Қарауыл Мәшектен - Ақкісі, қарт Бөлекей.
Ақкісінің бәйбішесінен - Құрманқожа, тоқалдан -> Құланшы.
Құланшыдан - Көшен, лақап аты Қарақұл.
Көшеннен - Атқы, Жауар, Мөнтік, Сары. Көшен ерте қайтып, оның балаларын Құланшы тәрбиелеп, бұларды "ойдағы 4 ата Қарауыл" деп кеткен.
Атқының бәйбішесінен - Шоқпар, тоқалдан - Қожағұл, Саң, және асыранды Сартымбет. Сартымбеттің түбі Ұлы жүз Үйсін, өз елінде жазалы болып, Атқыға келіп паналаған.
Атқыұлы Шоқпар 3 қатын алған, бәйбішесінен - Меңдібай, екіншіден - Есбір, Машайық, тоқалдан - Мәмбет. Меңдібайдан - Сарыбай. Есбірдің лақап аты Қарамолда. Машайықтан - Бақабас. Мәмбеттен - Байтөс, Мұрат.
Атқыұлы Қожағұлдан - Тілеуберді, Жарылғап, Қосай. Жарылғаптан - Өдек, одан Өтеген. Қосайдан - Байдәулет. Байдәулет Өтегенмен еншілес, Қосай Тілеубердімен еншілес. Тілеубердінің қатыны данагөй Базарбике, ол Алтай Итқара батырдың қызы. Одан - Күшен, Топыш. Күшеннің қатыны Ақсары Қозыке бидің қызы Кенжеқара, одан - Баймырза, Жанат, Есілбай, Ескене, Қойайдар, Қойгелді, Байтелі. Күшеннің 7 ұлдың анасы данышпан Кенжеқара. Күшеннің Қойайдар, Қойгелді, Байтелі ұлдары енші алмағандықтан, "үш кенже" деп атаған. Топыштан - Құлмырза, Таңат.
Атқыұлы Саңнан - Қыдыралы, Есенаман. Есенаман - Дос, Айбас. Тұқымы нағашысы Қаракесекке барып, онда бір ел болған. Абыралыдағы Жамбаздардың Қарауылы, Семейдегі Қызшор елі, Ташкенттегі Қарауылтоп елі атанады. Қыдыралы - Тайматай, Бақы, Ожық, Шажа, Алдасүгір.
Жауардан - Бөдес, Қанай, Адақ.
Бөдестен - Қиял, Қарақай, Дүйсен, Қожа. Дүйсеннен - Нұры батыр. Адақтан - Досай, одан - Қосай, Оразай, Дәуім, Баймұрат, Олжабай, Кенжебай. Бөдес - Досай тұқымы Арқадағы Жауар аталады.
Жауарұлы Қанайдан - Өмір, Шәлди. Өмірден - Шот, Шақа. Шоттан - Айдабол, Тама, Тоқтауыл, Айтқұл. Шәлдиден - Арыстан, Меңдіқұл. Арыстаннан - Өтеп, Жаман, Өмірзақ, Қабылан. Қанай тұқымы - Омбыдағы Жауар.
Мөнтікті нағашысы алып кетіп, Тоғай деген жерде тұрыпты. Мөнтіктің тұқымы "Бес тентек" аталады. Мөнтіктен - Теке, Қолай. Текеден - Түктібай. Қолайдан - Асқор, Көдегөй, Пыстақ, Жәдік.
Сары қалмақ ханының кішкентай баласын найзаға көтерген, қалмақтың қарғысы тиген. Сарының тұқымы өспеген, бозып жүрген ел. Сарыдан - жалғыз Доғалақ, одан - жалғыз Андабай, одан - жалғыз Әжібай, одан - Айбас, Жақсыбай, Есенбай.
Сары тұқымы - Тоғызқамыста аты шулы Әшіреп бақсы, Қойтастағы Алпыс - Жетпіс байлары, Қызылжардағы ұры Жүсіп, Некей сыншы, Қорамдағы Қожам би.
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Комментарии 1