«1710-1722 жылдар аралығында Ақтөбе жерінен кіші жүз халқы (рулары) Сыр бойының екі жағалауына өрлей шежіредегі ретімен қоныстанған.
Ол 1710-1790 жылдар шамасында Қазалы өңірінде өмір сүрген, құба қалмақтардан елін-жерін қорғаған, қол бастаған, кезінде есімі Әлім тайпасының ұранына айналған батыр әрі әділ би болған.Мырзакелді батырдың бәйбішесінен Ақжігіт, Молжігіт, Байжігіт, Жанжігіт, тоқалынан Шағырай, Жарқынбай, Қаракөз, Арық, үшінші қалмақ әйелінен Мыңбай, төртінші әйелінен Шоңқара 10 бала туған. Шағырайдың әкесі Мырзакелді батыр туралы: «1748 жылы 15 қазанда Батыр сұлтанды хан етіп сайлау кезінде бірқатар Қаракесек тайпалық бірлестігінің тұлғаларының аты аталып, түсі түстеліп, тарих сахнасынан орын алды. Қарасақал тайпасынан Мырзакелді батыр қатысқан» деген дерек бар.
Шағырай батырдың Бурабай, Түйебай, Жеке, Жауғашар, Дәуіт, Сыйқым атты 6 баласы болған. Бұл күнде олардың барлығынан Қарақалпақстанда және Арал, Қазалы, Төретам, Байқоңыр қалаларында, Қызылорда, Жамбыл, Шымкент, Алматы облыстарында тұратын ұрпақтары бар. Ұрпақтарының ішінде халыққа еңбегі сіңген, елге танымал болғандары жетерлік. Шағырайдың кіші баласы Сыйқымнан басқа бес баласы да батыр болған. Немересі Жауғашар, батыр ұлы Ойса көбінесе Дабыл батырдың қасында жүрген, яғни Жанқожаның жүз батырының бірі ретінде тарихи деректерде жазылған. 1650-1800 жылдар аралығындағы құба қалмақтарымен соғыста қазақтың тағдыры қыл үстінде тұрған кезде Әлімнің Қарасақал тайпасынан көптеген атақты батырлар шыққан. Содан Әлім-Шөменде «билік төртқарада, батырлық қарасақалда, мырзалық шөмекейде» деген сөз қалған.Шежіреші Қызылбай Қарабалаев «Қарасақал руы малдың жайымен жазда Қарақұмда Ырғыз, Торғайға дейін, күзде-қыста Қызылқұм Жаңадария бойы, Бируни, Үшқұдық, Тамды, Дәуқара, Самарқан, Бұқараға дейін көшкен. Осы рудың бір бөлігінің отырған жерлері «Қалыңбас» деген үлкен болыстық пен Қарақалпақтың Дәуқара өңірі аралығы. Сол 1710-1880 жылдар шамасында 1200-дей түтіні бар, кішігірім мемлекет сияқты өздерінің әскері, биі болған» дейтін.меттерінен жазылған кітабынан үзінділер алатын болсақ, «Казахи рода Карасакал имели черезвычайно большой район кочевания. Их летовки находились на Тоболе и Тургае, а к зиме они спускались на Сыр-Дарью. Таким образом, за год стада рода Карасакал проделывали путь до 2 тысяч километров» делінген.
«ХVІІ ғасырдың басында қалмақ ұлыстары Еділ мен Жайық өзендерінің аралығына 1630 жылдан 1762 жылға дейін 70 000 қалмақ түтіні қоныстанды. Кейін орысқа өз еркімен бодан болып алған соң, орыс билеушілеріне арқа сүйеген қалмақтар шығысындағы қазақ жерін иемденуге көшеді. Кіші жүз халқымен құба қалмақтар арасындағы осы соғыс 1630 жылдары басталып, 1771 жылдарға дейін созылды. Нәтижесінде кіші жүз батырлары қазақ елінің батысына екі ғасырға жуық қорған болып, елін, жерін сақтап қалды. Ақыры, Еділ мен Жайық арасынан бір жарым ғасырға жуық жылы қабақ таппаған қалмақ жұрты, 1771 жылы өздерінің тарихи отаны Жоңғарияға оралуға бел буды. Бұл көш тарихта «Шаңды жорық» оқиғасы деген атаумен қалды. 1771 жылы Ресей өкіметінің қалмақ ханы мен оған бағынышты лауазымдық атақтарын жою туралы жарлығы шықты. Осылай «Екі кеменің басын ұстаған суға кетеді» дегендей, Қазақстанның екі бүйірінен қысып, екі бірдей мемлекет құруға ұмтылған Еділ бойындағы қалмақ хандығы мен Шығыстағы Жоңғария мемлекеті бір кезеңде жойылып, тарих қойнауының терең тұңғиығына сіңе берді» деген («Қазақ ру-тайпаларының тарихында»).Қазақтың қалмақтан бөлек түрікмендермен де, Бұхар, Қоқан мен Хиуа хандығы басқыншыларымен де кейін орыстармен де аз соғыспағаны тарихтан белгілі. Осындай жаугершілік заманда атақты батыр тұлғалардың рөлі маңызды болды. Сондықтан халқымыз кешегі күнге дейін батыр аталарымыздың ерлік істерін аңыз қылып, ұрпақтан-ұрпаққа айтып келді. Әлімнің сарбаздары кезінде жауға «Шағырайлап» шапқан. Сол ұранға айналған Шағырай біздің кіші жүз түгіл, орта жүз бен ұлы жүзге де даңқы жайылған. Құба қалмақтардан қазақтың елін, жерін қорғаған қол бастаған, аруақ қонған батыр ғой» деп отыратын шежіреші Кәнісбек Шоратайұлы Әліпбай ақсақал.
Қазақ батыр-билерінің қай-қайсысының болмасын өмірдеректері туралы жазылған мәліметтер жоқтың қасы. Тек орыс басқыншыларының жекелеген көтеріліс басшылары туралы жоғарғы орындарға берген үзік-үзік мәлімдемелері ғана мұрағаттардан табылып отыр. Әзірге барлық би-батырлар ұрпақтарының «атамыз батыр болды, би болды» дегеннен артық білетініміз аз. Газет-журналдардағы мақалаларды оқыған бір тарихшы айтыпты деген әңгімеде «Қалдан Церен қонтайшыдан да ұят болды, барлық батырларымыз қонтайшы өліп қалса да, сол кісімен соғысып жүріпті-мыс» – деген екен. Мырзакелдіұлы Шағырай туралы Жанқожа батыр туралы шыққан кітаптарында 1710 жыл шамасында дүниеге келген оны 1774 жылы туған Жанқожа батырдың қарамағындағы жүз батырының бірі ретінде 1841 жылы өткен Созақ соғысына қатыстырылып, Жанқожа қайтыс болғанша қасында болды» деп, баспасөз беттерінде осы уақытқа дейін қате мәліметтер беріліп келе жатыр.лыс зерттеулер басталған.
Молдахмет Қаназовтың Алматы қаласынан 2014 жылы шыққан «Жанқожа Нұрмұхаммедұлы» кітабының 279-бетінде: «1857 жылы қарақалпақтың 200 үйі, Асан Пұсырманов Аймұхаммедтің 200 шаңырақпен, 35 шаңырақты қарасақал Дабыл би, 30 үйлі Раба би де Қызылқұмда батырдың жанында. 1860 жылы өзінің ет жақын туыстарынан Жанқожаның маңында алты-ақ үй қалған. Қарасақал Шағырай өле-өлгенше батырмен бірге, оның атқосшысы, кейін шырақшысы болды. Көтеріліске қатысқандардың бәрі бірдей батырдың ізіне ерген жоқ, бекініске қайта келіп, орыс өкіметінің аяқтарына жығылып, кешірім сұрап, оларға адал қызмет етіп, шен алып, шекпен кигендері бар» делінген.Қарасақал Шағырай батыр әрі би туралы жоғарыдағы жаңылыс мәліметтерге сүйенген кейінгі зерттеушілер, Қазақстан Ұлттық энциклопедиясының 9-томы, 412-413 бетте:«Шағырай Мырзагелдіұлы (шамамен 1780 жылы, қазіргі Қызылорда облысы, Қармақшы өңірінде 1848-1850 жылдары, Қуаңдария өзенінің маңы) – батыр, би. Кіші жүз Әлім тайпасының қарасақал руынан шыққан, қол бастаған батырлығымен қатар, елдің бірлігін сақтаған әділетті би болған. Шағырайдың ерліктері мен билігі ауызша, жазбаша деректерде, Жанқожа батыр туралы архив құжаттарында, Төремұрат жыраудың жырында, ақын Бегежан Наурызбайұлының «Тоғанас батыр» (1992), Ә.Оспановтың «Жанқожа батыр» (1993), Н. Мұсабаев пен А.Мұсабаеваның «Ортаймаған қазаны – қасиетті Қазалы» (1998) кітаптарында көрініс тапқан» деп Тынышбек Дайрабай жазған.
«Шағырайдың қол бастаған батырлығымен қатар, елдің бірлігін сақтаған әділетті би болғаны, Қуаңдария бойында жерленгені туралы бұрынғы шежіре айтушылардың әңгімелеріне сәйкес келеді. Ал, Қарасақал Мырзакелдіұлы Шағырай батыр шамамен 1780 жылы туып, 1848-1850 жылдары өмірден өткен», «Қарасақал Шағырай өле-өлгенше Жанқожа батырмен бірге, оның атқосшысы, кейін шырақшысы болды», «Қазалы ауданының Қызылқұм беткейіндегі Жанқожа батырдың қасында Қарасақал Шағырай батыр жерленген» деген – жаңылыс зерттеулер. Қазақта атақты адамдардың есімін жаңа туған сәбилерге қою дәстүрімізде бар екені белгілі.кенімде «Қарасақал Шағырай батыр туралы не білесіз?» деп сұрадым. «Шағырайдың руы Жақайым ғой» деді. «Бұл кісі батыр туралы білмейтін болды ғой» деп ойлап, басқа сөзге келмедім. Кейін Жанқожаның күйеу баласы Шағырай атқосшысы, қайтыс болғаннан кейін қызы Байсал мен күйеу баласы Шағырай шырақшысы болған деген әңгімені есіттім. «Төремұрат жырау» кітабынан оқып, Тілеуберген ағаның Жанқожа батырмен бірге жүрген, қасына жерленген күйеу баласы Жақайым Шағырайды айтқанын түсіндім.
Үлкендердің «Мырзакелдіұлы Шағырай батырдың қартайған шағы екен» деп бастайтын әңгімелеріне қарағанда, ұзақ жасаған болуы керек. Заманында жүйрік ат ұстап, талай бас бәйге алғаны, саят құрған, садақпен құралайды көзге атқан мерген болғаны айтылса, ұрпақтарының да жүйрік ат оздырып бас бәйге алған жерлері көп.Мырзакелдіұлы Шағырай батыр (1710-1790), Жанқожа (1774-1860) батырдан 64-65 жасқа үлкен. Дәлел үшін Әлімнің үлкені Жаманақтан (Шекті) тарайтын 1774-1860 жылдары өмір сүргені тарихи құжаттармен дәлелденген Жанқожа батыр мен Әлімнің үшінші баласы Айнықтан (Қарасақал) тарайтын Шағырай батырдың шежіре ата санағын салыстырып көрейік:Әлімнің үлкен баласы Жаманақтан (Шекті): 1. Өріс. 2. Есенәлі. 3. Кішкене. 4. Құттық. 5. Майдан. 6. Құлжаман. 7. Киікбай. 8. Нұрымбет. 9. Жанқожадан (1774-1860). 10. Итжемес, Жолшы туады.Ал, Әлімнің үшінші баласы Айнықтан (Қарасақал): 1. Сарыбас. 2. Бақтыберлі. 3. Медет. 4. Маңғытай. 5. Құдайсүгір. 6. Мырзагелді. 7. Шағырай батыр (1710-1790). 8. Жауғашар. 9. Ойса батырдан (1785-1850). 10. Сейіл, Көздібай туады.Шежіреде орташа әрбір аталықты 30-35 жылдан қойып жүр. Осы есепке келгенде Айнықтың жетінші ұрпағы Шағырай батыр Жаманақтың тоғызыншы ұрпағы Жанқожа батырдан екі ата 64-65 жасқа үлкен. Шағырай батыр Жанқожа батырдың атасы Киікбай батырмен жастары қарайлас, замандас 1705-1720 жылдар шамасында дүниеге келген адамдар болып шығады. Ал Айнықтың сегізінші ұрпағы Жауғашар батыр Жанқожа батырдың әкесі Нұрмұхаммедпен жастары қарайлас, замандас, яғни 1740-1755 жылдар шамасында дүниеге келіп, 1800-1820 жылдар шамасына дейін өмір сүрген деуге болады. Ақмырза, Жанқожа (1774-1860), Дабыл (1771-1860), Ойса (1785-1850) батырлардың жастарында 10-15 жас айырмашылық болғанымен қатар, замандас. Шағырай батырдың немересі Жауғашарұлы Ойса батыр, Дабыл батырдың қарамағында болғаны, яғни Жанқожа батырдың жүз батырының бірінен саналғаны тарихи құжаттарда жазылған. Бұрын Қазалы уезіне қазіргі Арал, Қазалы, Қармақшы аудандарының жері мен халқы 14 Әлімнің, 4 Шөмекейдің, барлығы 18 болыс қараған екен. Ол заманда ру-ру болып қоныс тепкен. Кеңес заманындағы үлкендерге сын жоқ. Оған кедергі болып, бас қайттатқан заман кінәлі.ге көштік.Қазалы уезіндегі Әлімнің Қарасақал руының бір болыстығы «Қалыңбас» болысының орталығы, колхоздастыру кезінде Қалыңбас колхозы, кейін Түпбөгет колхозы болып аталған. 1964 жылы Майлыөзек кеңшары, қазір Алдашбай ахун атымен аталатын ауылдың солтүстік іргесімен өтетін тас жолдың қарсы бетінде 300 метрдей жерде алғашқы «Қалыңбас» колхозының орны болыпты. Алдашбай ауылынан кейін батысқа қарай 30 шақырым үстінде Қуаңдария ауылы, одан батысқа қарай 22 шақырым жерде Жаңақала ауылы орналасқан.
Ертеде қазіргі Қармақшы ауданының осы Алдашбай ахун, Қуаңдария, Жаңақала ауылдарының, Сулы қасқа, Нысан қазған, Ноғай, Шағай, Дәуқара деген жерлерде Қарасақал руының «Қалыңбас» болысының халқы отырғаны анық. Арғы жағын білмегенмен 1850-1928 жылдар аралығында «Қалыңбастың» болысының болыстығын ұзақ жыл Жайық батырұлы Жанарыстан би, Көлдейбекұлы Ерімбет, Жанарыстанұлы Рамберлі 18 жыл, ең соңғы 1920-1928 жылдар шамасында Калменұлы Телағыс деген кісілердің болыстық қызмет атқарғаны белгілі болды.
Қазір бұл жердегі тұрғылықты халық Шөмекей, Кете, Жетіру ағайындар 1856 жылғы Жанқожа батыр бастаған орыс отаршылдарына қарсы Сыр бойы қазақтарының соңғы соғысында жеңілгеннен кейін, Әлімнің басқа да руларымен қатар Қарасақал тайпасының негізгі бөлігі бұрыннан тек қыс айларында баратын Қарақалпақ жеріне үдере көшіп, қоныс аударған. Оның ішінен аз бөліг 2-3 жылдан кейін қудалау бәсеңсіген уақытта қайта көшіп келіп, 10-20 жылдай жайлағандары болған. Міне, осы кезеңде және 1928-1930 жылдарғы колхоздастыру кезінде бос қалған жерлерге келіп орналасқан.2012 жылы Қазалыдан ақсақал ағаларымызды ертіп, Қармақшы ауданының Жаңақала ауылының тұрғыны осы аймақтың жер-суын, халқын жақсы білетін, 81 жастағы Сұлтанұлы Әлиакбар ақсақалдың отының басына түсіп, екі күн бірге жүріп, осы маңның тарихымен танысқан болатынбыз. Сол жолы Шағырай батырдың үйтамының құлаған орнын және Шағырайдың екінші баласы Түйебай батырдың үйтамын, Еременұлы Итемген батырдың құлаған үйтамының орнын, Бейбіт бидің бейітінің орнын, Самырзаұлы Наймантай бидің үйтамын көрсеткен болатын. Шағырай батырдың әкесі Мырзакелдінің бейіті, «Мырзакелді сайы» аталған жер де сол маңда екен.Жаңақала ауылының солтүстік шығысында 18 шақырым, Қуаңдария ауылының шығыс бетіндегі 15 шақырым жерде биік төбе басындағы Шағырайұлы Түйебайдың үйтамының ұзындығы мен ені бірдей жеті метр, биіктігі алты метр шамасында болса, қабырғасының қалыңдығы бір метрден астам болған күмбезделген үйтамның жауынмен күмбезінің жоғарғы бөлігі ішіне құлаған, ішінде екі үлкен адамның және бір кішкене баланың сыпасы бар.
Айналасына жерленген он бес шақты бейіттен бөлек және бір кішілеу үйтам орналасқан. Түйебай үйтамынан төбелерді айналып жүргенде бес шақырым жердегі алыстан көрініп жеке тұрған биік төбе басындағы Шағырай батырдың құлаған үйтамының орны ағарып көрінді.і басына кешкілік Жаңақала және Қуаңдария ауылының ардагерлер ұйымының төрағасы Дүйсебайұлы Ешмағамбет бастаған ақсақалдары шақырылды. Мал сойылып, садақа беріліп, құран бағышталды. Батыр әрі би Шағырай батыр, оның әкесі Мырзакелді батыр, Итемген батыр, Түйебай батыр, Наймантай би, Бейбіт би, Байтерек (Бақан) батыр, Ерімбет шайыр туралы естеліктер айтылды.
Шағырай батырды, оның бейітін соңғы 100-140 жылдай бұрын осы жерге келіп орныққан халықтың өкілдері, бұл күндері бақилық болған үлкендерден естіген зейнет жасындағы азаматтар «Шағырай батыр, би, әулие адам болған» деп біліп жатыр. Білмеген жастар «сол жердегі ақ төмпек басына атпен, мотоциклмен шығып, мал қарасақ жоғымыз тез табылады» дейді екен. Естіген халықтың ішінен жастары «Біздікі ұят болған екен, атақты батыр әрі әулиенің басына «ақ төмпек» деп мотоциклмен шығып тұрғанымызды білмедік қой» деп жатыр. Ал ертең он-жиырма жылдан кейін бұл бейіттердің кімдікі екені ұмытылар. Сондықтан басына мрамордан белгі қойып, құлаған үйтамның сыртынан төртқұлақ салуға бірауыздан шешім қабылдадық.Шағырай ұзақ өмір сүріп, балалары аты шықпай қалады деп биік төбе басына оңаша жерлеген. Маңында басқадай бейіттердің орны көрінбеді. Күмбездері іштеріне құлап, кісі бойы ақ төбе болып қалған. Сондықтан ішінде қанша адам жерленгені беймәлім күйінде қалды. (Дәстүр бойынша үйтам тірі кезінде салынып, қасына әйелдері мен жастай шетінеген немерелері жерленген болуы мүмкін).Бұдан кейін де 2014-2015-2019 жылдары Қазалы ауданынан және Алматы, Жамбыл облыстарынан келген ағайындарды бірнеше мәрте ертіп алып барып, Жаңақала, Қуаңдария ауылдарының ақсақалдарымен бірнеше рет кездесулер өткіздік. Кейін Шағырай, Түйебай және Наймантай ұрпақтары аталарының бейіттерінің басына құлпытастар орнатты. 2015 жылғы маусым айының 2-6 күндері аралығында Мырзакелдіұлы Шағырай батырдың ұрпақтары құлаған үйтам орнының сыртынан селикат кірпіштен ұзыны-ені бірдей 8 метрлік төртқұлақ кесенесін салды.Кесене салынып біткен маусым айының 6-сы күні Қуаңдария ауылының тұрғыны Машақбайұлы Ғабит құданың отының басына кешкілік Жаңақала және Қуаңдария ауылының ардагерлер ұйымының төрағасы Дүйсебайұлы Ешмағамбет бастаған ақсақалдары шақырылды. Мал сойылып, садақа беріліп, құран бағышталды. Батыр әрі би Шағырай батыр, оның әкесі Мырзакелді батыр, Итемген батыр, Түйебай батыр, Наймантай би, Бейбіт би, Байтерек (Бақан) батыр, Ерімбет шайыр туралы естеліктер айтылды.ғалары қалыңдау ма, әлде 30-40 жылдан кейін салынғандықтан ба, әзірге күмбездерінің жоғарғы бөлігінің құлағаны болмаса, бүтін тұр деуге болады.Шағырай кесенесінен шығысқа қарай Шөмекей Тоғанас батырдың сексеуілден үйілген белгісінің оңтүстігінен жанай өтетін жол үстімен жүргенде, Самырзаұлы Наймантай би үйтамына дейін он бір шақырым, ал Қуаңдария ауылынан Алдашбай ахун ауылы арасындағы үлкен тас жол бойындағы Кете Ешнияз салға салынған кесенеден Самырзаұлы Наймантай би үйтамының аралығы солтүстікке қарай алты шақырым жерде орналасқан. Тоғанас батырға Шағырай алты баласының бірінің қызын бергені туралы әңгіме айтылатын.
Қуаңдария ауылының орталығы кешегі күнге дейін, «Шал қасқа ат», кейін «Шал қасқа» аталған ферма орталығы, 1964 жылы «Ақжар» кеңшарынан бөлініп, «Қуаңдария» кеңшары болып құрылған. «Ертеде Қуаңның суы өткел бермес толық кезінде тұтқиылдан қалың қол жау шауып, қазақтың көші Қуаңға тірелген екен. Жаудан бас сауғалап қашқан елдің алды өткел бермес өзен, арты қаптаған жау болып тығырыққа тірелгенде, Шағырай батыр атынан түсіп дұға оқып, жаугершілікте жанына балап мінген тұлпары шал қасқа атын құрбандыққа шалып, қанын Қуаңның суына ағызған екен. Құдайдың құдіретімен өткел бермес Қуаңның суы көш өтіп болғанша екіге бөлініп, ел өтіп болғанда қайта толқынданып ағыпты. Жау өзенге тіреліп, халық бала-шағасымен аман қалыпты» деген әңгімені естуші едік. Осы аңызға ұқсас әңгімені Әлиакбар ақсақалдың аузынан қайталап естідік. «Шал қасқа атты құрбандыққа шалған жері ауыл іргесіндегі дарияның көне орны жанындағы биік осы екі төбенің бірі болуы керек» деп екі төбені көрсетті.«Жақын жерде «Мырзакелдінің сайы» деген жер, жанында бейіті де бар» деді. (Мырзакелді батыр – Шағырай батырдың әкесі – Т.Т.). Бейіт пен сайға айналасын су алып кеткендіктен бара алмадық. Жаңақала мен Қуаңдария ауылдарының аралығында Аманжолұлы Бейбіт бидің бейітінің орнын көрдік. Қарасақал Бейбіт би және оның бейітінің орналасқан жері туралы Серғали Толыбековтің «Қазақ шежіресі» кітабының 93-бетінде жазылған. Қуаңдария ауылының солтүстік жанынан өтетін жол бойындағы қорымда Үсенұлы Байтерек (Бақан) батырдың бейіті бар екен. (Байтерек жауға шапқанда жуан бақанды алдына өңгеріп, оң мен солын жайпайтындықтан «Бақан» аталып кеткен екен. Байтеректен Жанай, Жанайдан Кәдір-Сәдір батырлар туады – Т.Т.). Бұл жергілікті халықтың үлкендерінің айтып, кейінгі ұрпақтарының есте сақтап қалғандары ғана. Есте сақталмай ұмыт болған атаулары мен есімдері белгісіз бейіт, қорым, ескерткіштер де бар екен.Сұлтанұлы Әлиакбар ақсақал Жаңақала ауылына Нысан қазған елді мекенінен жақын жылдары көшіп келген Шөмекей Аспанның Малбикесі 71 жастағы Сайымбек Дәменұлымен кездестірді. Бұл кісі өте зерек әңгімешіл, есіткенін ұмытпайтын адам екен, көп мағлұмат алдық. Біз жолыққан осы елдің басқа да адамдары елдің тарихын осы екі кісіден артық білетін адам қалған жоқ деп мойындайтынын білдік. Сайымбек ақсақал: «Сыр мен Қарақалпақтың арасындағы жердің көбісінде және Жаңақаладан 182 шақырым жерде «Қарасақалдың қасқасы», кейін «Сулы қасқа» аталған тау төбенің басы толған көп қарасақалдардың бейіті жатыр. Қуаңдария сағасын Сырдариядан, Жаңадария Қуаңдариядан алса, Жаңадариядан «Қамысты» өзені шығып, Дәуқараның үстімен өтіп, Арал теңізіне құйған. Қарасақал тайпасының бір бөлігі сол «Қамысты» өзені бойына және Дәуқара көлінің айналасына егін егіп, өмір сүрген. Дабыл батыр ағайынға Дабыл арығы, Дабыл жармасы деген атау алған 50-60 гектардай егін еккізген жерлерде әлі күнге дейін атыз, арықтарының ізі жатыр» деді.Әзірге қармақшылық Қанибек Молдахметовтің «Тұран-Қазалы» газетінде «Шағырай батырдың дауды шешіп қайтуы», қазалылық Құдайберген Ысмағұловтың «Қарасақал Шағырай батыр» мақалалары, Т.Тілеуқабылұлының 2015 жылы «Шағырай батыр» атты 32 беттік кітапшасы, «Халық» газетінің «Шағырай батыр кім болған?» және «Ардагерлер айнасы» газетінде «Шағырай батыр» атты мақалалар шыққан.Батырды облысымыздан шыққан тарихшы-жазушылар осы күнге дейін ғылыми түрде зерттеп, өз бағасын алған жоқ. Келешек жазушылар мен тарихшылар жоғарыда аталып өткен кемшіліктерді қайталамай, қалпына келтіруге жұмыс жасаса екен.
Қызылорда қалалық және Қазалы аудандық мәслихаты мен ономастикалық комиссиясы батыр әрі биге Қызылорда қаласынан және Қазалы ауданынан лайықты бір мекемеге немесе бір көшеге есімі берілуіне ықпал жасаса деген халықтың сұрауы көп жылдардан бері айтылып келеді.
Төлепберген Тілеуқабылұлы,еңбек ардагері.Қазалы ауданы
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Нет комментариев