Кіндік тамған киелі жеріміз Бірлестік (Хантай) ауылымызға Алланың қалауымен Махмет тегі Аягөз қажының бастауымен, ауыл адамдарының қолдауымен мешіт саламыз деген сауапты іс қолға алынып жатыр. (Аягөз қажының бастауымен үш мешіт, оның екеуі өзіміздің Құмтөккен жəне Антоновка ауылдарында салынған).
Алла үйін салған адамдарға қатысты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өз хадисінде былай дейді: «Кім жер бетінде Алланың үйін салуға ат салысса, Алла Тағала ол кісіге жұмақтан орын дайындайды». Ата бабамыздың, əке-шешеміз, бауырларымыз жатқан жерде құран жиі оқылса аруақтарға сауап болады. Осындай сауапты істен қапы қалмаңыздар. Бір атадан тараған ұйымшыл ел екеніміз, тектілігіміз, имандылығымыз осындай сауапты істерде көрінеді халайық. Аянып қалмаңыздар!
Есеп шоттың нөмері: Народный банк 4390 8782 6743 6169; ИИН 5811 0840 1846.
Ескерту: Ақша салған квитанцияңызды сақтап қойыңыз. Кейін комиссия құрылып, есеп беріледі.
Алла разы болсын!
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Нет комментариев