Әдемілігі мен әурелігі қатар жүретін қыс мезгіліне дайындық қалай? Ауа райына байланысты қар тазалау жұмыстарын арнайы бақылауда.
Тобыл кенті мен Приозерный ауылы қысқы жол тазалау жұмысы «Казарин» ЖШ-не жүктелген. Арнайы трактор, КамАЗ-дар мен грейдерлер жұмылдырылып, жұмыстарын тоқтаусыз жалғастыруда. Ауыл аумағындағы автокөлік және жаяу жүргіншілер жолдарында төтенше жағдайлар туындамас үшін тазалық жұмыстарын атқарып жатыр. Қар тазалау жұмыстарын үшін , «Казарин» ЖШ ұйыммен 2025 жылға 7735 мың теңгеге келісімшарт жасалған. Қазір өңірде қар күреу жұмыстары толассыз жүргізілуде. Бірінші кезекте қарқынды қозғалыс учаскелері, әлеуметтік маңызы бар нысандар мектеп, аурухана және орталық көшелер мен аяқ жолдарды, тротуарлар мен әлеуметтік нысандарға кірме жолдар, алаңдар, вокзал маңындағы аумақтар қардан тазалау жұмыстарына аса мән беріліп отыр. Бұл бағытта арнайы техникалар жұмылдырылды. Механикаландырылған тазалау мен қар күреу сыпыру-жинау машиналарымен және сыпыру тракторларымен жүргізіледі. Қар тазалау жұмысында іркіліс жоқ. Сондықтан осы қарқыннан таймай, қыстың әлегіне әзір отырайық.
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Нет комментариев