БІРІНШІ (қызыма):
Біз 1972 жылдары алыс ауыл ферма орталығында тұратынбыз. Ауылда ел аз болғанымен, қазақы тәрбиесі мол, сөздері ғибратты, істерінен көп үлгі алатын,қазақтың қаймағы бұзылмаған кешегі көшпенді тұрмыстың соңғы буындары, үлкен ақсақалдар мен әжелер көп болатын.
Сол оқиға болғанда бала болсам да әлі есімде. Сол жылдары нағашы жұртымда туған нағашы атам, нағашы әжем және басқа үлкен нағашы аталарымыз бен нағашы әжелеріміз түгелге жуық бар болатын. Жастардың үлкенді сыйлайтын, құрметтейтін, сөзін жықпай айтқанын қылатын, ақсақалшылықтың мықты кезі болатын. Тентегін топта тезге салатын, кісінің кемшілігін бетке айтып, жөнге салатын уақыт еді.
Осындай күндердің бірінде үйге таңертең анамыздың жақын екі жеңгесі келді. Нан ауыз тиіп болған соң, дастархан басында шешемізге үлкен жеңгесі:
- Үлкенқыз, есіттің бе, жоқ па?! Ана, Тентек қайным, орталықтағы сенің ағаң, жеңгеңе қол көтерген бе ... әйтеуір, Күнжан түнде келген машинамен үш баласымен ағаңнан айырылып келіпті. Әңгіме көпке жайылып кетпей тұрғанда, құданың үйіне барып, құда-құдағимен сөйлесіп, келіннің ашуын басып, ауылына қайтарайық. Сен де бірге жүр,- деді. Шешем:
- Ааа, не дейті, жақсы іс болмаған екен. Елден ұятты, барайық, ақылымызды айтайық, — деді.
Сонымен үш кісі үйден шығып жеңгесінің үйіне бара жатты. Мен де ілесіп, сол үйге бардым. Үлке қазақы киіз үйдің төрінде үлкен ақсақал отыр, жанында кемпірі және келін-баласы бар. Бұл кісілер кіргенде ақсақал аман-түгел сұрасып, жақсы қарсы алды. Кемпірі онша жылы қабақ таныта қоймайды. Үйде анамның айырылып келген жеңгесі жоқ екен. Әңгіме негізгі тақырыпқа көшкен кезде құдағи:
- Далаға тастар қызым жоқ, баяғы заман емес, қазір әйелдердің арқасына қамшы тиіп, таяқ жеп жүре беретін кез емес, қызымды неге сабайды, қандай ақысы бар, — деп, ашулана сөз бастап еді. Төрде отырған ақсақал жөткерініп, кемпіріне қарап:
‐- Жарайды, әңгімені көбейтпе, сөзді қой, үйге шақыр қызыңды,- деді. Үйге қызы келген соң, ақсақал:
‐ Қызым, болған жағдайдан хабарым бар. Жақсы іс болмапты. Мен күйеу балаға ренжіп отырғаным жоқ, қызым, саған өкпелеп отырмын, ісіңе көңілім толмай отыр. Оттасқандарыңа 7 жылдан асыпты, осы жылдары еріңнің мінезін "ұрлауға" ақылың жетпегенне көңілім толмай, өкпелеп отырмын. Отбасын құрған соң, әйел деген ерінің қас-қабағын бағып, мінезіне үйреніп, жас ұлғайған сайын еркектің артық-ауыс қылығын, жөнсіз мінезін түзеп отруы керек. "Ердің ер мінезі болады, кісі төзгісіз бір мінезі болады," сондай өмірге бейімделген әйел отбасын сақтай алады, баласын дұрыс тәрбиелей алады. Еркекті жас шағында ашумен, ерегіспен емес, төзіммен, ақылмен жеңесің. Еркектің жас кезінде қарсына келсең қаһары күшейеді, ашуы қатты болады. Ондайда тек сабырмен, шыдаммен төзесің, - деді. Ал, балам, бізді ұятқа қалдырма, сөзді қой, мына кісілермен бірге үйіне бар, бұл үйде қалма. Түсте орталыққа машина жүрейін деп жатыр, сол машинамен балаларыңды алып, ауылыңа қайт, "күйеуінің айырылып келіпті" деген сөз елге тарамай тұрғанда үйіңе барғаның дұрыс болар, кейін жайшылықта келгеніңде төркіндеріңе әрқайын жатып қыдырарсың ‐ деді. Ол кездері ер кісінің сөзі бұйрық. Айтса, орындалады. Шешемнің айырылып келген жеңгесі түстен кейін, машинамен орталықтағы үйіне қайтып кетті.
Сол кісілердің отбасында мұнан кейін ондай жағдай болды дегенді есіткенім жоқ. Осы күнге дейін 50 жылдай уақыт өтіпті. Сол кісілер сол үш баладан кейін де 3-4 ұл-қызды өмірге әкелді. Балаларын жақсы тәрбиелеп, аяқтандырды. Ұлдарын ұяға қондырды, қыздарын ұзатты, немере-шөбере көрді. Қазір нағашымыз жасы жетіп, қайтыс болды, ал әжеміз бар. Балаларының рақатын көріп, немере-шөберелерінің қызығы на батып жүріп жатыр.
"САБЫРЛЫҚ ТҮБІ - САРЫ АЛТЫН" деген.
ЕКІНШІ(анама, аға-жеңгелеріме):
Осы әңгімеге қарама-қарсы; ажырасқан екі жасты қосудың орнына, қайта ажырасып отырған келіншекке шешесі, жеңгелері, әпкелері "қосылма" "ажырас" тб ақыл бергендерді де көзіміз көріп, куә болдық. Соңында, қамқорсыған ана қартайып, қолдан күш кетті, жеңгелерінің байы қасында, өз отбасымен өз тіршілігімен кетті, әпкелерінің өз отбасының тіршілігі мойын бұрғызбады. Ешқайсысының бөліп берері жоқ. Ажырасқан күйеуі үйленіп кетті. Ақырында үш баламен қалып, бар ауырытпалықты көтеріп, не байдың рахатын, не баланың қызығын көре алмай, бірін екі қыла алмай жүр. Осы күні ержеткен ұл сөз ұқпай, анасына бағынбай, бойжеткен қыз айтқанын тыңдамай азып-тозып жүргендерді де көріп жүрміз.
ҮШІНШІ(құда-құдағиға):
Жас келін кезім, ақ пен қараны ажыратып жүрген кез десе де болғандай. Менімен бірге түскен көршіде кем де келін бар еді . Сөзіміз жарасып кетпесе де сəлеміміз түзу болатын. Ата-енесі жəне атасының шешесі яғни үлкен енесі де бірге тұратын. Келіні үнемі атасын мақтайтын жақсы кісі деп.
Бір күні үйіне бара қалсам ата-анасы келіп кіріп жатыр екен. Амандасып, қайта ізіммен қайтпақшы болғанымда үлкен ене шəй қойып, демдеп жібер деп бұйыра сөйледі. Ішке кірген құдаларға əп-сəтте шəй дайындадым. Құдалар ашулы, қызына араша түсуге келіпті.
- Енесі күн көрсетпейді екен. Барлық тірлігіне араласып, ақыл айтқыш көрінеді. Әр ісінен мін тауып баласына айдап салатынға ұқсайды деп құдағи келгеннен адуындана сөйледі. Құдамызға əңгіме жоқ, жақсы кісі деп сөзге араласты құда. Құдалас болғанда өзіме ұқсаған ақкөңіл жан екен деп құдасын мақтады келіннің əкесі.
Бағанадан үнсіз тыңдаған үлкен əже айтарларыңды тыңдадық, ал енді мені тыңда деп даусы қатқыл шықты.
Мақтап отырған құдаларың ол менің ұлым. Кезінде ішті, шекті, ұрды, жанжалдың түрін көрсеткен. Соның барлық жаманын жасырып, жақсы кісі болуына мына сендер жамандап отырған келінімнің үлесі зор. Мені ене деп сыйласа ұлымды ерім деп сыйлады. Бір ауыз əй дескен жоқ бізбенен. Сондай əйел тірлігіне араласып ақылын уйретсе мына сенің де қызың жаман қатын болмас еді. Енеден жыю, ерінен тыю көрсе ақылды ана болары сөзсіз. Құдам өзім сияқты жақсы дейсіңғой құда бірақ тап саған ұқсаса өзім ақ тепкілеп тастар едім. Аздаған қиыншылыққа шыдамаған, əрбір істі анасына əсерелеп айтқан қызға ақыл айтудың орнына, мəн жайды анықтамай қатынның айтқанына еріп босағама ашумен келіп отырған сізге менің балам ұқсамай ақ қойсын. Қатыны би уйден қыз алма деуші еді, мен еркегі би уйден қыз алдым деп үміттенемін. Осы айтқаныма көнсең шəй ішіп ет жеп қонағым бол, көнбесең қызың əне ұстамаймын. Маған 25 жыл қызмет қылған келінімді жамандауға құқыларың жоқ, кеше келіп төр менікі деген қызың адам болсын десең осы қатынға тапсыр. Ада болсын десең батамды берем жолы болсын деп сөзін аяқтады. Үнсіздіктен соң шəйға бата жасалып құда құдағай уйден шыққанша асықты. Қызы мен əйеліне бір ауыз сөз сөйлетпей ізіне қайтты.
Кəзір сол келіншек бақытты ана суйікті келін. Əжеміз өмірден өтседе сөздері əлі есімде. Осы əжедей отбасы ұйытқысы болсақ, əдемі қартайсақ кəнекей....
Оңдасын Оразов.
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Комментарии 6