Ертеде, ішсе асқа, кисе киімге жарымаған кедей өмір сүріпті.
Кедейдің күнде таңертең тұрғанда жасайтын дұғасы" Е Жаратқан ием,
мен бай болып таудай астығым болса онда мен оны кедейлерге бөліп берер едім"дейді екен.
Әрине айналасындағы бір қатар көре алмас жандар," Әй сорлы, әуелі өзің бір тоя тамақ ішсеңші сосын жұртты жарылқарсың,өзің ыршығың айналған қу кедейсің кімді жарылқамақсың, Тіпті сол байып кетіп жатсаң, осы сөздеріңді бір күнде ұмытар едің ау" деп оның ақ ниетіне де көреалмастық айтады екен.
Сөйткен кедей ештеңеге жарымастан өмірден өтіпті.
Алайда бір жеті өткесін, ауылдастары оның қабіріның ерекше нұрланып тұратынын байқайды.Таң тамаша болған ауылдастары оның мәнісін білмекке,мықты діндарларға сауал тастайды.Білгіштер жарытымды ештеңе айталмай бас шайқап қоя салады.
Кедейдің "қырқы" болатын шақта, атағы жарты әлемге белгілі
аса мықты ғұлама діндар келіп, кедейдің қабіріне туралап барып құран оқып, тәу етеді.
Ауылдың дәулеті бар" осы қалай" деген ірі басты ақсақалдары мал сойып ғұламаны күтіп қонақ етпекке жиналғанда, Ғұлама діндар"Ағайындар мына жерде қасиетті адам жерленген, бұның тірісінде еткен дұғалары қабыл болғаны сонша,өлгенде амал дәптеріне
Бұл кісі таудай астықты кедей, жоқ жақыбайға үлестіріп берген деп жазылыпты, менің түсіме солай аян келді, сол үшінде мен соонаау алыстан келіп,
ниеті аппақ қардай адамның қабіріне тәу ете келдім" деген екен.
Ақ ниет,Сауап садақа сияқты Ақиретте амал дәптерге түседі деген солай болса керек. Бай болайық, жарлы болайық
әйтеуір Ниетіміз ақ болайық Ағайын.
Өзгеге өкпеле не, өкпелеме
Одан енді өзгермес ештеңе де.
Барыңа тіршілікте "тəубе" деумен
Салауат айта салам өткеніме.
М.Кенжебаев. Бейнеу.
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Комментарии 4