Абзал әкенің тұрмыстағы қызына айтқан ақылы мен өтініші жасаған дұға-тілегі
Жақында
Жетісу облысы
Текелі қаласына қонаққа барғанмын. Текелі қаласы екі таудың ортасына орналасқан ұзыннан созылған әдемі қала екен Қаланың айналасының табиғаты ғажап ортасынан тулап ағып жатқан өзен қала ішінде әр көшеде ағып жатқан тұщыда таза сулы өзеннің салалары екен.
Текеліге барар жолда көрген бізді таң-тамаша еткен
Жер жәннаты аталған Жетісу өлкесінің әсем табиғаты таулы өлкесі таулардан ағып жатқан өзендері көкмайса даласы
Арқадан барған біздерге керемет әсер еткенін айта отырғанымыз жөн болар қонақ болған үйімізде қазақы қалпын сақтаған сал-дәстүріміз бен дәстүрлі қазаққа тән мұсылмандықты да берік ұстанған өте қонақжай тәлімдіде тәрбиелі әулет болып шықты. Бізді қарсы алуға шыққан жігітағасы жастағы отағасы көзге толымды денелі келген шоқша сақалды айтулы азаматтардан екені көрген жерден-ақ белгілі бола бастады. Жанындағы жолдасыда бауырымызға сай,жүзі жылы жан екен
15 шақты кісі болып барған біздерді үй-іші болып алдымыздан шығып қуана қарсы алды. Балалары қос қолдап сәлемдесіп, үлкендерді көліктен қолтықтап демеп түсіріп, жүктерімізді көтеріп бәйек болып жүр.
Үйге кірген кезде келіндері иіліп сәлем салып, немерелері де жапырлай сәлем беріп тәрбиеліде, әдепті отбасы екенін аңғартты. Салқын самал соғып тұрған таза ауалы тапшанға столдар қойылып, дастархан жайылып қойыпты
Біздің келе жатқанымызда хабары бар Амандық-саулық сұрасып болған соң, балалары мен келіндері ұзақ жолдан шаршап барған біздерге бар ынтасымен қызметін жасап, жуынатын бөлмелер мен керекті жерлерді көрсетіп сүлгі керекті дүниелерін беріп адал қызмет жасап жүрді. Отағасы сіздерге арналған қонақасы дайын болғанша жолдан шаршап, қарындарыңыз ашып келген шығарсыздар деп, келіндер жеңіл тамақтар жасап қойды. Соны шәймен бірге жеп алып тынығып алыңыздар деді
Сырт көз сыншы дегендей
Байқап отырмыз үй-іші тегіс отағасының қасқабағын бағып отырады екен.Салмақты, әр сөзін ойланып сөйлейтін сабырлы бауырымыздың үлкен ақыл-парасат иесі екенін байқадық. Отбасы түгелмен; бауырымыздың өзіде, әйеліде, балаларыда және келіндеріде мұсылмандықты берік ұстанған
қазақы тұрмысқа тән бес уақыт намазын оқып, ораза тұтатын жандар болып шықты.Мұндай үйде қонақ болған кісінің де көңілі көтеріліп жақсы әңгімелердің айтылары сөзсіз ғой.Кешке таман ет пісіп ас желініп бата жасалып Құран оқылып болған соң жанға жағымды кешкі салқын ауада тапшанда ғибратты жақсы әңгімелердің тиегі ағытылды. Осы әңгімелер ішінде бауырымыз отбасындағы балаларға берілетін тәрбие, ұрпақ және келін тәрбиесі туралы да біраз әңгіме айтты
Соның ішінде тұрмыстағы қызына айтқан ақылы мен жасаған дұғасы және тілеген тілегі, берген батасы бізге қатты әсер еткенін атап өтпекшіміз. Отағасының сөзі:
Оңке сөздің реті келгенде айтып отырғаным деп бастады әңгімесін Балаларымның үлкені қызым болды
Үйде жүргенде қолдан келгенше анасы жақсы тәрбие беруге тырысты. Қызым жаман болған жоқ мектепте жақсы оқыды,тәрбиесі де елге үлгі боларлықтай қыз бала болып өсті. Қолымыздан келгенше қатарынан кем қылмауға тырыстық. Мектепті бітірген соң, қалада жоғарғы оқу орнында оқыды. Оқуда жүріп танысып, уәделескен азаматқа тұрмысқа шығатынын анасына айтып, құда түсіп батамызды алып, тұрмысқа шықты
Құдалар жағыда өскен,дәулеттіде сәулетті кісілер. Құдаларыммен сый-құрметіміз Аллаға шүкір, өте жақсы.Қызым тұрмысқа шыққан соң, екі-үш жылдай өткен уақытта, екі ұлым әлі үйленбеген кез болатын Әйеліммен құдамның үйіне қыдырып бардық
Әдетте,жасынан қызым маған жақын болатын.Қызым жастайынан айтар әңгімесін, керегін маған айтып еркелеп өскен еді
Біз барған соң әйелім жиендермен бөлек бөлмеде отырған кезде қызым жаныма келіп үйіндегі көңіліне келген түйткілдерді айта бастады. Жақында соғым сойған едік атам балаларына тб кісілерге жіліктеп тарқатты.Бізге бір-ақ жілігі қалды және
үй-ішілік майда
шүйде дүниелер туралы айтып барған жері туралы шағымдана бастады.
Мен қызымның айтқан сөздерін үнсіз тыңдап отырмын.Айтқан сөздері маған ұнай қоймады. Айтқан сөздерін жақтырмай отырмын.Сонан кейін ойладым. Қызымды сөзге қалай тоқтатымын. Күйбең тірлікте қиыншылық та, кісіге жақпайтын әрекетерде болатынын. Үлкенге дұрыс болғанымен, кішілер түсінбей, дұрыс емес деп есептейтін істер болатынын айтып түсіндіруді және күндегідей айтып жүрген ақыл-кеңесімді айтсам уақыт өте келе ұмытады
Сонан соң сол үйдің үлкендеріне деген наразылығы қайтадан басталады. Наразылық туған жерде, реніш пайда болады. Реніш пайда болған жерде келіспеушілік болатыны белгілі. Ішімнен Уа Алла мына қызыма сабырлық бер, отбасында береке,ынтымақ пен ауызбіршілік бер деп дұға жасап отырмын. Сол отырған жерімде басыма бір ой келді. Қызым ойында жүргендерін толық айтып болған соң қане қызым қасыма келіп Құбылаға қарап отыр мен саған бір дұға жасап батамды берейін дедім.
Қызым жаныма келіп екі қолын жайып Әмин деп отырды мен білген дұғаларымды іштей оқып батаны дауыстап
Биссимиллаһи, Уа,Алла менің қызым осы үйге қандай жақсы келін болса мағанда сонда келіндер нәсіп ет менің қызым Қайынатасын қалай сыйлап, құрметтесе адал қызмет етсе, бізге меніде сондай сыйлайтын құрметтейтін келін нәсіп қыл, осы әулетке осы отбасына қызым қандай абыройлы келін болса менің отбасыма әулетіме сондай келін нәсіп ет осы үйге қызым келіп болып нендей жақсы іс жасаса бізгеде сондай келін нәсіп ет Әумин деп бетімді сипап, батамды аяқтап қызыма қарасам қызым еңкілдеп жылап отыр екен.Ал, қызым орныңнан тұр, тіршілігіндегі істей бер енді осы үйге қайынатаңа не жасасаңда әкеме анама,төркініме жасап жатырмын деп, ойлап әулетіңе отбасыңа, қайынатаңа, үлкендерге қызметінді жасай бер дедім қызым әумин деп,бетін сипап орнынан тұрды.
Сонан бері біраз жыл өтті.Қызым барған жері туралы бір ретте шағым айтқаны жоқ.Құдаларым да келіндері туралы ешбір реншін айтқан емес Аллаға шүкір қызым мен күйеу балам тату-тәтті Алланың берген балаларын тәрбиелеп, атасына қызымет жасап, жақсы келін болып өмір сүріп жатыр.
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Комментарии 2
Өмірдің заңы ұзатылып, басқа шаңырақтың түтінін түтетіп, ұрпақ өсіру емес пе? Бастысы сол ортаға сіңісіп, түсінісу. Сыйластық бар жерге береке орнайды. Сөз терген пәлесіне жолығады. Бүгінгі келін, ертең өзінің ене боларын ойлап, ақылға салса бәрі де керемет болады.
Қарттарын қадірлеген бала-келін ақ бата алса өмірі нұрлы болып, жолы ашылар.
Ашу - дұшпан ғой, көбіне сабырлылыққа сала білу керек
Сыйлы жанға өмірдің сыйы да мол. Ақылың серік болсын