады. Сөйтіп бірқанша күндер өтеді, бірақ бағбан қайтып оранмады. Басқа адамдардын да ешкім баққа келмеді. Түймедақ қайғыға түсті. Бір күні ол шлангадан шашқан судан оянып кетті.
- Ох, - деді түймедақ, - менің сүйікті бағбаным оралды. Кенеттен ол өзіне жақындаған аяқтарды көрді.
Бірақ ол ғашық болған бағбан емес еді. Адамның қолында қайшысы бар еді. Ол еңшейіп түймедақтың басын көтерді. «Қандай әдемі болып өскенсің» деді ол. Бұл жас жігіт болатын. Оның көзінде теңіз ойнағандай, ал шаштары оттай – сары. «Байқаймын сенің денең өте әлсіз» деген жас жігіт көзді ашып жұмғанша басын денесінен бөліп әкетті. Құлап бара жатқан түймедақ бұрынғы бағбанды есіне алады. Сонымен қатар бұл жас жігітті де ойлайды. Сол кезде қарт бағбанда неге жақсы көргейін түсінді. Өйткені ол барлық күні жігерін түймедақ үшін жулкап, еңбек етті. Ол ешқашан оның әдемілігін, оған деген махаббатын айтпаса да, ішіндегі махаббатын бұл гүлге арнаған еді, түймедақ махаббат еңбекті қажет ететінін түсінді. Ол жерге құлап түскенде сүйікті адамнын соңғы рет есіне алады. Ол адамға разы еді. Ол соңғы жапырағы солғанша мынандай ойда болды: нағыз махаббат сүйіктілер бір болмаса да, бірін-бірі көрмесе де мәңгілік өмір сүреді.
Үш ағайындылар туралы әңгіме.
Өте ерте уақытта Африка елінде үш ағайынды адамдар өмір сүріпті. Күндердің күнінде олардың әкелері көз жұмады. Бұған үлкен екі ағасы еш уайымдамапты, ал ең кішісі қатты қайғырыпты. Ол таң атқанғанға дейін әкесінің денесін күзетіп шығыпты. Таңертең ұйқыдағы інілерін көрген екі ағасы: «Бұл ұйықтап жатқанда қалған мұраны бөліп алайық» депті.
Үлкен ағасына үй мен бау-бақша тиіпті. Екінші ағасына: мал мен жайылым. Інілері тұрғанда олар: «Бауырым, сен ұйықтап жатқанда мұраны бөліп алдық, сенің еншіңе ұйқы қалды» деп келемеждепті.
Ағаларын осындай әділетсіздіктеріне ауылдастары ыза болыпты, ал інілері бұған ешқандай көңіл бөлмепті.
Сол күні ағалары біреуі бақшада, біреуі жайылымда жұмыс атқарғанда ол тоғайдың көлеңкесінде ұйықтап жатыпты. Күн ыстықта жұмыстан қалжыраған олар бірі өз бөлмесіне, бірі сарайдағы шөптің үстіне ұйқыға кетіпті. Көзі ұйқыға кетіп үлгермеген үлкен ағасына інісі: «Қане түрегел! Мұраны бөлгенде менің еншіме ұйқы тиіп еді ғой. Енді мен ғана ұйықтай алам. Өйткені ол - әкемнен маған қалған мұра» депті. Осы сөзбен екінші ағасын да тұрғызыпты. Екі ағасын сөйтіп бірнеше күн ұйықтатпапты.
Інілерінің тапқырлығына разы болған ауылдастары: «Оларға бұл да аз» деп айтыпты.
Ағаларының шаршағандықтары соншалықты аяққа тұра алмайтындай дәрежеге жетіпті.
Амалдары таусылған олар ауыл ақсақал-дарынан ақыл кеңес сұрапты. Сөйтіп әкелерінен қалған мұра тең дәрежеде үшке бөлініпті.
Ұста.
Зейнеткерлікке шықпақ болған бір ұста иесіненсұранып қалған мірін әйелі мен бала-шағасының жанында өткізгісі келетінін айтыпты.Әрине ақша қаншама қажет болса да, кәрілік те келіп жеткен еді.
Ұсталардың ішіндегі ең үздігі болғандықтан иесі оны жібергісі келмеді. Ұстаның бәрібір кететінін білген иесі соңғы рет үй салып беруін сұрайды. Ұста бұл істі жасағысы келмегенімен соңғы жұмысы болған соң келіседі.
Оның ойы, тек: үйді тезірек салып, зейнеткерлікке кетсе болғаны. Сондықтан да ол үйдің жабдықтарының сапасына еш көңіл бөлмеді.
Үйді салып біткенде қожайын келіп: «Мына үй сенікі. Бұны менен сыйлық ретінде қабыл ал» деді. Ұстаға жай түскендей әсер етті. Әттең, білсе еді кімге салып жатқанын. Ұяттан өртене жаздады.
Біз де солаймыз.Біз де әрбір күн өзіміздің өмірімізді тұрғызу үшін аз күш жұмсаймыз. Ақыр соңонда жасалған ісіміздің түкке тұрғысыз екенін көріп, өкінеміз «Қайтадан тұрғызсақ» деп ойлаймыз. Бірақ кері қайтуға тым кеш болады.
Ал сіз – ұстасыз. Әрбір күн шеге қағып, қабырға тұрғызасыз. «Өмір - «Өзің қалап тұрғыз» деген атаумен белгіленген жоспар»-депті біреу. Бүгінгі сіздердің ойларыңыз, әрекетіңіз – ертеңгі тұрғызар паспанаңыздың жабдығы іспеттес.
Бұл жерде сіз неғұрлым байсалды болуыңыз керек.
Мынаны ұмытпағаныңыз жөн: «Жұмысты істемек – ақшаға мұқтаждығың жоқтай істе. Жақсы көрсең өзіңді де жақсы көретіндей болсын. Ал билейтін болсаң саған ешкім қарап тұрмағандай биле».
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Нет комментариев