Бұл қазақта көнеден келе жатқан түсінік.
Әр сөздің астарында терең мағына мен талай ұрпаққа татырлық тәрбие бар халықтың осы бір ауыз сөзінен де өрісі кең өнеге алуға болады. Расында күлдіре отырып ұрпақты күлкі болмауға баулитын, қоғамның ақ пен қарасын қатар көрсетіп, елге ой салатын талай қағытпа қалжыңдар мен әзіл-сықақ төңірегінде жүрген талай театрдың, театр әртістерінің өнері қазаққа қай кезден-ақ мәлім. Өлкесінде өнер, тілінде қасиет бар Тобыл өңірі де мұндай бағыттағы бастамалардан бір сәт шет қалған емес. Оған біздің бүгінгі айтқалы отырған әзіл-сықақ кеші дәлел.
Елубай Өмірзақов атындағы аудандық Мәдениет үйінде әзіл-сықақ кеші өтті. Өнер ұжымының астарлы әзіл мен терең мағынаға толы қойылымдарын тамашалауға жиналған қауымды театр актерлері қоғамдағы түрлі келеңсіздіктерді қалжыңға айналдырып, көрерменнің жүзін күлкіге бөледі. Ал, өнер сүйер қауым өнер иелерін ұзақ шапалақпен құрметтеді.
Кеш шымылдығын театрдың әртістері Жүрсін Таңатқан мен Нөпіров Мархабат ашты. Зыбалева Айман, Нағашыбай Жәнібек, Балтабаев Айбек, Ануарбеков Асан, Қуантай Әділбек, Есімгалиева Қуанышгүл сынды талантты актерлер сахна төрінде ерекше өнер көрсетіп, көрермендерді күлкіге қарық қылды. Кешке келген көрермендер ерекше әсермен тарқасып, театрдың ой саларлық әзілдері мен қалжыңдары көрерменнің жүрегінен орын тапты.
Тәрбие мен адамгершілікке баулып, жаман әдет, жат қылықтан аулақ болуға шақыратын, өткір әзілдер арқылы қоғамның бірқатар түйткілді мәселелерін түйреген әзіл-сықақ театры әртістері жыл сайын өз репертуарын кеңейтіп, тәжірибесін дамытып, көрермен ықыласына бөлене берсін демекпіз.
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Нет комментариев