Жаңа жылдың басты қонағы болған Аяз ата мен Ақшақар қыз келіп, шыршаны жағып, жиналған қауымды қуанышқа бөледі.«Ескі жылды есіркеп, жаңа жылды жарылқайық» деп Жылан жылын қарсы алды. Шырша айналасында Аяз Ата мен Ақшақар және ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен қызықты қойылымдар көрсетілді. Қатысушылар ән айтып, өлеңдер оқып, түрлі ойындарға белсенді түрде қатысып, өз өнерлерін ортаға салып, тәтті сыйлықтарға ие болды. Жаңа жыл мерекесін өткізуде Тобыл жеке кәсіпкерлері демеушілері көмек көрсетті.
Жаңа жыл – бұл жаңа үміттер мен армандарға толы ерекше мереке. Баршаңызға бақыт, денсаулық, береке тілеймін. Әр отбасының шаңырағы шаттыққа толсын. Елімізде тыныштық пен келісім орнап, әрбір адамның жүрегінде мейірім мен өзара түсіністік салтанат құрсын. Жаңа жыл тек жақсылық әкелсін!
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Нет комментариев