Алматыда өткен конференцияда бірнеше азаматтар өз оқиғаларын айтып берді. Мысалы, Қазақстанға жолға шыққалы отырған 48 жастағы Рысхан Мағадиев тамыздың 14-інен бастап туғандарымен хабарласуды қойған. Ал тамыздың 17-сі күні болса жұбайы Рысханды іздеу мақсатымен бір күндік визамен Қытайға өтіп, құқық қорғау органының өкілдеріне жолығады. Бірақ олар отағасының қамалғанын растағанымен, не себепті ұсталғаны туралы мәлімет бермеген. Бұны тұтқындалған Мағадиевтің анасы айтты. Тағы ұқсас жағдай: 13 жастағы Есберген Жалғас бір жылдан бері әке-шешесін көре алмай отыр. Шешесі Мұхтархан Анаргүл – Қазақстан азаматы екен. Жеке сапармен Қытайға барғанда ұсталып, саяси үйрену лагеріне жіберілген. Яғни, Қытай елі Қазастанда туған азаматтарды да тұтқынға алуда ма? Шындықты айтамыз:
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Нет комментариев