Қарамашақтың төрт баласы (Оразгелді, Ораз, Жаншүкір, Қараш) реңдері қара болғандықтан "төртқара" атанып кеткен. Қараш—Аппақ, Тоқпан болып бөлінеді. Қараш ұрпағы Қазан төңкерісіне дейін негізінен Ақтөбе облысының территориясын мекендеді
Кіші жүз / Әлімұлы / Төртқара.
Төртқара руының ұраны – Айыртау.
ТӨРТҚАРА – Кіші жүз әлімұлының тармағы. Төртқара М.И. Тевкелевтің, А.Левшиннің деректерінде ру ретінде жазылады. 19 ғасырдың аяғында әлімұлынан тараған ру бірлестігі ретінде айтылады.
Шежіре деректері бойынша Төртқарадан – қараш, оразкелді, ораз, жаншүкір. Бұл төртеуінен тоқпан, аппақ, қасым, торым, бақшақ, мазы, келтеқара, құламан, құлтас, ақкиіз, қаракісі, сейітқұл, шобан, тәлтекем, қонысбек, қаракемпір аталары өрбіген. Бұл деректер 16 – 17 ғасырларға жатады. Ал таңбасына, аталарының таралуына қарағанда, белгісіз бір себептермен найманның матай руымен туыстығы байқалады. Оның қаптағай тармағының бір атасы да Төртқара аталады. Қазан төңкерісіне дейін Жетісу облысы Қапал мекендеген. Өзге Төртқараның негізгі қыстауы Сырдың төменгі ағысы, жаз Қарақұмнан өтіп, Ырғыз, Өт өзендерінің бойын жайлаған. Енді бір аталары таңбасына қарағанда керей тайпасынан тарайды. Төртқаралар негізінен Ақтөбе, Қызылорда облыстарында, Самарқандта (Нұратада), Қарақалпақстанда тұрады. Төртқарадан Жалаңтөс баһадүр, Әйтеке би шыққан.
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Нет комментариев