Өсек, ғайбат айту – ешкімге абырой әкелген емес. Бастысы өсек таратудың қаншалықты күнә екенін ескеріп, ұмытпауымыз керек. Сол үшін келесідей кеңестерге құлақ түру бір көмегін берер.
Өсек айтпайтындай қалыпқа еніп, табандылық танытыңыз. Сонымен қатар, өсек тыңдаудан аулақ болыңыз әрі оны біреуге жаюдан да. Егер де әңгіме біреудің мінін талқылауға түсіп кетсе, әңгімені басқа жаққа бұруға тырысыңыз. Өсек туралы ел арасында таралған мақал-мәтелдер де жетерлік. Солардың бір парасын назарларыңызға ұсынамыз.
---Әзілде кек жоқ, өсекте шек жоқ.
---Сенімен қосыла жамандасқан, сені сыртыңнан да жамандайды.
---Өсектің уыты уақытында.
---Аяғы жаман төрді былғар, аузы жаман елді былғар.
---Өсекке керең бол, ойға терең бол.
---Жол қуған қазынаға жолығады, сөз қуған пәлеге жолығады.
---Өсек сөз өгізді де өлтіреді.
---Бұралқы сөз – бұтыма.
---Асыға айтсаң да, асыра айтпа.
---Игілік істі өсек бұзады.
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Комментарии 7
Это верно, сплетни это яд, не нужно слушать сплетни вообще, нужно ответить говорящему сплетни :- я ничего не хочу слушать про других и никого не вижу , только я себя вижу, меня не интересует что они делают, я только собой занята, и сплетник сразу же замолчит потому что не будет продолжения, поймёт что никто не поддержит его разговори сам замолчит, надо так наказать болтающего, наверное одумается хоть на минутку